Имам ғазали жүректің сырлары


Жамағатпен намаз оқудың сауабы



Pdf көрінісі
бет163/193
Дата07.09.2023
өлшемі2.84 Mb.
#476857
1   ...   159   160   161   162   163   164   165   166   ...   193
Жүректің сырлары T.a

Жамағатпен намаз оқудың сауабы 
Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Жамағатпен оқылған намаз жеке оқылған намаздан 
жиырма жеті дәреже жоғары тұрады», – деген. 
Әбу Һурайра (р.а.) былай деп еске алады: «Бір мәрте кейбіреулер жамағатпен 
оқылған намазға келмей қалды. Сонда Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Намаз сәтінде біреуді 
орныма дайындап қойып, жамағаттан қалғандардың үйлерін өртейін деп ойладым» 
деген». 
Тағы бір риуаятта бұл хадистің аяғы: «... Содан соң жамағаттан қалғандарға барып, 
отпен үйлерін өртеуді бұйырайын деп ойладым. Егер бұлардың бірі майлы сүйек не екі 
сирақ алатынын білсе (құптан намазына) келер еді» деп аяқтайды. 
Әзірет Осман (р.а.): «Құптан намазын жамағатпен оқыған кісі түннің жарымын, таң 
намазын жамағатпен оқыған кісі түнін толығымен ғибадат жасап өткізгендей болады», 
– деп айтқан. 
Алла Елшісі (с.а.с.) «Бес уақыт намаздың біреуін жамағатпен оқыған пенде тамағына 
шейін ғибадатқа толады», – деп айтқан. 
Саид ибн Мұсайяб (рахматуллаһи аләйһи): «Жиырма жылдан бері азаншы азан 
айтып жатқанда мен мешітте болам», – деген. 
Мұхаммед ибн Уаси былай дейді: «Бұл дүниеден үш нәрсе ғана қалаймын. Олар: 
1) Жолдан тайғанда мені түзелтетін діндес бауыр; 
2) Ешкімге мұқтаж болмай жан бағатындай адал кәсіп; 
3) Кемшілігі менен кешірілген және сауабы маған жазылған жамағат намазы». 
Риуаятқа қарағанда Әбу Убайда ибн Жаррах бір мәрте намазда жамағатқа имам 
болып, намаздан кейін: «Шайтан мені азғырып, өзімді басқалардан артық көруге 
азғырды. Бұдан кейін ешқашан имамдық қылмаймын», – деген. 
Хасан Басри: «Ғалымдармен бірге жүрмеген кісінің артында намаз оқымаңдар», – 
деп айтқан. 
Нахаи: «Білмей тұрып имам болған адам аз-көбін айырмай тұрып теңізде су өлшеген 
кісіге ұқсайды». 
Хатамул-Асам: «Бір мәрте жамағат намазға үлгермей қалып едім, Әбу Исхақ Бұхари 
ғана көңіл айтып келді. Егер бір перзентім өлсе, он мыңнан астам кісі көңіл айтып келер, 
өйткені адамдар дін жайындағы жоғалтуға дүниеге байланысты жоғалтудай мән 
бермейді», – дейді. 
Ибн Аббас (р.а.): «Азанның үнін естіп тұрып, оған жауап беріп бармаған кісі 
жақсылықты қаламайды және жақсылық та оны қаламайды», – деген. 
Әбу Һурайра (р.а.): «Адамдардың құлағына еріген қорғасын құйылуы, азанды естіп 
тұрып шақыруға жауап бермегенінен жақсырақ», – деп айтқан. 
Риуаятқа қарағанда Маймун ибн Михран бір күні мешітке келсе, оған жамағаттың 
тарап кеткенін білдіреді. Сонда ол: «Біз Алланың мүлкіміз және оған қайтамыз. Намаз 
мен үшін Ирак патшалығынан да сүйіктірек», – деп айтқан. 
Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Кім қырық күн намазын бірінші тәкбирден қалмай 
жамағатпен оқыса, Алла оны екі жүзділіктен және тозақтан құтқаратындығын 
тағдырына жазады»
573
 
деген. 
573
 
Әл-илалул мутанахия, 1/435. 
Риуаятқа қарағанда қиямет күн келгенде кейбір кісілер жұлдыздай жарқыраған 
жүзбен махшар алаңына келеді. Періштелер олардан «Фәни дүниеде қандай іс 
жасадыңдар?» – деп сұраса, олар: «Азанды естігенде басқа нәрсемен әлектенбей, 


237 
дереу дәрет алуға жөнелетінбіз», – деп жауап береді. Олардың артынан тағы бірнеше 
кісі жүзі айдай жарқырап Махшарға келеді. Олар періштелердің жоғарыдағыдай 
сұрағына «Намаз уақыты кірісімен дәрет алатынбыз», – деп жауап береді. Олардың 
артынан келгендердің жүзі күндей жарқырайды. Олар бұл сұраққа «Әрдайым азанды 
мешітте отырып еститінбіз», – дейді. 
Тағы бір мағлұматқа қарағанда алғашқы мұсылмандар бірінші тәкбирге жетпей 
қалғанда үш күн, жамағат намазға үлгермей қалғанда жеті күн аза тұтатын еді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   159   160   161   162   163   164   165   166   ...   193




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет