Құ республ жə а ұрылы ликасы əңгір ха аграрлы ыс өн



Pdf көрінісі
бет69/91
Дата14.09.2023
өлшемі1.57 Mb.
#477622
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   91
Құрылыс өндірісін ұйымдастыру

Бақылау сұрақтары 
1. Құрылыс алаңындағы қай құжатқа, құрылысты бақылаушы 
тұлғалардың ескертулері жазылуы мүмкін? 
2. Талаптардың материалдық жүкқұжаттардан айырмашылығы неде? 
3. Қандай есеп негізінде статистикалық есеп мəліметтері жасалады? 
4. Жасырын жұмыстарға қандай құжат жəне кім жасайды жəне оның 
ерекшелігі неде? 
5. Жұмыстар сапасы дегеніміз не жəне ол неге сəйкес болуы керек? 
6. Мемлекеттік қабылдау комиссиясы жəне жұмысшылардың 
жұмысы мен құрамындағы ұқсастықтар мен айырмашылықтар неде? 
4.3. Құрылыстың материалдық-техникалық базасы 
 
Жалпы ережелер. Құрылыстың материалды-техникалық базасы 
ретінде (ҚМТБ) құрылыс мекемелерінің кəсіпорын жəне шаруашылық 
жүйелері, құрылыс материалдарының өндірістік кəсіпорындары, сонымен 
қатар, кейбір құрылысқа қызмет көрсетуші салалар түсініледі. 
ҚМТБ құрылымы үш құрама бөліктен тұрады: 
1) 
құрылыс-жинақтау; 
2) 
өнеркəсіптык өндірістік; 
3) 
инфрақұрылымдық. 
Құрылыс- жинақтау бөлігі құрылыс үдерісін, яғни, құрылыс 
өндірісінің соңғы өнімін – ғимараттар, тұрғын кешені, құрылымдар жəне 
мекемелер, жасалуын жүзеге асыратын құрылыс-жинақтау мекемелерін 
қосады. 
Кəсіпорынның өндірістік қуаты – бұл прогрессивті нормалар, 
алдыңғы технологиялар жəне өндірісті ұйымдастыру бойынша уақыт 
шамасында (əдетте бір жылда) өнімді өндірудің максималды мүмкін 
болатын көлемі. 
Құрылыс-жинақтау мекемесінің қуаты құрылыс өндірісінің көлемі 
арқылы анықталады. 
Шығарылатын өнімнің санына, жұмысшылар санына, негізгі 
фондтардың көлеміне байланысты олар ірі, орташа жəне шағын болуы 
мүмкін. 


137 
Өндірісті тиімді ұйымдастырудың бір түрі ретінде мамандандыру 
өнім тізімінің қысқаруын жəне оның бұл өндірісте сериялығының артуын 
қамтамасыз етеді.
Мамандану деңгейіне байланысты құрылыс-жинақтау мекемелері 
келесі категорияларға бөлінеді: 
 мамандаған, 
құрылыс-жинақтау 
мекемесі 
құрылымдық-
технологиялық белгілері бойынша біртекті құрылыс өнімін шығарады 
жəне құрылыс-жинақтау жұмыстарының біртекті түрін орындайды; 
 əмбебап, жалпы құрылыс мекемесі құрылымдық-технологиялық 
белгілері бойынша əртекті құрылыс өнімін шығарады жəне технологиясы 
жағынан əртекті жұмыстар түрлерін орындайды, мысалы, бетон, тас, 
жинақтау жəне т.б. 
Құрылыс-жинақтау мекемелері мамандану түрлері бойынша келесі 
категорияларға бөлінеді: 
 салалық, құрылыс-жинақтау мекемесі белгілі бір сала негізінде 
құрылыс-жинақтау жұмыстарын орындауға бағытталған, мысалы, машина 
жасау, электр құрылысы жəне т.б.; 
 технологиялық, құрлыс-жинақтау мекемесі технологиясы жағынан 
біртекті құрылыс-жинақтау жұмыстарын орындауға бағытталған, мысалы, 
электрмонтаждау, санитарлық-техникалық, сылақ жəне т.б.; 
 пəндік, құрылыс-жинақтау мекемесі тағайындалуы бойынша 
біртекті құрылыс өнімін шығаруға бағытталған, мысалы, тұрғын 
ғимараттар (көппəтерлі, бірпəтерлі жəне т.б.), өндірістік жəне ауыл 
шаруашылық нысандар, мəдени-тұрмыстық нысандар жəне т.б. 
Өнеркəсіптік-өндірістік бөлік – бұл құрылысты индустриалды 
(өнеркəсіптік) материалдармен қамтамасыз ететін өнеркəсіптік-өндірістік 
кəсіпорынармысалы, цемент, кірпіш, ерітінді, бетон жəне басқа да 
жартылай фабрикаттар; өнімдермен, мысалы, метал, ағаш, құрылмалы 
темірбетон жəне т.б. 
Өнеркəсіптік-өндірістік мекемелер ұйымдастырушлық құрылымына, 
мамандандырылуына жəне бірлестірілуіне байланысты төрт топқа 
бөлінеді: 
1) құрылыс материалдарының жеке түрлерін шығару бойынша тар 
шеңберде мамандандарылған; 
2) басқа 
сала 
мекемелерінің 
негізінде 
ұйымдастырылған 
мамандандырылған жəне басқа сала мекемелерінің қалдықтарын өңдеуші; 
3) өнімді шектелген аудандық пайдалу құрылыс материалдары, 
өнімдері мен құрылымдары; 
4) құрылыс-жинақтау мекемесінің құрамына кіретін, яғни, құрылыс-
жинақтау мекемесінің балансында орналасқан. 
Өнеркəсіптік-өндірістік мекемелер мамандандырылу түрі, бірлестіру, 
қосу, өндіріс көлемі, шоғырлану сипаты жəне қызмет түрі бойынша 
жіктеледі.


138 
Инфрақұрылым бөлігі – бұл құрылыс-жинақтау мекемелері мен 
өнеркəсіптік-өндірістік 
мекемелер 
арасындағы 
қарым-қатынасты 
қамтамасыз ететін өнеркəсіп жəне көлік байланыстарын жүзеге асырады, 
атап айтқанда: 
 материалдарды, өнімдер мен құрылымдарды тасу; 
 материалдарды, өнімдер мен құрылымдарды қоймалау жəне 
сақтау; 
 өндірістік-технологиялық қамтамасыз ету; 
 көліктерге, механизмдерге жəне жабдықтарға қызмет көрсету жəне 
жөндеу; 
 кадрлардың кəсіби дайындығы жəне қайта дайынығы; 
 əлеуметтік-тұрмыстық шарттарды жасау. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   91




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет