§ 81. Етістер Етістіктің мағынасында болатын семантикалық категорияның бір түрі
етістер. Етістік арқылы белгілі іс, қимыл, амал, әрекет айтылатын болса, кейде
сол қимыл, амалдың істі істеуші адамға қарым-қатынасы да көрсетіледі.
Мысалы: Бала хат жазды деген сөйлемде жазу қимылы айтыл-ған да, оны
істеушінің бала екендігі айтылған. Бала інісіне хатты жаздырды деген
сөйлемде де бастауыш – бала, бірақ жазу қимылын істеуші баланың өзі емес,
ол қимылды бала өзге біреу арқылы, яғни інісі арқылы істеткендігі
көрсетіледі. Ал хат жазылды деген сөйлемде бастауыш – хат, бірақ жазу қимылын істеуші хат емес. Керісінше, хат солқимылдың әрекетіне ұшырап
тұр. Жазу қимылы хаттың ырқынан тыс. Хат өзі жазылғысы келіп жазылған
жоқ, оны біреу жазған соң жазылып тұр.
Сөйтіп, қимылдың, іс-әрекеттің істі істеуші адамға немесе іспен бай- ланысты затқа қарым-қатысын білдіретін етістіктің түрі е т і с деп аталады. Етістер мағынасына, морфологиялық тұлғасына қарай төрт түрлі болады:
1) негізгі етіс, 2.өздік етіс, 3) өзгелік етіс, 4) ырықсыз етіс, 5) ортақ етіс.
1.Негізгі етіс. Өзге етіс формаларына таяныш, негіз болатын , солар- дың түрлерін, мағыналарын, қызметтерін салыстырып, айқындайтын етістіктің түрін н е г і з г і е т і с дейді. Негізгі етіс түбір етістіктен де, туынды етістіктен де, күрделі етістіктен де
жасалады. Мысалы: бар, кел, сөйле, шөлде, ақта, арала, қарайла, құрсаула, оян, қуан, құшақта, ермек ет, еңбек сіңір, ән сал, түсініп ал, сұрап қой т.б. 2.Өздік етіс. Іс, қимыл, амал әрекеттің сол істі істеушінің өзіне жұм- салуын білдіретін етістіктің түрін ө з д і к е т і с дейді. Өздік етіс сабақты етістіктің түбіріне - ын, - ін жұрнақтары жалғану
арқылы жасалады. Бұл жұрнақтар дауысты дыбыстан кейін - н түрінде
жалғанады да, дауыссыз дыбыстардан соң -ын, - ін түрінде жалғанады.
Мысалы: Мен тарандым. Сен жуындың. Ол киінді. Болат шешінді деген
сөйлемдерде тарау, жуу, кию, шешу қимылын бірінші, екінші, үшінші жақ-
тағы адамдардың өздеріне жұмсағандығы айтылады.
117-жаттығу. Төмендегі берілген етістіктерден өздік етіс жасап, сөйлем құрап
жазыңдар.
Ора, қымта, сұра, ойла, жақ, сүрт.
3. Өзгелік етіс. Қимыл, амалды істі істеушінің өзі істемей, басқа біреу