Білім алушыларды тәрбиелеуде қҰндылықҚа бағытталған тәсілді жүзеге асыру бағдарламасы



Pdf көрінісі
бет134/250
Дата14.09.2023
өлшемі5.22 Mb.
#477514
түріБағдарламасы
1   ...   130   131   132   133   134   135   136   137   ...   250
құндылыққа негізделген 1 бөлім

8. Ұлттық дәстүрлер мен ғұрыптарды сақтауда ата-аналармен
мемлекеттік және үкіметтік емес ұйымдармен байланыс 
1. «Бала тәрбиесіндегі ұлттық дәстүрлер мен ғұрыптар» (нысаны, әдісі,
бағыты және жұмыс мазмұны) семинар өткізу;
2. «Қазақстан халқы ассамблеясы – ұлттық дәстүрлер мен ғұрыптар»
қоғамдық форумын өткізу; 
3. «Ата-баба дәстүрі» балалар мен жасөспірімдерге арналған ұлттық
телебағдарламалар құру; 
4. Наурыз мерекесін тойлауға байланысты: 
- «Тепе-теңдік» күні; 
- «Ұлттық тағамдар» күні; 
- «Ұлттық өнер» күндері; 
- «Ұлттық ойын» күндері (ұлттық ойындарды жаңғырту, қазақ
жеріндегі ежелгі және орта ғасырдағы ойындар); 
- «Ұлттық өнерді жаңғырту»; 
- «Құт-береке» күні; 
- «Табиғатпен адамның тіл табысу»; 
- «Қазан көтеру» рәсімі; 
- «Ұлттық караоке, күйшілер тартысы, айтыс, жыр-термелер»; 
- «Аңыз әлемінде» таетрландырылған қойылым; 
- «Наурыз бата»; 
- «Наурыз дәстүрлері»; 


298 
- «Наурыздың табиғи нышандары»; 
- Қара өлең, ғұрыптық сарындар (жарапазан, сыңсу, көрісу), қиса,
дастан, термелер.
 
Оқу-тәрбие процесіне дәстүр мен ғұрыпты дәріптеу негізінде мектеп 
директорлары және директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларына 
әдістемелік ұсынымдар 
Мұғалім өзінің тәрбие процесінде жұмыстың ең тиімді түрлерін 
қарастыруы және қолдануы керек. Ол үшін эстетикалық тәрбиенің 
мазмұнын, формалары мен әдістерін анықтауда біржақтылық пен 
кездейсоқтықты болдырмау үшін балалармен және жасөспірімдермен 
тәрбие ортасын құру қажет. Мұндай жүйенің маңызды элементтері: 
ғылыми негізделген мазмұн, оны үнемі кеңейту және тереңдету, 
ұжымдық және жеке іс-әрекеттің нысандары мен әдістерін дұрыс 
таңдау, оларды үнемі өзгерту және күрделендіру, өзектендіру, 
әртүрлілік және жан-жақтылық және жас ерекшеліктері мен жеке 
мүдделерді ескеру. Балалардың бастамасы мен ынтасын дамытуға 
бағытталған шебер педагогикалық басшылық оларға клубтық 
құрылымдардағы шығармашылық арқылы сұлулық әлеміне қосылуға, 
қазақ халқының шығармашылығын, халық өнерін, ұлттың салт-
дәстүрлерін түсінуіне және сүйіспеншелеген арттыруға мүмкіндік 
береді. 
Мұғалімдердің, 
тәрбиешілердің, 
клуб 
құрылымдарының 
жетекшілерінің негізгі күш-жігері бір-бірімен байланыс орнатуға және 
отбасымен тығыз қарым-қатынас орнатуға, оқу процесінде қолайлы 
микроклимат құруға бағытталуы тиіс. 
Осыған байланысты әлеуметтік тәрбиенің барлық субъектілерінің 
ұлттық педагогика идеяларындағы қызметі өзара байланысты үш 
бағытты қамтуы керек: 
- балалардың әлеуметтік тәжірибесін ұйымдастыру және өзін-өзі 
толыққанды жүзеге асыру, әр баланың жеке басының өзін-өзі дамытуы, 
оның отбасындағы және жақын ортадағы өзін-өзі тануы үшін қажетті, ең 
қолайлы жағдайлар жасау; 

ұжымда тәрбие беру ортасын құру, ортада қолайлы 
психологиялық климаттың негізі болып табылатын әлеуметтік 
мақұлданған, әлеуметтік маңызы бар топтық және ұжымдық 
нормаларды, бағдарлар мен құндылықтарды қалыптастыру, жеке тұлға 
үшін осы ортаның анықтамалық маңыздылығын сақтауға ықпал ететін 
жоғары эмоционалды тонус құру; 
- балалар мен жасөспірімдерді халықтың ұлттық дәстүрлеріне 
баулуды, 
ұлттық 
мәдениет 
арқылы 
эстетикалық 
сананы 
қалыптастыруды көздейтін шаралар кешенін әзірлеу. 


299 
- мектеп ішілік мерекелік шараларда және күнделікті өмірде 
ұлттық дәстүрлерді дәріптеу, білім алушылардың рухани дамуына, 
ұлттық құндылықтарды сіңіруіне ықпал ету.
- балалар ұжымдарының жас ерекшеліктері мен даму деңгейін 
есепке алу. 
- балалардың тарихи жадын ояту, өзінің «кіші отанына» құрметпен 
қарауды қалыптастыру; 
- Жас ақындар үшін жазушылармен және композиторлармен 
шығармашылық кездесулер үлкен әсер қалдырады. Сабақта жас 
ақындарды қазақтың ұлы ақындары Жамбыл Жабаевпен, Бұқар 
жыраумен, Біржан-Сарамен, Әмір Қашаубаевпен және т.б. таныстыруға 
көп көңіл бөлу. Мектепте оқушыларды суырып салма Ұлы ақындармен 
таныстырып, құрметтеп қана қоймай, облыста, қалада, аймақтарда 
танымал 
жергілікті 
ақындардың 
шығармашылығын 
зерттеуге 
жұмылдыру. 
- ұлттық педагогика идеяларындағы мектептегі педагогикалық 
процессті 
ізгілендіру, 
оқушылардың 
адамгершілік 
мәдениетін 
қалыптастырудың жаңа жолдарын, нысандары мен әдістерін іздеу; 
- шеберлермен, ақындармен, шығармашыл қызметкерлермен өзара 
ынтымақтастық жасау, қызығушылықтары бойынша түрлі ұжымдық 
қызмет процесінде шығармашылық бастаманы, көркемөнерпаздықты 
дамыту; 
- Балалар мен жасөспірімдердің көркемдік дамуы мен эстетикалық
тәрбиесінде ұлттық сәндік-қолданбалы өнерді қолдану бойынша мектептер 
мен мектептен тыс мекемелерде іс-шаралар өткізу;
- Балаларды ұлттық сәндік-қолданбалы өнердің әртүрлі түрлерімен
таныстыру формалармен, әдістермен және құралдармен жүзеге асыру 
нәтижесінде жасөспірімдер өздерінің ұлттық өнері туралы қажетті білім 
мен идеялар деңгейіне көтеру.
Мінез-құлық мәдениетін тәрбиелеу, қоғам мен отбасындағы қарым-
қатынас этикетін сақтау моральдық тәрбиенің дәстүрлі белгілерінің бірі болып 
табылады. Балалар үшін – мінез-құлық ережелері, дәстүрлі моральдың негізгі 
принципін – үлкендерге құрмет пен сыйластық, қарапайымдылық және т.б. 
принциптер отбасында, дастархан басында, қонақта, ересектермен қарым-
қатынаста дамиды
Отбасында, мектепте балаларды адамгершілікке тәрбиелеу жүйесінде 
халық ертегілері маңызды рөл атқарды. Олар тек балаларға ғана емес, олардың 
ата-аналарына да күшті тәрбие құралы болып табылады. Халық ертегілерінде 
еңбек, еңбекқорлық, өзара көмек, Отанға деген сүйіспеншілік, достық, 
бауырластық, сыпайылық, қонақжайлылық, мейірімділік, адалдық дәріптеу;
Осы ерекшеліктерді ескере отырып халық ертегілері мектепке дейінгі
балалар мекемелерінің тәжірибесінде, мектепте, отбасында кеңінен қолдануы 
тиіс. Балаларды көркем әдебиетпен таныстыру, әдеби ертеңгіліктер, ойын-
сауық, ертегілерді сахналау бойынша арнайы сабақтар ұйымдастыру;


300 
Балалардың адамгершілік тәрбиесі мен дамуына барлық отбасы 
мүшелерінің отбасылық қарым-қатынас стилі, ата-аналардың әлеуметтік 
бағыты, олардың адамгершілік деңгейі мен беделі, отбасындағы еңбек сипаты, 
отбасылық дәстүрлер мен әдет-ғұрыптар, бос уақытты және отбасылық 
ұжымды ұйымдастыру, балалармен қарым-қатынас уақыты және ата-аналардың 
педагогикалық мәдениеті әсер етеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   130   131   132   133   134   135   136   137   ...   250




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет