О. А. Есімова С. Ш. Құмарғалиева



Pdf көрінісі
бет50/82
Дата14.09.2023
өлшемі1.87 Mb.
#477522
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   82
химия рус (1)

А дəрумені 
кератин ақуызының синтезіне қатысады, меланин 
синтезін жақсартады. А дəрумені жеткіліксіз болса, терінің қатты-
лану процесі бұзылады, ол гиперкератоздың дамуына жəне кера-
тодермияға – қатты қабаттың қатты құрғауына, оның қалыңда-
нуына жəне сұр түске ие болуына алып келеді. 
С дəрумені 
коллагеннің түзілуіне қатысатын қышқыл мукол-
полисахаридтердің синтезін азайта отырып, коллаген құрылуына 
қатысады. С-авитаминоз тері ұлпасының созылмалылығының, 


124 
икемділігінің жоғалуына алып келеді, жасушалардың пигмент-
тенуінің күшеюіне алып келеді – фолликулаларда гиперпигменттік 
гиперкератикалық папулалар түзіледі. С дəруменін «ағартушы» зат 
ретінде енгізуге тыйым салынған. 
В тобының дəрумендері
аминқышқылдарының, нуклеин 
қышқылдарының синтезінің бастаушылары мен қатысушылары, 
ұлпалық демалудың, көмірсутектік, ақуыз, май жəне су 
алмасуының реттеушілері болып табылады. Пантотендік қышқыл 
тері меланогенезіне айтарлықтай ықпалын тигізеді. 
Пиридоксальфосфат – В
6
дəруменінің коферменті теріге пай-
даланған кезде липидтер деңгейін бастапқы деңгейге қарағанда
58%-ға төмендетеді; ауруды басатын əсерге ие, рН реттейді, 
безеулер шығуға бейімді майлы бет терісін күтуге арналған крем-
дердің құрамында қолданылады. 
Орот қышқылы

13
дəрумені) терінің қартаюы кезінде терінің 
созылмалық қасиетін жақсарта, құрғақшылықты азайта отырып, 
бұзылған ақуыз, липидтік алмасуын жақсартады. 
Е дəрумені.
Теріде жүретін қышқылдану реакциясы липидтер-
дің бос радикалдарының түзілуіне септігін тигізеді, терінің қар-
таюына əкелетін биологиялық өзгерістерді туғызады. Ультра-
күлгін-сəулелердің шектен тыс əсері бос раидкалдардың түзілу 
процестерін жылдамдатады. Токоферолдар, қышқылдану реакция-
ларын алдын ала отырып (май антиоксиданттары бола отырып), 
липидтердің бос радикалдарының əсерінен пайда болатын зиян 
салдардың алдын алады. Сонымен қатар токоферолдар нитроза-
миндердің түзілуіне себеп болады, олар – КС-да косметика өндірі-
сінде қолданылатын аминдер мен амидтермен бірге болады. Е 
дəруменінің антиқышқылдағыш əсері адам денсаулығына зиян 
осындай қосылыстардың түзілуінің алдын алады. Е дəруменінің 
этерификация өнімдерінің тері ауруына қарсы əсері анықталған. 
F дəрумені
қанықпаған май қышқылдарының – линол, лино-
лен, арахид жəне оның изомерлерінің кешенінен тұрады. Ағзаның 
қаныққан май қышқылдарының қышқылдануы бойынша биоката-
литикалық функцияларын орындай отырып, майларды сіңіру, ли-
пидтік алмасуға қатысады. Бұл өнімдердің жетіспеушілігі терінің 
құрғауына, жарықшақтардың жəне əртүрлі дерматиттердің пайда 
болуына алып келеді. F дəруменінің биогенді жақсартушы қасиет-
тері оны ұлпалардың зақымдалуы кезінде регенерлеуші қосымша-


125 
лар ретінде қолдануға мүмкіндік берді. Терінің созылмалы қасие-
тін жоғарылату қабілеті карбоксилдік топ пен сутегі ионының 
болуымен түсіндіріледі, олар ұлпа бетінде берік молекулярлық 
қабат құрайды. Сонымен қатар F дəрумені А, Е дəрумендерінің, 
каротиннің əсерін белсенді ете алады. 
Р дəрумені (никотин қышқылы) құрамында оттегі бар жəне 
гемоглобин синтезіне қатысушы ферменттердің қатарына енеді; 
қан тамырларының кеңеюіне септігін тигізеді, қан айналымын жақ-
сартады, теріні əрлендіреді жəне қоректендіреді. 
Гормондар. Гормональдық факторлардың ықпалы май жəне 
тері бездерінің процестерін анықтайды, олардың бұзылуы терінің 
патологиялық жағдайына, безеулердің пайда болуына (май бездері-
нің шектен тыс белсендігі кезінде) немесе керісінше, жеткіліксіз 
секреция кезінде терінің құрғауы мен қабыршақтануына алып 
келеді. Гормондар дерманың қосушы ұлпаларының функцияларын 
жақсартады, терінің сорбциялық қабілеттері мен адсорбтық қыз-
метін жақсартады; ағзаның пигмент түзеуші функциясын өзгертеді. 
Гормондардың эпидермистің негізгі қабатындағы жасушалардың 
бөлінуін белсендіруге əсерін есепке ала отырып (соның ішінде, 
эстрогендердің), гормондарды қолдану қартаюшы, солушы теріге; 
тері қабаттарының атрофиялық өзгерістерінде, май бездерінің қыз-
метінің бұзылғандығын көрсететін безеулер болғанда пайдалануға 
болмайды. 
Алайда басқа гормондардың белсенділігін төмендетуден көрі-
ніс табатын гормондар қызметінің анықталған өзара байланысы 
ағзаға əрдайым жағымды бола бермейді. Бұл гормондардың жо-
ғары сіңу қабілетімен жəне сəйкесінше жоғары биоқолжетімділікке 
байланысты, бұл ағзаның гормональдық фонының бұзылуына 
алып келуі мүмкін. Сондықтан да гормональдық заттарды мөл-
шерлеу қатал реттеледі, бұл гормональдық косметикалық заттар
тарапынан жағымсыз салдардың алдын алуға мүмкіндік береді. 
Өсімдік жəне жануар майлары тері ұлпаларының метаболизм 
үрдістерін белсенді түрде жақсартады, бұл олардың композиция-
лары негізінде көпкомпонентті, жоғары белсенді косметикалық 
заттар жасауға мүмкіндік береді. Биологиялық белсендіргіштердің 
табиғи қосылысы – плацентадан (ұлпалық экстракт), албырт сүті, 
теңіз планктоны, микроэлементтер жəне т.б. жасалған сығындыдан 
тұрады. Ұлпалық экстрактілер, соның ішінде қанақ сұйықтықтары, 


126 
жоғарыда аталған ББЗ-дан басқа ферменттер мен гормондарға 
ацетилхолин жəне басқа да эстрогендерге бай. Ацетилхолин, кіші 
артериялардың кеңеюін, терінің аз мерзімді жеңіл қызаруын 
тудыруы мүмкін. Ацетилхолин, сонымен қатар ұлпалар трофика-
сын жақсарта алады, ол жасушалардың жаңаруына себеп болады. 
Байытылған гормональдық сығындылар теріні «жасарту», қорек-
тендіруге қолданылады, алайда олар əрдайым қауіпсіз бола бер-
мейді жəне жоғары белсенді гормональдық қосылыстардың болуы-
на орай, белгілі бір қауіпке ие болады. 
Биологиялық активті заттардың оңтайлы қосылыстары қағида-
лары бойынша – дəрумендер, ақуыздар, майлар, микроэлементтер, 
жəне де арнайы заттар – алкалоидтер, гликозидтер, сапониндер, 
фитонцидтер, фитогормондар косметикалық заттар əртүрлі 
өсімдік сығындыларын қолдануға негізделген. Өсімдік шикізатын 
(ӨШ) пайдалануға негізделген косметология саласы «фитокосме-
тика» атауына ие болды. Косметикалық заттардағы ӨШ басты 
артықшылықтарының бірі болып олардың табиғилығы табылады
ол жанама əсерлердің мүмкіндігін азайтады. Соның ішінде құлмақ, 
шырмауық, көпаяқ, джинжифилдан алынатын заттар гормонтəріз-
дес əсерге ие, олар ағзаға жұмсақ əсерімен ерекшеленеді. Өсімдік 
шикізаты компоненттерінің полифункционалдығы өсімдіктен 
алынған БАЗ синергетикалық əсерін шарттайды жəне оларды 
танымалырақ етеді. Косметикалық заттар құрамындағы өсімдік 
заттары ауруды басатын, антимикробтық əсерге ие, олар тері бетін-
дегі биохимиялық процестерді жақсартады, теріні əрлендіреді, 
қоректендіреді. Мысалы, розмарин сығындылары теріні əрлендіре-
ді, мыңжылдық сығындылары гемостатиялық əсерге ие. Безеулерді 
емдеуге арналған кремдердің құрамына фитоэстрогендері бар 
құлмақ сығындысы енеді, осындай əсерге жүгері сығындылары ие. 
Май раушаны гүлдерінен ауруға қарсы, аллергияға қарсы əсер-
ге ие сығындылар əртүрлі аллергияларда қолданылады. Түймедақ 
сығындыларындағы азулендер, фитостериндер, В
1
дəрумені, мине-
ралдық тұздар теріге регенирлеуші, ауруға қарсы əсерге ие, 
сонымен қатар су балансын реттеуге септігін тигізеді. Алоэ сығын-
дыларындағы дəрумендер, ферменттер, аминқышқылдары, стерин-
дер фитопрепараттардың негізінде теріге əрлендіруші, бактерицид-
тік, регенирлеуші, ылғалдандырушы əсерге ие. 


127 
Косметикалық заттар белсенді қосымшалар ретінде жеміс 
шырындары (апельсин, өрік, банан, лимон, грейпфрут, қияр, қыза-
нақ) БАЗ толық кешенінің – дəрумендердің, аминқышқылдары-
ның, қанттар, пептиндердің жəне т.б. болуына орай қолданылады. 
Синергетикалық əсерді көрсету үшін косметикалық заттарға 
ұлпа жəне өсімдік сығындыларын; аралардың өнімдерін; арнайы 
қосымшалардың болуы, мысалы, ылғалдандырушы, фотоқорғаныс-
тық қосымшалар косметикалық заттарға көп бағыт береді, ол осы 
заманғы косметикалық өнімді жасаудың үрдісі болып табылады. 
Арнайы косметикалық мақсатты заттар 
УК-сүзгілер – күн жарығының ультракүлгін спектрін жұтатын 
жəне шағылыстыратын заттар. Əрекет ету механизмі бойынша УК-
сүзгілер екі топқа бөлінеді: химиялық жəне физикалық фотоқор-
ғаныс əсері бар сүзгілер. 
Бірінші топқа молекулалары УК-сəуле жұтатын жəне оны 
ұзын толқынды сəулелерге айналдыратын заттар жатады. Бұл топ-
тың қосылыстары химиялық құрылымы бойынша келесідей бөлі-
неді: 
– п-аминобензой қышқылының туындылары (глицерил-п-
бензоат; 
– этил-п-аминобензоат, аллантоин-п-амино-бензоат жəне т.б.; 
– цинамилиден сірке қышқылы туындылары (метилдиизопро-
пилциннамилиденден сірке қышқылы, 2-этилгексил-1-циано-2-
фенилциннамилиден сірке қышқылы жəне т.б.); 
– салицил қышқылының туындылары (2-этилгексилсалицилат, 
дипропиленгликольсалицилат, триэтаноламинсалицилат жəне т.б.); 
– бензофенон туындылары (2,4-диоксибензофенон, 2,2-диок-
си-4-метокси-бензофенон жəне т.б.); 
– өсімдік туындыларының қосылыстары (алоэ, грек жаңғағы-
ның, итшомырт, салаубас, түймедақ, шайқурайдың сығындылары). 
Екінші топқа күн спектрінің УК бөлігін көрсететін заттар 
жатады. Бұл фотоқорғаушы субстанциялары ұсақталған минерал-
дық заттардан немесе қолдан жасалған пигменттерден тұрады. 
Физикалық жарық сүзгішті косметикалық препараттарды теріге 
жаққан кезде осы заттар УК-сəулелерді шағылыстыратын қабат 
құрайды. Физикалық жарық сүзгіштеріне металл тотықтары 
жатады (Ті, Zn, Ce, Fe). 


128 
Шашты бұзатын заттар (депилирлеуші қосымшалар) – депи-
лирлеуші əсерлі косметикалық препараттарда кератин аминқыш-
қылдарының дисульфидті байланыстарын бұза алатын жəне 
сəйкесінше шаш толықтығын бұза алатын заттар қолданылады. 
Қалпына келтіруші күш ретінде сілтілік жəне жер сілтілік метал-
дардың сульфидтері (Na
2
S, CaS, Li
2
S, SrS) қолданылады. Қазіргі 
уақытта тиогликол жəне тиосүт қышқылдарының сілтілік жəне жер 
сілтілік металдарының тұздары сияқты меркаптан туындылары кең 
қолданылуда. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   82




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет