Білім алушыларды тәрбиелеуде қҰндылықҚа бағытталған тәсілді жүзеге асыру бағдарламасы



Pdf көрінісі
бет138/250
Дата14.09.2023
өлшемі5.22 Mb.
#477514
түріБағдарламасы
1   ...   134   135   136   137   138   139   140   141   ...   250
құндылыққа негізделген 1 бөлім

3. Ата-аналармен бірге (Айгөйлек, Белбеу лақтыру, Саққұлақ, Тымпи,
Ақсүйек, Алтыбақан, Тоғыз құмалақ, Көкпар Аударыспақ, Теңге алу, Тымақ ұру, 
Бәйге, Жамбы ату, Қыз қуу т.б.) ойын-сауық спорттық «с-шаралар өткізу; 
4. «Спорттық туризм» экскурциясын ұйымдастыру; 
5. «Ұлттық спорт түрлері» тақырыбында өлеңдер, шығармалар, суреттер 
байқауын ұйымдастыру; 
7. Ұлттық спорт түрлері бойынша сынып сағаттарын, пікір таластар мен 
шеберлік -сыныптарын өткізу 
8. «Атқа міну мәдениеті» ат әбзелдерімен танысу, атқа отыру және ат 
жарыстарын ұйымдастырып, өткізу; 
9. Білім алушыларды ептілік пен мергендік өнерге баулу мақсатында 
«Садақ тарту», «Белдесу» «Асық» ойндарын өткізу; 
10. «Ата-бабамыздың аңшылық дәстүрі» сынып сағаттары, танымдық 
зерттеулер мен бейне-роликтер даярлау; 
11. «Спорттық олимпиада» Ерекше білім алуды қажет ететін балаларға 
арналған ұлттық спорттық жарыстар ұйымдастыру
12. «Тоғызқұмалақ » интеллектуалды ойынын өткізу; 
13. «Судағы карнавал» (Ерекше білім беруді қажет ететін балаларға 
арналған) суда жүзу өнері мерекелік-сайысы. 
8. Ұлттық салт-дәстүрлер мен ғұрыптар қазақ ұлтының рухани мәдениетінің 
компоненті ретінде 


306 
1. 
Мектепте ұлттық салт- дәстүрлер мен ғұрыптар бойынша 
факультативтік сағаттар мен элективті курс бағдарламасын әзірлеу
2. «Жаңа заман дәстүрлері» ұлттық дәстүрлер сайысын ұйымдастыру; 
3. Ұлттық дәстүрлер мен ғұрыпқа негізделген заманауи хабарламаларды
әзірлеу және күнделікті өмірде дәстүрлер мен әдет-ғұрыптар туралы білімді 
кеңейту мақсатында жұмбақ, жаңылтпаш, шешендік өнер, айтыс т.б. қолдану;
4. «Айтыс өнері» байқауын ұйымдастыру; 
5. Дәстүрлер мен әдет-ғұрыптар туралы білімді кеңейту, отбасы бірлігі
туралы мақалдарды атау, оның мәнін ашу мақсатында «Мақал-мәтелдер»
шығармашылық сайыстарын өткізу;
6. БАҚ және әлеуметтік желілерде тақырыптық парақшалар құру, салт- 
дәстүр челленджін ұйымдастыру; (Dastur челленджі, «Dastur» мобильді 
қосымшасын енгізу); 
7. «Ұлттық этникалық мәдениеттің білім алушылардың адамгершілік
қасиеттерінің қалыптасуына әсері» тақырыбында конференция; 
8. 
«Бала тәрбиесіндегі халық ауыз әдебиетінінің мәні мен рөлі» 
танымдық сайысын өткізу; 
9. 
«Қазақ отбасында ұлдар мен қыздарды тәрбиелеудегі салт-
дәстүрлер мен әдет-ғұрыптар» пікір-талас; 
10. «Қазақ халқының отбасы тәрбиесіне қатысты нанымдары мен 
тыйымдары» тәрбие сағаты; 
11. «Қазақ халқының ежелгі әдет-ғұрыптары» шешендік өнер 
сайысы; 
12. Қазақ халқы қашан да қонақжайлылығымен танымал. 
Қонақжайлылыққа байланысты салт-дәстүрлерді (қонақасықонақкәдеерулік 
сарқыт, соғым басы, сәлемдеме, сыбаға, қымызмұрындық, қол кесер, сауын 
айту, белкөтерер, өлі сыбаға, жол-жоралғы т.б.жаңғырту; 
13. Өскелең ұрпақтың «Адам-ғалам» үйлесімділік сезімдеріне тәрбиелеу
мақсатында, ұлттың жануарлар мен өсімдіктер әлемін қорғауға қатысты 
дәстүрін жандандыру; 
14. 
«Қазақ халқының ұлттық салт-дәстүрлері мен әдет ғұрыптары» эссе 
жазу; 
15. «Asyk party», «Domdyra party», «Baursak party», этномузыка кештерін, 
ұлттық би кештерін заманауи форматта, галерея, этно-сән қойылымдарын 
ұйымдастыру. 
9. Отбасылық және ұлттық мерекелік дәстүрлерді жүзеге асыру және 
сақтау 
1. Ұлттық мерекелерді тойлау ерекшелігі:
- Наурыз – мейрамы; 
- Ораза-айт мейрамы; 
- Құрбан айт мейрамы; 
2.«Отбасылық құндылықтар» ата-аналарман бірлескен ашық әңгіме
3. Дәстүрлер мен ғұрыпқа байланысты буклет, фото-альбомдар даярлау; 
4. «Отбасымен бірге» Ұлттық ойындар сайысы; 


307 
5. «Атам мен әжемнің даналығы» Сыр-сандық интелектуалды ойыны; 
6. «Жеті ата – отбасылық шежіре» тәрбие сағаты; 
7. Отбасылық коллекциялар шеруі; 
8. «Некеге тұру, отбасын құруға байланысты дәстүрлер мен әдет-
ғұрыптар» » Жоғары сынып оқушылары үшін отбасылық өмірге дайындық 
бойынша тренингтер, практикум, семинарлар ұйымдастыру. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   134   135   136   137   138   139   140   141   ...   250




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет