195
XII тарау
КОСМЕТИКАЛЫҚ ЛОСЬОНДАР
Kосметикалық лосьон – белсенді əсер
етуші заттардың су
немесе су-спирт түріндегі тері күтіміне арналған құрал.
Лосьондар тағайындалуы мен
пайдалану орнына қарай топ-
тастырылады.
Тері жабынның физиологиялық
ерекшеліктерін ескере
отырып, тері жəне оның жапсарлас бөліктерінің күтіміне арналған
лосьондар төмендегідей топтастырылады:
– қалыпты жəне құрғақ тері күтіміне арналған лосьондар;
– майлы тері күтіміне арналған лосьондар;
– мəселелі тері күтіміне арналған лосьондар;
– қол терісінің күтіміне арналған лосьондар;
– шаш жəне шаш терісінің шашты бөлігінің күтіміне арналған
лосьондар;
тағайындалуына байланысты:
– гигиеналық, оның ішінде пигменттеуші;
– емдеу-профилактикалық.
Тағайындалуы гигиеналық түрге
жататын косметикалық
лосьондар тазалаушы əсермен қамтамасыз етеді, теріні жасартып,
жұмсартады, қырыну процесін жеңілдетеді.
Құрамында спирті бар лосьондар сапасын бақылау «ТУ 64-19-
64-90 Косметикалық лосьондар» талаптарына сəйкес
іске асыры-
лады. Органолептикалық жəне физикалық-химиялық
көрсеткіш-
тері бойынша лосьондар 6-кестеде келтірілген талаптарға сəйкес
болуы қажет.
6-кесте
Достарыңызбен бөлісу: