Білім алушыларды тәрбиелеуде қҰндылықҚа бағытталған тәсілді жүзеге асыру бағдарламасы



Pdf көрінісі
бет133/250
Дата14.09.2023
өлшемі5.22 Mb.
#477514
түріБағдарламасы
1   ...   129   130   131   132   133   134   135   136   ...   250
құндылыққа негізделген 1 бөлім

2. Халықтың өзара көмекке байланысты дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары 
еңбек тәрбиесінің өзекті мәселесі ретінде 
1. Балаларды ерте жастан еңбекке қатынасын қалыптастырудың ұлттық 
дәстүрі; 
2. «Өзіне-өзі қызмет ету» сайысын ұйымдастыру; 
3. «Баланы еңбекке баулу» Ата-аналарға арналған конференция; 
4. «Ұжымдық көмек, оның түрлері» («Асар», «Жылу», «Қол ұшын беру», 
қарыз-жолдастық қарыз» т.б.) кейстер құрастыру


296 
5. «Көмек» үлкендерге, қарттарға, мүгедек жандарға көмек қолын созу, 
жолдастарына, достарына ерекше білім беруге қажеттілігі бар білім 
алушыларға көмек көрсету челенджін ұйымдастыру; 
6. «Жастарды өзінің ата-бабасынан келе жатқан кәсіпке баулу дәстүрін 
жандандыру» Шеберлік сыныптарын өткізу. 
3. Отбасында үлкендерге, ата-анаға құрмет көрсету, сыйласымдық 
қарым-қатынас дәстүрі 
1. «Қазақ отбасында баланың ата-анасына, отбасындағы үлкендерге
сыйласымдық қарым-қатынасы» конференция өткізу; 
2. Қазақ отбасында ұл баланы тәрбиелеудегі әкенің рөлі; Қазақ
отбасында қыз баланы тәрбиелеудегі ананың рөлі; Әже тәрбиесі, Ата 
тәрбиесі; Аға тәрбиесі, Жеңге тәрбиесі бойынша ұлттық әдет-ғұрып 
бағдарламасын әзірлеу.
3. Еріктілік – адамгершіліктің қайнар көзі, құндылықтарды тасымалдаушы,
азаматтық қоғам құрудың берік негізі. «Қарттарға көмек» волонтерлік 
қозғалысын ұйымдастыру; 
4. Ұлттық тағамдар 
1. «Қазақ халқының бірегей тағамдары» фестивалін ұйымдастыру.
2. Ата-бабаларымыз дайындаған ежелгі тағамдарды «Өрметас»,  
«Үлпершек», «Қарын бөртпе», «Бұжы», «Жаужүрек», «Қарын көмбе» сияқты 
бірегей тағамдарды жандандыру;
3. Ұлттық тағамдар бойынша «Сарқыт» тақырыбында туристік
гастрольдер өткізу. 
4. «Аспаздық өнер» білім алушыларды телеарна бағдарламаларына
қатыстыру. 
5. Қазақ халқының ұлттық киімдері мен ұлттық қолөнер дәстүрлері 
1. Жас суретшілер шығармашылық байқауын өткізу;
2. Ұлттық қолөнер халық шығармашылығын дәріптеу мақсатында
жарнамалар әзірлеу; 
3. Заманауи эстетикалық идеалдар мен прогресстер ұлттық дәстүрлердің
өзара әрекеттесуі. «Ақылды комбинация» заманауи ұлттық стильдегі интерьері:
мектепті, пәтерді, ұлттық нақыштағы заттармен, ою-өрнекпен безендіру 
(мысалы, былғарыдан, күмістен жасалған бұйымдар, алаша, сырмақ және т. б. 
киіз және тоқылған кілемдер, сандық, тері заттарын, ою-өрнектерді және т. б.) 
ұлттық қол өнер шығармашылылығын пайдалану;
4. «Ұлттық сәндік- қолданбалы өнердің тарихи сананы жаңғыртудағы орны 
мен рөлі» конференция өткізу. 
5. Қазақтың ұлттық ойындарының тәрбиелік мәні 
1. Ұлттық спорт түрлері бойынша сынып сағаттарын, пікір таластар мен
шеберлік -сыныптарын өткізу 
2. «Атқа міну мәдениеті» ат әбзелдерімен танысу, атқа отыру және ат
жарыстарын ұйымдастырып, өткізу; 


297 
3. «Спорттық туризм» экскурциясын ұйымдастыру; 
4. «Ұлттық спорт түрлері» тақырыбында өлеңдер, шығармалар, суреттер
байқауын ұйымдастыру; 
5. . «Спорттық олимпиада» Ерекше білім алуды қажет ететін балаларға
арналған ұлттық спорттық жарыстар ұйымдастыру; 
6. «Судағы карнавал» (Ерекше білім алуды қажет ететін балаларға
арналған) суда жүзу өнері мерекелік- сайысы. 
 
7. Ұлттық салт-дәстүрлер мен ғұрыптар қазақ ұлтының рухани 
мәдениетінің компоненті ретінде 
1. Ұлттық дәстүрлер мен ғұрыпқа негізделген заманауи хабарламаларды
әзірлеу және күнделікті өмірде дәстүрлер мен әдет-ғұрыптар туралы білімді 
кеңейту мақсатында жұмбақ, жаңылтпаш, шешендік өнер, айтыс т.б. қолдану;
2. «Айтыс өнері» байқауын ұйымдастыру; 
3. БАҚ және әлеуметтік желілерде тақырыптық парақшалар құру, салт- 
дәстүр челленджін ұйымдастыру; (Dastur челленджі, «Dastur» мобильді 
қосымшасын енгізу); 
4. «Қазақ халқының ұлттық салт-дәстүрлері мен әдет ғұрыптары» эссе
жазу; 
5. «Asyk party», «Domdyra party», «Baursak party», этномузыка
кештерін, ұлттық би кештерін заманауи форматта, галерея, этно-сән 
қойылымдарын ұйымдастыру. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   129   130   131   132   133   134   135   136   ...   250




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет