137
Өндірісті тиімді ұйымдастырудың бір түрі ретінде мамандандыру
өнім тізімінің қысқаруын жəне оның бұл өндірісте сериялығының артуын
қамтамасыз етеді.
Мамандану деңгейіне байланысты құрылыс-жинақтау мекемелері
келесі категорияларға бөлінеді:
мамандаған,
құрылыс-жинақтау
мекемесі
құрылымдық-
технологиялық белгілері бойынша біртекті
құрылыс өнімін шығарады
жəне құрылыс-жинақтау жұмыстарының біртекті түрін орындайды;
əмбебап, жалпы құрылыс мекемесі құрылымдық-технологиялық
белгілері бойынша əртекті құрылыс өнімін шығарады жəне технологиясы
жағынан əртекті жұмыстар түрлерін орындайды, мысалы, бетон, тас,
жинақтау жəне т.б.
Құрылыс-жинақтау мекемелері мамандану түрлері бойынша келесі
категорияларға бөлінеді:
салалық, құрылыс-жинақтау мекемесі
белгілі бір сала негізінде
құрылыс-жинақтау жұмыстарын орындауға бағытталған, мысалы, машина
жасау, электр құрылысы жəне т.б.;
технологиялық, құрлыс-жинақтау мекемесі технологиясы жағынан
біртекті құрылыс-жинақтау жұмыстарын орындауға бағытталған, мысалы,
электрмонтаждау, санитарлық-техникалық, сылақ жəне т.б.;
пəндік, құрылыс-жинақтау мекемесі тағайындалуы
бойынша
біртекті құрылыс өнімін шығаруға бағытталған, мысалы, тұрғын
ғимараттар (көппəтерлі, бірпəтерлі жəне т.б.), өндірістік жəне ауыл
шаруашылық нысандар, мəдени-тұрмыстық нысандар жəне т.б.
Өнеркəсіптік-өндірістік бөлік – бұл
құрылысты индустриалды
(өнеркəсіптік) материалдармен қамтамасыз ететін өнеркəсіптік-өндірістік
кəсіпорынармысалы, цемент, кірпіш, ерітінді, бетон жəне басқа да
жартылай фабрикаттар; өнімдермен, мысалы, метал, ағаш, құрылмалы
темірбетон жəне т.б.
Өнеркəсіптік-өндірістік мекемелер ұйымдастырушлық құрылымына,
мамандандырылуына жəне бірлестірілуіне
байланысты төрт топқа
бөлінеді:
1) құрылыс материалдарының жеке түрлерін шығару бойынша тар
шеңберде мамандандарылған;
2) басқа
сала
мекемелерінің
негізінде
ұйымдастырылған
мамандандырылған жəне басқа сала мекемелерінің қалдықтарын өңдеуші;
3) өнімді шектелген аудандық пайдалу құрылыс материалдары,
өнімдері мен құрылымдары;
4) құрылыс-жинақтау мекемесінің құрамына кіретін, яғни, құрылыс-
жинақтау мекемесінің балансында орналасқан.
Өнеркəсіптік-өндірістік мекемелер мамандандырылу түрі, бірлестіру,
қосу, өндіріс көлемі, шоғырлану сипаты жəне қызмет түрі бойынша
жіктеледі.
138
Инфрақұрылым бөлігі – бұл құрылыс-жинақтау мекемелері мен
өнеркəсіптік-өндірістік
мекемелер
арасындағы
қарым-қатынасты
қамтамасыз ететін өнеркəсіп жəне көлік байланыстарын жүзеге асырады,
атап айтқанда:
материалдарды, өнімдер мен құрылымдарды тасу;
материалдарды, өнімдер мен құрылымдарды қоймалау жəне
сақтау;
өндірістік-технологиялық қамтамасыз ету;
көліктерге, механизмдерге жəне жабдықтарға қызмет көрсету жəне
жөндеу;
кадрлардың кəсіби дайындығы жəне қайта дайынығы;
əлеуметтік-тұрмыстық шарттарды жасау.
Достарыңызбен бөлісу: