- педагогикалық кеңестер өткізу;
- біліктілікті арттыру курстарынан өту.
Осылайша, отбасылық тәрбие процесс ретінде әдістер мен құралдардың
кең жиынтығын сауатты пайдалану негізінде құрылады.
2. Отбасылық бос уақыт құндылықты ұйымдастыру
1. Отбасылық демалыс:
- әуесқойлық іс-шаралар (гүл өсіру, жинау, үй жануарларын күту,
бірлескен шығармашылық, көркем немесе техникалық іс-шаралар: сурет салу,
поэзия, музыка ойнау, ән айту, кесте тігу, әуесқойлық бейне, фотография және
т. б.);
- аудиовизуалдық ақпаратқа бірлесіп жүгіну (теледидар көру, интернетке
және басқа да бұқаралық ақпарат құралдарына жүгіну);
- отбасы спектакльдері (театрландырылған және театрлық іс-әрекеттерді
фрагменттік (киім ауыстыру, макияж жасау, сурет салу) және толық көлемде
(отбасы театрын ұйымдастыру - тірі немесе қуыршақ-композициялар, ойын
бағдарламалары, шағын форматтағы қойылымдар және т. б.);
- отбасылық кітап оқу (буккроссинг-кітап алмасу, кітапты оқу және
алмасу; буктрейлерлер – кітапқа бейне аннотациялар);
- ойындар (балалармен, үстел үсті ойындары және т. б.);
- мерекелер (ойын бағдарламалары мен конкурстарды қоса отырып,
отбасылық балалар мерекелерін; туыстары мен жекжаттарының кең ауқымын
тарта отырып, отбасылық мерекелерді ұйымдастыру);
- отбасылық мерекелер мен ұлттық салт-дәстүрлер (туған күн, наурыз
мерекесі, үйлену, шілдехана, тұсау кесер, айт мерекелері, ауыз ашарға шақыру
және т.б.) іс-шараларды ұйымдастыру.
Достарыңызбен бөлісу: |