халықаралық
ұйымдармен
қатынастар
Халықаралық шарттарды жасасу мәселелерi бойынша шет мемлекеттермен
немесе халықаралық ұйымдармен қатынастар Қазақстан Республикасының
Сыртқы
iстер
министрлiгi
арқылы
жүзеге
асырылады.
7-бап. Халықаралық шарттардың тiлi
1. Екіжақты халықаралық шарттар, әдетте, келiссөздерге қатысушы
тараптардың мемлекеттiк тілінде жасалады. Тараптардың келiсуi бойынша
халықаралық шарттардың тілі ретiнде өзге тiл таңдап алынуы мүмкiн.
2. Көпжақты халықаралық шарттар келіссөздерге қатысушы тараптардың
келiсуi бойынша белгiленетiн тiлдерде жасалады
26-бап. Депозитарий функцияларын жүзеге асыру
1. Қазақстан Республикасының көпжақты халықаралық шарттарының
депозитарийі функцияларын, егер осы халықаралық шарттардың талаптарына
сәйкес мұндай функциялар Қазақстан Республикасында жүктелген болса,
Қазақстан Республикасының сыртқы істер министрлігі жүзеге асырады.
2. Қазақстан Республикасының орталық мемлекеттiк органдары өз атынан
жасалған көпжақты халықаралық шарттардың депозитарийi функцияларын,
егер осы халықаралық шарттардың талаптарына сәйкес мұндай функциялар
Қазақстан Республикасының орталық мемлекеттiк органдарына жүктелген
болса, Қазақстан Республикасының орталық мемлекеттiк органдары жүзеге
асырады.
3. Көпжақты халықаралық шарттардың депозитарийi функцияларын
орындайтын шет мемлекеттер органдарымен, халықаралық ұйымдармен немесе
олардың басты атқарушы лауазымды адамдарымен хат-хабар алмасуды
Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлігі жүзеге асырады.
32-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі
1. Осы Заң ресми жарияланған күнінен бастап екі ай өткен соң қолданысқа
енгізіледі.
2. Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының
халықаралық шарттарын жасасу, орындау және күшін жою тәртібі туралы"
1995 жылғы 12 желтоқсандағы № 2679 заң күші бар Жарлығының (Қазақстан
Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., № 23, 144-құжат) күші
жойылды деп танылсын.
215
Достарыңызбен бөлісу: |