23
жобаны басқаруда қоршаған ортаны шартты алыс жəне жақын ортаға
бөледі.
ИҚЖ алыс шеңберіне кіреді:
мемлекеттің жəне оның ішкі жəне сыртқы саясатының
тұрақтылығын анықтайтын қоғамның саяси-экономикалық жағдайы;
ИҚЖ басқарудың отандық жəне шетел субъектілерінің жобаны
жүзеге асыруда олардың жарамдылығын анықтайтын мемлекетте жүзеге
асатын заңдар мен құқықтар;
ИҚЖ жүзеге асырылатын мемлекеттің жəне
қоғамның
интеллектуалды потенциалын анықтайтын ғылым мен техниканың
жағдайы;
ИҚЖ жүзеге асатын кеңістіктің географиялық ыңғайлылығын
анықтайтын табиғи-экологиялық шарттар.
ИҚЖ жақын ортасына сурет 1.2-де көрсетілген салалар кіреді.
ИҚЖ жүзеге асыруды басқаратын фирма. ИҚЖ жүзеге асыруды
басқаратын ұйым (фирма) рөлінде сəйкес
лицензиялары, атап айтқанда,
тапсырыс беруші функциясын атқаруға арналған, бар ұйым бола алады.
Шекараны басқарушы аумақтық органдар. Бұл органдарға
мемлекеттік басқару органдары (қала, облыс, аудан əкімшілігі) сияқты
жергілікті өзін-өзі басқару органдары да (муниципалды бірлесулер,
аумақтық-қоғамдық өзін-өзі басқару) жатады.
Сурет 1.2. ИҚЖ жақын ортасының сұлбасы
24
ИҚЖ жүзеге асыру барысында ж
обаны қадағалау, сараптау,
бақылау органдары. Оған басты ҚР құрылыс жəне тұрғын үй -
коммуналдық шаруашылық істері комитеті жəне т.б. жатады.
Материалдар нарығы дүкендер, мекемелер жəне тауарлық биржалар
арқылы жүзеге асатын көтерме жəне жеке сауда желісін құрайды.
Жабдықтар нарығы дүкендер, мекемелер жəне биржалар арқылы
жүзеге асатын көтерме жəне жеке сауда желісін құрайды.
Еңбек нарығы жұмыс берушілер
мен жалдамалы жұмысшылардың
байланысын қамтамасыз ететін шаралар мен ұйымдастыру кешені.
Мердігер мекемелер нарығы тікелей құрылыс мекемелерінен жəне де
жөндеу жұмыстарын жəне пайдалануды жүзеге асыратын мекемелерден
тұрады.
Капиталдар нарығыинвестициондық қызметпен айналысатын, яғни,
салынған капиталдан пайыздар алу мақсатында əр түрлі жобаларға капитал
салумен айналысатын ұйымдар жиынтығын құрайды.
Көлік қызметтерінің нарығы ИҚЖ жүзеге асыру кезіне
қолданылатын көлік қызметтерінің барлық түрін біріктіреді.
Жобалық жəне инженерлік қызметтердің нарығы инженерлік-
экономикалық тиімді шешімдерге бағытталған əр түрлі жобалық
ұйымдардың,
құрылымдық бюролардың жəне басқалардың жиынтығын құрайды.
Ақпараттық қызметтер нарығы абоненттер арасында түрлі
ақпараттық байланысты қамтамасыз ететін барлық ұйымдарды жəне
өндіріс, тауар, қызметтер жайлы ақпаратты тарататын (жарнамалық
қызмет) ұйымдарды біріктіреді.
Тауарлар мен қызметтерді
өткізу нарығы ИҚЖ маркетинг негізінде
жүзеге
асырумен байланысты; оған тауарларды жəне қызметтерді сатуды
ұйымдастыру саласы кіреді.
Достарыңызбен бөлісу: