Имам ғазали жүректің сырлары



Pdf көрінісі
бет188/193
Дата07.09.2023
өлшемі2.84 Mb.
#476857
1   ...   185   186   187   188   189   190   191   192   193
Жүректің сырлары T.a

Табыт, қабір 
Өлік салынған табыт – көре білген пенделерге үлкен сабақ. Ал енді ой-сезімсіз кісілер 
үшін ешқандай маңызы жоқ, бар болғаны оларды қайғыға ғана салады. Өйткені олар 
басқалардың табытын көріп жатырмын деп қана ойлайды. Ерте ме, кеш пе, өздері де 
сол табытқа түсерін ойламайды. Бәлкім, ойлайды, бірақ оны өзінен өте ұзақ көреді. 
Сол табыттың ішіндегілер де өлім өте ұзақ деп жүргендер бұрын. Бірақ олай болмады. 
Өмірінің аяғы кенеттен кіріп келгендей болды. Өлік салынған табытты көрген әрбір кісі 
оның ішінде өзі жатқандай қабыл алуы керек. Өйткені көп ұзамай-ақ ол да сол 
табыттың ішіне түседі. 
Ағмаш: «Жаназаға қатысқанымызда бәріміз жылағанымыз үшін кіміміз кімімізді 
жұбатуды білмей қалушы едік», – деген. 
Сабит әл-Бунани былай дейді: «Жаназа жоралғыларына қатысқанымызда басын 
жерге салып жыламаған кісіні көрмес едік». 
Алғашқы мұсылмандар өлімнен сондай қорықты. Қазір болса жаназаға қатысқан 
кісілердің көпшілігі құлпырып-жайнап, марқұм артында қандай мирас қалдырғаны және 
оны қайтіп бөлісетіні туралы ғана сөйлескенін көреміз. Марқұмдардың жақындары
ағайын-туғаны қандай жолмен мирастан көбірек үлес алып қалу жолын ойлап, ешбірі 
өзі табытқа жатып қалғанда басына қандай түйсік түсеріне бас ауыртқысы келмейді. 
Мынадай немқұрайды жағдай жүректердің күнәмен қапталып қатып қалғанын білдіреді. 
Міне, сондықтан Алланы, ақырет күнін және алдымыздағы қорқынышты жағдайларды 
ұмытып, бізге пайдасы болмаған нәрселермен әлек болып жүреміз. Алла бізді осындай 
немқұрайдылықтан және сезімсіздіктен құтқарсын! Жаназаға қатысқан кісілердің 
орынды іс-әрекеті өлікке жылау ретінде көрінеді. Негізі, ақиқатты білсе, өлікке емес, 
өздеріне жылар еді. 
Ибраһим Заййад өлікке жылап жатқандарды көріп: «Өздеріңді аяп жыласаңдар, тағы 
пайдалырақ болады. Өйткені бұл марқұм үш нәрседен өтті кетті. Біріншісі, өлім 
періштесінің жүзін көрді. Екіншісі, өлімнің ащы дәмін татты. Үшіншісі, ақырғы демдегі 
қорқыныштан құтылды», – деген. 
Әбу Амр ибн Ала былай дейді: «Бір күні белгілі ақын Жарирмен бірге отырған едік. 
Ол хатшысына өлең жаздырып жатты. Міне, сол сәтте жаназа келіп қалды. Жарир үнсіз 
қарап тұрды да «Құдай куә, бұл жаназалар мені қартайтты», – деді. 
Өлімді ойлап, одан сабақ алу «ақырғы сапарға» дайындалу, табытты көтеріп келе 
жатқанда байсалды болу, өлген кісі күнәһар болса да ол туралы жаман ойда болмау – 
жаназаға қатысқандардың әдебінен. Пенде өзін-өзі сынға алып, айыптасын, бірақ өлік 
туралы жаман ойда болмасын. 
Бір кісі Пайғамбарымызға (с.а.с.) келіп: «Уа, Алланың Елшісі, адамдардың арасында 
нәпсісіне мойынсұнудан тез құтылып кететіндар кімдер?» – деп сұрағанда
Пайғамбарымыз: «Қабірді, өзін күтіп тұрған бәлелерді ұмытпаған, дүние 
қызықшылығынан бас тарта алатын, мәңгілік нәрсені уақытша нәрседен артық көрген 
және өзін қабірдегілердің қатарындамын деп есептеген пенде нәпсісін тез тізгіндей 
алады», – деп жауап берді. 
Әзірет Алиден: «Неге қабірстанға жақын жерде тұрасыз?» – деп сұрағанда, 
«Қабірстандағылар – менің ең жақсы көршілерім. Олар тілді жаман сөзден тыйып, 
ақыретті еске салып тұрады», – деп жауап берген. 
Әзірет Осман (р.а.) жол бойында қабір көрсе тоқтап, сақалы су болғанша жылайды. 
Бір күні одан: «Пейіш пен тозақ туралы айтылғанда мұншалық жыламайсың дағы
мазардың жанына келгенде неге тоқтай алмай қаласың?» – деді. Осман (р.а.) оларға: 


274 
«Мен Алла Елшісінің «Қабір – ақырет сапарының алғашқы аялдамасы. Егер пенде 
қабірдегі сұрақтан аман шықса одан арғы жағы жеңіл болады. Егер ол жердегі сұрақтан 
аман шықпаса, одан арғысы қиын болады»
644
 
деп айтқанын естігенмін», – деп жауап 
берді. 
644
 
Тирмизи, 2308; Сахихул Жамиғ 1684. 
Мужаһидтің айтуынша, адамзат өлгенде қабір шұңқыры оған бірінші болып: «Мен – 
құрт-құмырсқалардың мекенімін. Мен – жалғыздық, құсалық және қараңғылықтың 
мекенімін. Мен саған қазірше соларды дайындап қойдым. Сен маған қандай 
дайындықпен келдің?» – деп айтады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   185   186   187   188   189   190   191   192   193




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет