57
2. Тауардың бағасы біріншы айда 10%-ға арзандап, екінші айда 10%-ға
қымбаттады. Тауардың соңғы бағасы алғашқы
бағамен салыстырғанда қалай
өзгергенін табыңыз.
А) қымбаттады В) арзандады С) өзгермеді D) 10%-ға арзандады
Е) 10%-ға қымбаттады.
3. Фотоаппараттың бағасын екі рет бірдей процентке арзандатқанда, оның
бағасы 300 теңгеден 192 теңгеге түсті. Фотоаппараттың
бағасы екі ретінде де
неше процентке арзандатылған?
А) 10% В) 20% С) 30% D) 40% Е) 50%
4. Бағасы 3750 тг зат екі рет қымбаттады. Бірінші рет 14%-ке және екінші рет
сол қымбаттаған бағасы 8%-ке қымбаттады. Заттың соңғы бағасын табыңыз.
А) 4517 тг В) 4017 тг С) 4600 тг D) 5100 тг Е) 4617 тг
5. Компания өнімінің құны 1-айда 25%-ға көтеріліп, 2-айда 40%-ға түсті.
Өнімнің өзіндік құны қанша пайызға түскенін табыңыз.
А) 10% В) 20% С) 25% D) 40% Е) 50%
6. 10%-дық өсіммен 200000 тг банкке қойылды. 3
жылдан соң жалпы ақша
қанша болатынын табыңыз.
А) 300000 тг В) 250000 тг С) 266200 тг D) 256000 тг Е) 272000 тг
7. 15%-дық өсіммен бір жылға банкке салған ақша жыл соңында 230000 тг
болды. Жыл басында банкке қанша ақша салынғанын табыңыз.
А) 300000 тг В) 250000 тг С) 200000 тг D) 260000 тг Е) 270000 тг
8. Белгілі бір пайызбен банкке салынған 500000 тг ақша жыл соңында 600000 тг
болды. Ақша неше пайыз өсіммен салынғанын табыңыз.
А) 10% В) 20% С) 25% D) 15% Е) 12%
9. 10%-дық өсіммен 300 000 тг банкке қойылды. Неше жылдан соң жалпы ақша
330000 тг болатынын табыңыз.
А) 1 В) 2 С) 3D)4 Е) 5
10. Бағасы 100000 тг зат 3 рет бірдей 10%-ға қымбаттады.
Заттың соңғы
бағасын табыңыз.
А) 133100 тг В) 125000 тг С) 120000 тг D) 128000 тг Е) 126400 тг
Достарыңызбен бөлісу: