О. А. Есімова С. Ш. Құмарғалиева



Pdf көрінісі
бет3/82
Дата14.09.2023
өлшемі1.87 Mb.
#477522
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   82
химия рус (1)

 
1-суретСұйықтықтың беті 
Косметикадағы беттік-активті заттар алты негізгі қасиетке ие: 
– 
Жұғу қабілеттілігі:
бұлар сұйықтықтың басқа сұйықтық не-
месе қатты субстанцияның бетін жууға септігін тигізеді. Жуғыш 
заттар белсенді болып табылады, олар қосылатын сұйықтық бетін-
дегі қысымды азайтады.
– 
Эмульсиялық қабілеттілігі: 
олар май мен судың қоспасын 
тұрақтандыра отырып, эмульсияның түзілуін тездетеді (мысалы, 
араб шайыры, адрагант, желатин).
– 
Жуғыш қабілеттілігі: олар кірге еніп, олардың зат бетінен 
бөлінуіне əсер етеді. 
– 
Ыдыратушы қабілеттілігі: 
Олар тұнбаны немесе агрега-
цияны болдырмай, дисперсияның түзілуін немесе сұйықтықтың 
дисперсті күйде болуын қамтамасыз етеді.
– 
Антисептикалық қабілеттілігі: 
бұл – сұйық фазаны бакте-
риалды жəне саңырауқұлақты залалданудан қорғайтын консервант 
болып табылады.
– 
Көбік түзгіш қабілеттілігі: 
косметикалық өнімдердің көбік 
түзуін қамтамасыз ету үшін беттік-активті заттар қосылады.
Беттік-активті заттардың (БАЗ) түрлері 
Табиғи БАЗ-дар: лецитиндер (соя, жұмыртқа сарыуызы, сүт) 



тамаша эмульсиялы қасиеттері бар заттар болып табылады. Оларға 
сулы ерітіндісі сабын сияқты көпіретін сапонория жасалған табиғи, 
өсімдік текті сапонин жатады. 
Синтетикалық анионды БАЗ-дар: май қышқылдарының негіз-
дік сабындары (натрий немесе калий сабындары), классикалық 
сабындардың тазалау қасиетіне ие заттар. Негізгі артықшылығы – 
олардың pH белгісін ауыстыруға болатын мүмкіндік, мысалы, 
дененікі сияқты 6-ға дейін жеткіздіруге болады. 
Синтетикалық катионды БАЗ-дар: тазалауға жəне дезинфек-
циялауға пайдаланылатын төртіншілік аммоний тұздары. 
Синтетикалық амфотерлі БАЗ-дар: олармен араласатын орта-
ның (немесе ерітіндінің) pH белгісіне байланысты қышқылдық 
немесе негіздік сипат көрсететін заттар. Қышқыл ортада бұл амфо-
терлі БАЗ-дар өздерін катионды БАЗ-дар сияқты көрсетеді, ал 
негіздік ортада аниондылар тəрізді. Амфотерлі БАЗ-дар нəзік 
денеге арналған косметикалық өнімдерде қолдануға ұсынылады. 
Мысалы: бетаин мен аминқышқыл туындылары. 
Синтетикалық ионды емес БАЗ-дар: басқаларға қарағанда ері-
тіндіде катион мен анионға иондалмайтын органикалық қосылыс-
тар. Олар негіз жəне қышқыл ортада тұрақты жəне гидрофильді 
заттар болып табылады. Оларға май қышқылдарының күрделі 
эфирлері жəне көпатомды спирттер кіреді. Олардың ылғалдандыру 
қасиеті тізбектің ұзындығымен өседі. Олар биодеградацияланады – 
тірі организммен ыдырайды. Мысалы: біршама танымалдыларға 
Spans жəне Tweens (Тween-80) жатады. 
Стабилизаторлар жəне эмульсиялы комплекстер: бұл заттар 
тұтқырлықты жəне /немесе эмульсияның желе тəрізді күйін, соны-
мен қатар оның тұрақтылығын өсіреді. Мысалы: өсімдік текті же-
лім, желатин, ұнтақ тəрізді заттар (тальк, бентонит), вазелин. 
Коллоидты ерітінділер. Гельдер. Көптеген косметикалық 
сұйықтықтар коллоидтық ерітінділер күйінде болады. Коллоидты 
ерітінділер таза гомогенді ерітінді емес. Онда сұйық немесе газды 
ортада (мысалы, суда) кішірек молекулалардан тұратын ірі молеку-
лалар немесе бөлшектер диспергирленеді. Коллоид немесе кол-
лоидты бөлшек кішкентай болғаны соншалықты, түбіне түспей, 
қалқымалы күйде тұрады. Оның бөлшектерінің көлемі 1-ден
100 нм-ге дейін ауытқиды, ал ең үлкені 500 нм болады. 
Тірі ағзада барлық физиологиялық процестер ерітінділерде, 
коллоидты ерітінділерде жəне гельдерде (гель – тығыз коллоидты 



ерітінді) жүзеге асырылады. Тірі ағзалардағы физиологиялық 
үдерістер сұйық ортада жүреді, ал жасушалардағы бөлшектер жо-
ғары молекулалы органикалық қосылыстардан тұрғандықтан, кол-
лоидтық ерітінділердің барлық тіршілік процестерінде атқаратын 
маңызы зор. Қарапайым коллоидтық ерітінділердің мысалы ретін-
де жұмыртқа мен соя ақуыздарын, сабын мен синтетикалық жу-
ғыш заттардың ерітінділерін, желатин жəне лецитин желесін, же-
лімдерді қарастыруға болады. Барлық коллоидтық ерітінділердің 
негізгі компоненті – əрине, су (90%-ға дейін). Судың мөлшері 90%-
дан едəуір аз болатын тығыз коллоидтық ерітінділер гель деп 
аталады. Ал косметикада түрлі гельдер кеңінен қолданылады.
Диффузия. Тепе-теңдікке ұмтылу, құрамындағы заттарды 
теңестіру, яғни біркелкіленуге тырысу кез келген ерітіндіге тəн 
қасиет. Мысалы, егер қантты стақандағы суда ерітетін болсақ, он-
дағы қант стақан түбіне тұнып қалмай, біртіндеп біркелкі кон-
центрация ретінде суға толықтай жайылып ериді. Бұл құбылыс 
диффузия деп аталады (қант сұйықтықта диффузияланады). Жылу-
лық қозғалыстың əсерінен зат бөлшектерінің жүйенің бір бөлігінен 
екінші бөлігіне өз еркімен тасымалдану құбылысын диффузия деп 
атайды. 
Диффузия коллоидты жəне басқа да қарапайым ерітінділерде 
жүзеге асады. Адам ағзасындағы барлық ерітінділер сияқты диф-
фузия заттардың қозғалысын қамтамасыз етеді. Осылайша, жасу-
шалар жасуша аралық ұлпалық сұйықтықтарда диффундалып, əрі 
қарай қантамырлармен қозғалатын қажетті қоректік заттарды 
қабылдайды. Ал қалдық заттар қарама-қарсы бағытта қозғалып, 
жасушалардан шығарылады.
Егер ерітіндінің құрамдас бөліктерінің концентрациясы əр 
жерде əртүрлі болса, диффузияның жүру жылдамдығы арта түседі. 
Диффузияның жылдамдығына, сонымен қатар температура да өз 
ықпалын тигізеді. Температура артқан сайын диффузия өсе түседі.
Осмос – еріткіш молекулаларын өткізіп, еріген затты өткіз-
бейтін жартылай өткізгіш қабық (осмометр) арқылы еріткіштің 
қозғалысы. Осмостың классикалық үлгісі 2-суретте осмометрдің 
қант ерітіндісін таза судан бөлуі ретінде көрсетілген. Ерітіндідегі 
су концентрациясы таза суға қарағанда төмен. Таза еріткіш жағы-
нан алғанда мембрана арқылы су молекуласының диффузиясы 
ерітіндідегі су концентрациясын мембрананың екі жағынан да 



теңестіруге тырысуда. Алайда концентрацияларда өзгешелік бар 
кезде мембрана екі жағынан да осмостық қысымға түседі. Сыртқы 
ыдыстағы еріткіш пен осмометрдегі ерітінді арасында тепе-теңдік 
күй орнайды. Мұндай тепе-теңдікке сəйкес келетін қысым осмос-
тық қысым деп аталады. Осмос қысымы – осмосты тоқтату үшін 
ерітіндіге түсірілетін қысым. Сонымен, осмос қысымы – ерітіндіні 
еріткішпен тепе-теңдік күйде ұстап тұру үшін осмометр ішіндегі 
ерітіндіге түсірілетін қысым. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   82




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет