Құ республ жə а ұрылы ликасы əңгір ха аграрлы ыс өн



Pdf көрінісі
бет24/91
Дата14.09.2023
өлшемі1.57 Mb.
#477622
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   91
Құрылыс өндірісін ұйымдастыру

Бақылау сұрақтары 
1. 
Концептуалды деңгейдің соңында инвестицияны негіздеу не 
мақсатпен жүргізіледі? 
2. 
Салынып жатқан нысанға жер телімін алу неге негізделеді 
жəне қашан жүзеге асырылады? 
3. 
Операционды кезең құрамына құрылысқа қажетті шығындар 
кіре ала ма? 
4. 
Инвестияны негіздеу кіммен жүзеге асырылады? 
5. 
Қаржы ағынының құрамына қандай екі құрам кіреді? 
2.2. Құрылыстағы инженерлік-техникалық жəне экономикалық 
зерттеулер 
 
Жалпы ережелер. Инженерлік зерттеулерді жүргізу реті жəне 
ұйымдастыруға қойылатын талаптарҚНжЕ 11-02-96 «Құрылысқа арналған 
инженерлік зерттеулер. Жалпы ережелер» көрсетілген.
Зерттеулер құрылыс трассасының, алаңқайының жəне алаңының 
экономикалық жəне инженерлік-техникалық зерттеулерінің кешені ретінде 
анықтайды.
Олар болашақ нысанның пайдаланылуы жəне құрылысы шарттарын 
жан-жақты талдауға, экономикалық мақсаттылығын негіздеуге, бар 
кəсіпорындардың қайта жасалу немесе жаңа кəсіпорындардың салыну 
көлемін жəне техникалық мүмкіндіктерін анықтауға, жобалау үшін 
бастапқы мəліметтерді дайындауға мүмкіндік береді.
Жеке жағдайда, құрылыс үшін инженерлік зерттеулер құрылыс 
нысаны аумағының (округінің, ауданының, алаңқайының, телімінің
трассасының) техногендік жəне табиғи шарттарын кешенді зертеуге, бұл 
нысандардың қоршаған ортамен байланысы болжамын жасауға, олардың 
инженерлік жəне тұрғындарының өмірінің қауіпсіздігін негіздеуге 
мүмкіндік беретін құрылыс қызметінің бірі болып табылады.
Құрылысқа арналған инженерлік зерттеулер мəліметтерінің негізінде 
жоба алды құжаттарды дайындау, сонымен қатар, қала салу құжаттары, 
құрылысқа инвестицияны негіздеу, кəсіпорын құрылысының, онымен қоса, 
кеңейту, қайта жасау жұмыстары, техникалық жарақтандыру, нысандарды 
пайдалану немесе жою жұмыс іс-қағаздарын жəне жобаны дайындау 
жүзеге асады. 
Экономикалық зерттеулер құрылысты шикізатпен, жергілікті 
материалдармен, жанармаймен, электрэнергиясымен, сумен, газбен, 
жылумен, жұмыс кадрларымен, баспаналармен, мəдени-тұрмыстық 
мекемелермен қамтамасыз ету нұсқаларын анықтау жəне негіздеу үшін 
қажет.


45 
Бұл зерттеулер жобалауға бекітілген тапсырманы тапсырыс 
берушіден алған соң, басты жобалық мекемемен жүргізіледі.
Экономикалық зерттеулер үшін бастапқы мəліметтерді жинау 
өнеркəсіп салаларының даму схемасының, аумақтық-өнеркəсіптік жəне 
өнеркəсіптік түйіндерді жобалаудың техникалық-экономикалық негіздеуі, 
транспорттық 
сұлбалардың 
техникалық-экономикалық 
есептеулері, 
қоршаған ортаны қорғаудың техникалық-экономикалық есептеулері жəне 
т.б.негізінде жүреді.
Экономикалық зерттеулерге қажетті мəліметтердің бір бөлігі 
мəліметтер банкінен жəне резервті алаңдар паспортінен алынуы мүмкін. 
Экономикалық зерттеулер кезінде құрылыс ауданының экономикалық 
дамуы зерттеледі, қажетті жəне бар қорлардың базасы жасалады, қор 
қажеттігін жабу ұсыныстары жасалады, тұрғындар саны анықталады, оның 
құрылыс дамуы кезіндегі өсу динамикасы жəне де сəйкес тұрғын жəне 
əлеуметтік құрылыс динамикасы анықталады.
Экономикалық зерттеулер мəліметтері құрылысқа инвестицияны 
негіздеу кезінде жəне жобаны жəне оған қатысты жұмыс құжаттарын 
жобалаудың келесі кезеңдерінде бастапқы мəлімет ретінде қарастырылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   91




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет