Дипломатиялық және мемлекеттік құжаттарды рәсімдеу



Pdf көрінісі
бет168/173
Дата12.09.2023
өлшемі2.02 Mb.
#477250
түріДиплом
1   ...   165   166   167   168   169   170   171   172   173
Борибаева С.Қазақ тілінде дипломат

 
 
29-тапсырма. Мәтінді оқып, еліміздің әріптестік қатынастары жөнінде 
сұхбат дайындаңыз. 


217 
Елшімен болған кездесу 
Қазақстанның Иорданиядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Болат 
Сәрсембаев Амман қаласында Иорданияның бизнес-элита өкілдерімен кездесті. 
Кездесу барысында Елші жиналған қауымды Қазақстанның саяси және 
экономикалық салалардағы жетістіктерімен, Қазақстан-Иордания қарым-
қатынастарымен таныстырды. Сондай-ақ ол Қазақстанның былтырғы ЕҚЫҰ-ға 
төрағалығының қорытындысы мен еліміздің Ислам конференциясы ұйымына 
биылғы төрағалығының жоспары туралы сұхбат берді.
(«Ана тілі» газетінен) 
 
 
СОӨЖ тапсырмасы. «Сыртқы істер министрлігі» сайтынан
«Қазақстан 
Республикасының 
халықаралық 
шарттары 
туралы» 
тақырыбында пікірсайыс өткізу. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 


218 
ЛЕКСИКАЛЫҚ - ГРАММАТИКАЛЫҚ ТЕСТ 
 
1. Мемлекеттік биліктің жоғарғы органының халықаралық шартты бекітуі қай 
терминнің мағынасы? 
а. делимитация 
ә. конвенция 
б. ратификация 
в. демаркация
2. «Осы Жарлықтың орындалуын бақылау» – тұрақты орамның аудармасы қай 
қатарда? 
а. контроль за исполнением настоящего приказа 
ә. контроль за исполнением настоящего устава 
б. контроль за исполнением настоящего Указа 
в. контроль за исполнением настоящего постановления 
3. Бұйрық райлы етістік қай қатарда? 
а. тағайындалсын 
ә. жүктелді 
б. жүзеге асыру 
в. жүктеледі
4. Сөздер мен сөз тіркестерінен сөйлем құраңыз: 
Қол қойылған, енгізіледі, күнінен бастап, Жарлық, қолданысқа, осы. 
5. «Шапағат» Қазақстан Республикасының Мемлекеттік наградаларының қай 
түріне жатады? 
а. орден 
ә. медаль
б. ең жоғарғы дәрежелі ерекшелік белгі 
в. значёк 
6. Дұрыс, дұрыс емес? 
«Алтын Қыран» ордені Қазақстан Республикасының ең жоғары дәрежелі 
ерекшелік белгісі болып табылады. 
7. Дұрыс, дұрыс емес?
«Алтын Қыран» орденімен марапаттау үшін кандидатураларды Қазақстан 
Республикасының Президенті анықтайды. 
8. Қай сөздің аудармасы дұрыс берілмеген? 
а. взыскание – жаза
ә. взнос – жарна
б. виза – бұрыштама 


219 
в. ведомость – тізім 
9. 
«Вступает в силу» тұрақты орамның аудармасын табыңыз:
а. жүзеге асырылды 
ә. марапаттау 
б. талқыланды 
в. күшіне енеді 
10. «Нұсқаулықта» сөзі қай септікте тұр? 
а. Жатыс 
ә. Барыс 
б. Табыс 
в. Шығыс 
11. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туының авторы қай қатарда? 
а. Ж. Мұқанов 
ә. А. Аронов 
б. Ш. Ниязбеков 
в. Ш. Уәлиханов 
12. Қай құжатта қаулы қабылданады? 
а. хаттама 
ә. бұйрық 
б. жарлық 
в. жарғы 
13. Бұйрық райлы етістікті табыңыз: 
а. жүктелсін 
ә. жүктелді 
б. жүктелген 
в. жүктеледі 
14. Есімшелі тіркесті табыңыз: 
а. қаулы қабылданды 
ә. кеңейтілген мәжіліс 
б. заң бекітілді 
в. мәжілісте қаралды
15. «Күші жойылды деп танылсын» тұрақты орамның
аудармасын табыңыз:
а. оказывать содействие 
ә. проводить экспертизу 
б. вывести из состава 
в.
признать утратившим силу 


220 
16. Көмектес септігімен байланысып тұрған сөз тіркесі қайсы? 
а. белгіленген тәртіп 
ә. белгіленген тәртіппен 
б. белгіленген тәртіпте 
в. белгіленген тәртіпті 
17. «Тапсырылсын» бұйрық райлы етістігі қай қатарда?
а. обязать 
ә. поручить 
б. назначить 
в. проверить 
18. «қарар» сөзінің аудармасын табыңыз: 
а. Постановление 
ә. Указ 
б. Резолюция 
в. Устав 
19. Тұйық етістік тұлғасын табыңыз: 
а. мазмұндады 
ә. мәлімдеген 
б. мақұлдау 
в. мақұлдапты 
20. Тәуелдік жалғауының 3-жағында тұрған сөзді табыңыз: 
а. негіздемесін 
ә. негіздемені 
б. негіздемемен 
в. негіздемеде 
21. «компромисс» сөзінің баламасын табыңыз: 
а. жариялау 
ә. деректеме 
б. дерек
в. ымыра 
22. «Мекеме немесе кәсіпорын қызметкерлеріне байланысты қандай да бір 
міндетті шешу үшін кәсіпорын немесе мекеме басшысы шығаратын ресми 
нормативтік құжат» қай қатарда? 
а. бұйрық 
ә. жарлық 
б. акт 
в. жарғы 


221 
23.
«Заң тармақшасына ...» тұрақты орамды аяқтаңыз: 
а. сәйкес 
ә. үшін 
б. дейін 
в. соң 
24. Дұрыс, дұрыс емес?
«Жарғы мекеме, ұйым, кәсіпорынның жалпы мәжілісінде, жиналысында немесе 
ғылыми кеңесінде бекітіліп, қабылданады». 
25. «Өндірістік өкілеттіктер мен қызметкердің міндеттерін реттейтін құжат» 
қай қатарда? 
а. нұсқаулық 
ә. бұйрық 
б. жарғы 
в. жарлық 
26. «Ұсыныс жасалды» етістің қай түрі? 
а. ортақ 
ә. өздік 
б. өзгелік 
в. ырықсыз 
27. Қай сөз тіркесінде септеулік шылау бар? 
а. жарияланғаннан кейін 
ә. жариялауға жатады 
б.
осы Жарлық 
в.
тиісті іс-шаралар 
28. Қай сөздің орысша аудармасы дұрыс берілмеген? 
а. тоқсан сайын – ежеквартально
ә. 
ұйымның мөрімен расталған – заверенные печатью организации 
б. 
қаулы етемін – постановляю 
в. қысқа мерзімді – долгосрочный 
29. III жақтағы тәуелдік жалғаулы сөзі бар тіркесті көрсетіңіз: 
а. Конституциялық заң күші бар 
ә. заңға сәйкес
б. заңда көзделген 
в. мемлекеттік жәрдемақы 
30.
« ... бұйрықтың орындалуын бақылау» - сілтеу есімдігін қойып оқыңыз: 
а. ешқандай 
ә. барлық 


222 
б. көп
в. осы 
31. «Лауазымдық нұсқаулық ...» тиісті шылауды қойыңыз: 
а. сайын 
ә. тәрізді 
б. бойынша 
в. соң 
32.Шартты райлы етістікті көрсетіңіз? 
а. ұсыныс жасалса 
ә. ұсыныс жасалды 
б. ұсыныс жасау 
в. ұсыныс жасаған 
33.Үндестік заңына бағынбайтын септік?
а. Атау 
ә. Ілік 
б. Жатыс 
в. Көмектес 
34. Есімше жұрнағы арқылы жасалынған сөз тіркесін табыңыз: 
а. нақты деректер 
ә. нақтыланған деректер 
б. нақты деректерді 
в. нақты деректерде 
35. «Күші жойылды деп ...» тіркесті аяқтаңыз: 
а. танылсын 
ә. жазылсын 
б. жүктелсін 
в. әзірленсін 
36.Тіл туралы, оның мемлекеттік дәрежесі қай баптарда айтылған? 
а. 8 
ә. 15 
б. 7,9 
в. 11 
37. «Демеулік», «септеулік», «жалғаулық» деген сөздер неге тән? 
а. Есімдер 
ә. Зат есім 
б. Шылау 
в. Оқшау сөздер 


223 
38. Болымсыз етістікті көрсетіңіз:
а. көрсетілген қаулымен бекітіліпті 
ә. көрсетілген қаулымен бекітілмек 
б. көрсетілген қаулымен бекітілер
в. көрсетілген қаулымен бекітілмеген 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   165   166   167   168   169   170   171   172   173




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет