Білім алушыларды тәрбиелеуде қҰндылықҚа бағытталған тәсілді жүзеге асыру бағдарламасы


  Мектеп жасына дейінгі баланың ішкі күйзелістері мен  қажеттіліктерінің табиғатын түсінуде ата-ана құзыреттілігін арттыру. 2



Pdf көрінісі
бет49/250
Дата14.09.2023
өлшемі5.22 Mb.
#477514
түріБағдарламасы
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   250
құндылыққа негізделген 1 бөлім

1. 
Мектеп жасына дейінгі баланың ішкі күйзелістері мен 
қажеттіліктерінің табиғатын түсінуде ата-ана құзыреттілігін арттыру.
2. Ата-аналардың бойында әлемге баланың көзімен қарау қабілетін 
қалыптастыру.
3. Ата-аналарға өздерінің тәрбиелік ұстанымдарын түсінуге көмектесу. 
Тренинг барысы
1. Шеңбер бойынша танысу
Қатысушылар шеңберге тұрады, әрқайсысы кезекпен мимика, ым-ишарат 
арқылы тренингке қатысушылармен амандасады, басқалары бір-бірлеп 
қайталайды. Жаттығу барлық қатысушылар бір-бірімен амандасқан кезде 
аяқталады.
Талқылау:
Өзіңіздің сәлемдесуіңізді ойлап табу және жеткізу оңай болды ма?
Біреудің сәлемін қайта жасау қиын болды ма?
Бір-біріңіздің сәлемдесулеріңізді жеткізгенде не сезіндіңіз?
2. «Балалық шақ естеліктері» психогимнастикалық жаттығуы
Релаксация. Музыкасы қосылып, келесі сөздер баяу айтылады: «Ыңғайлы 
отырыңыз: аяғыңыз тіректі сезінетіндей еденге қойыңыз, арқаңызбен 
орындықтың артына шалқайыңыз.
Көзіңізді жұмып, тынысыңызды тыңдаңыз - ол тегіс әрі тыныш. Қол мен 
аяқтағы ауырлықты сезініңіз. Ауа ағыны сізді балалық шаққа апарады. Өзіңізді 
бес, алты, жеті жаста елестетіп көріңіз. Өзіңіздің есіңізде жақсы сақталған 
жасты елестетіп көріңіз. Сіз өзіңіздің сүйікті ойыншығыңызбен ойнап отырсыз.
Енді осы бөлмеге қайта оралатын уақыт келді. Дайын болған кезде көзіңізді 
ашыңыз».
Талқылау:
Тренингке қатысушыларға өздерінің қандай сезімде болғаны туралы айту 
ұсынылады. Сұраққа бірінші болып психолог жауап береді: «мен кішкентай 
кезімде ...» әрі қарай шеңбер бойымен:
- «Балалық шақ» сөзімен ассоциацияны атаңыз
- Балалық шақтағы ең бақытты күніңізді еске түсіріңіз
- Ең қатты толқыған күніңізді еске түсіріңіз
- Неден ұялғаныңызды еске түсіріңіз
- Өзіңізді балалық шақтағы өзіңізбен салыстыра аласыз ба?
- Осындай жағдайларда сезінетін эмоциялар өзгерді ме?
- Жағдайларға қатысты іс-әрекетіңіз өзгерді ме?
Ата-ана мен бала - әртүрлі адамдар, жас санаттары да әртүрлі, бірақ сіз 
өзара түсіністікке ұмтылуыңыз керек. Психолог өзін және баласын түсінудің 
маңыздылығы туралы айтады.
3. «Зат таңбалар» жаттығуы


111 
Ата-аналар жұптасады, онда біреуі баланың, ал екіншісі ересек адамның 
рөлін атқарады. Әр «баланың» басына психолог келесі сөздер жазылған 
«тәждерді» кигізеді: «маған күліңіз», «қатал болыңыз», «мені мазақ етіңіз», 
«мені қабылдаңыз», «мен ештеңе білмеймін деп айтыңыз», «мені ая». Бұл 
жазуларда ата-аналар не жазылғанын көрмеуі тиіс. Осыдан кейін әр топқа 
кесілген бөліктердің бүкіл суретін салу міндеті қойылады, бірақ жұмыс кезінде 
жұптың қатысушыларына оның басындағы «тәжде» жазылғандай жүгіну керек.
5-7 минуттан кейін барлығы «тәжді» шешпей тұрып, келесі сұраққа жауап 
береді:
- Осындай деңгейде сөйлескен сізге ұнады ма?
Барлығы ойларын білдіріп болғаннан соң, психолог «тәждерді» шешуді 
ұсынады.
Талқылау:  
- Шынайы өмірде «тәждер» қандай болуы мүмкін?
- Мұндай заттаңбалардың болуы қарым-қатынасқа қалай әсер етеді?
- Біз заттаңбаларды іліп қою жағдайларымен қаншалықты жиі кезігеміз?
- Бала заттаңбаны қалай қабылдайды?
- Адамның сіз туралы ойын қалайша өзгертуге болады?
- Заттаңбадан арылу оңай ма? Оны қалай жасауға болады?
4. «Менің түсінігімдегі бала және ақиқат» жаттығуы
Ата-аналарға «ата-ананың жауабы» бағанын толтыруды, ал үйде балаға 
бірдей сұрақтар қойып, «баланың жауабы» бағанын толтыруды сұрайтын 
кестелер беріледі. Содан кейін салыстыру қажет етіледі. 
Талқылау:  
- Сұрақтарға жауап беру қиындық туғызды ма?
- Сіздің жауаптарыңыз балаларыңыздың жауабымен сәйкес келеді деп 
ойлайсыз ба?
- Қай сұрақ сіз үшін жеңіл болды, ал қайсысы қиындық туғызды?


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   250




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет