Білім алушыларды тәрбиелеуде қҰндылықҚа бағытталған тәсілді жүзеге асыру бағдарламасы



Pdf көрінісі
бет47/250
Дата14.09.2023
өлшемі5.22 Mb.
#477514
түріБағдарламасы
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   250
құндылыққа негізделген 1 бөлім

Бағдарламаның мақсаттары мен міндеттері: 
 
Мақсаты: сүйіспеншілікке, адамгершілікке, оның барлық мүшелерін 
өзара құрметтеуге негізделген отбасы құндылығын түсінуге ықпал ету. 
Міндеттері: 
- Ұлттық мәдениеттің жағымды дәстүрлеріне баулу; 
- Әлемдік өнердің мысалдарында, сондай-ақ белгілі отбасы жұптарының 
өмірінде мәдениетті, татулығы жарасқан, берекелі отбасы туралы түсінік 
қалыптастыру; 
- Топта «отбасылық» қарым-қатынасты қалыптастыру; 
- Этика, отбасылық қарым-қатынас психологиясы туралы негізгі 
ұғымдарды қалыптастыру; 
- Болашақ отбасылық өмірге дайындық; 
- Экономикалық ойлауды қалыптастыру; 
- Отбасылық рөлдер туралы түсінік қалыптастыру 
- Әлеуметтік-мәдени отбасылық құндылықтарды, ерлер мен әйелдердің 
салауатты қарым-қатынасының психологиялық негіздерін қалыптастыру. 
Күтілетін нәтижелер: 
- Отбасылық және әлеуметтік патологиялардың алдын алу үшін білім
беру платформасын құру; 
- Тәрбие процесіне қатысушылардың ұжымдық және жеке өсуі; 
- Оқушылардың жалпыұлттық құндылықтар мен адамның табиғи
құқықтары желісінде қоршаған шындықты нақты бағалау қабілеттерін 
қалыптастыру; 
- Оқушылардың болашақ ата-анаға, бақытты отбасын құруға саналы
көзқарасын қалыптастыру; 


107 
- Өзін-өзі бағалау және өзін-өзі жетілдіру қабілеттерін дамыту; 
- Отбасындағы баланың психологиялық әл-ауқаты; 
- Психологиялық білім, білік және дағдылардың жетіспеушілігін жою; 
- Балалар мен ата-аналар арасындағы қарым-қатынасты оңтайландыру; 
- Отбасылық дәстүрлер туралы білім деңгейін арттыру; 
- Жеке тұлғаның отбасылық нормалар мен дәстүрлерді сақтауға және
нығайтуға бағытталуы; 
- Қазіргі ұл бала мен қыз бала тәрбиесін талдай отырып, ұлттық
дәстүрлерге сай құндылықтарды сіңіруі;
- Отбасындағы мінез-құлық мәдениеті нормаларын білу және сақтауы. 
Үлгі оқу жоспары (бағдарламаны іске асыру) 
1. Кіріспе сабақ. Отбасы әртүрлі мәдениеттерде. Дәстүрлі құндылықтарға 
негізделген отбасының беріктігі. Дәстүрлі мәдени құндылықтардың жойылуы 
салдарынан қазіргі заманғы отбасының тұрақсыздығы. 
2. Некеге дайындық. Неке жасы. Некеге тұрушылардың физикалық 
жетілуі. Некеге тұруға әлеуметтік дайындық. Некенің рухани-адамгершілік 
және құқықтық негізі. Некеге тұру себептері. Некенің генетикалық аспектілері. 
Тұқымқуалаушылық заңдары. Отбасы мен болашақ ұрпақтардың денсаулығы. 
3. Отбасы Кодексі. Негізгі ережелер. 
4. Отбасы және оның функциялары. Отбасының негізгі функциясы – 
адамзаттың жалғасы, балалардың туылуы және тәрбиесі. Отбасы мүдделерін 
қоғам мүдделерімен үйлестіру қажеттілігі. Көп балалы отбасының 
маңыздылығы. 
5. Отбасы жүйесі. Отбасы құрылымы, жіктелуі, отбасының негізгі 
белгілері, отбасы құрылымының бұзылуы. 
6. Көркем әдебиеттегі отбасы. Оқыған кітаптары мен шығармаларына 
талдау жасау; 
7. Отбасылық өмір салты. Отбасылық мәдениет және социум ережесі; 
8. Ұлттық мәдениеттегі қазақ отбасы. 
9. Ата-баба өсиеті моральдың негізі ретінде. 
10. Қазақ отбасы, оның өткен және бүгінгі ерекшеліктері. 
11.Отбасылық этнопедагогика: 
а) ана мен әкенің қадір-қасиеті; 
ә) балалардың рухани тәрбиесіндегі ана тәрбиесі (құрсақ тәрбиесі, 
бесік тәрбиесі); 
б) ана тілінің мағынасы. Бала және ана тілі
в) өз тамыры, ата-тегі білуі; 
г) ұлттық тағам. Ұлттық тағамдар, тамақтану дәстүрлерін сақтау; 
д) Бала туғанда ат (есім) қою дәстүрі, балаға ат (есім) таңдаудың 
мағынасы. 
11. Ұлттық дәстүр мен ғұрыптардың отбасында сақталуы; 
12. Менің отбасымның ережесі; 
13.Отбасылық қатынастардың бұзылуының алдын алу. 


108 
Ерекше білім беруді қажет ететін балалар тәрбиесіне арналған ұсынымдар 
мен әзірлемелер 
Ерекше білім беруді қажет ететін балаларды тәрбиелеп отырған 
отбасыларға тиімді көмек көрсету күрделі процесс, өйткені мұндай отбасыларға 
психологиялық көмектің мазмұнын, тетіктерін, нысандары мен әдістерін 
анықтауға тұтас әдіснамалық тәсіл қажет. Сондықтан оларды қолдау үшін 
жұмыстың белгілі бір ұйымдастырушылық формаларын құру керек. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   250




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет