Қазақ тілі лексика, фонетика, морфология мен синтаксис



Pdf көрінісі
бет321/337
Дата26.09.2023
өлшемі3.22 Mb.
#478549
түріОқулық
1   ...   317   318   319   320   321   322   323   324   ...   337
аза тілі лексика, фонетика, морфология мен синтаксис

 
207-жаттығу. Мына сөйлемдерді оқып шығыңдар да, әуелі бірыңғай жарыспалы 
сабақтастарды, сонан соң әр алуан жарыспалы сабақтастарды те-ріп жазыңдар. 
1) Біз сағат таңертеңгі 11-де барсақ, ол күннің нормасы түгел орындалып, 
еңбек екінші норманың есебіне атқарылып жатыр екен. (С. М.) 2) Биыл мұз 
қатарда қатты дауыл соғып, сең жүріп, балықшылар үлкен апатқа ұшыраған. 
(Ә. С.) 3) Денені жер тартып, көз қарауытып, бұлдырай түседі. (Д. Т.)  
Мұрнының ұшы тершіп, басынан күн өтіп, Бақанастың ыстығына наразы боп, 
асығып келеді. (М. Ә.) 5) Біз Доннан өтіп Днепрге жеткенше, одан кейін де 
жас жауынгер Васяны жиі-жиі еске алып, ұдайы аңыз етіп едік. 6) Жан-
жағымыздан мина мен снарядтар жарылып, жердің жентек-жентек тоң 
топырақтары түтінмен араласып, сапырылыса жөнелгенде жер үй жанынан 
кішкентай ғана бала көрінді. (Д. Т.) 7) Қазір екі қыз бөлініп алға шыққанда, 
олардың көрінісіндегі елден ерекше бір жайды байқап, Оспан қатты күліп 
жіберді. 8) Ол сурет қалай болса-солай іліне салмай, әдейі әйнекке салынып, 
ең көрнекті және құрметті-ау деген жерге жоғары ілінген. (Д. Т.) Түсі сұрла-
нып, екі танауы желбірей түсіп, тентек көздері жиреніш отын шашып отыр. 
(М. Ә.) 10) Қайырбек пен Баршагүл кешікпей-ақ бір бүйірде кетіп бара жатқан 
Михаилдарға қолдарын бұлғап, Тасегеннің батыс жоталарына шығып, биіктен 
биікке өрлей бастады. (Ғ. Сл.)
§ 161. Сатылы сабақтас сөйлем 


Бағыныңқы сөйлемдері басыңқы сөйлемге тура бағынбай, біріне-бірі 
бағынып барып, ең соңғысы арқылы басыңқымен байланысқан көп 
бағыныңқылы сабақтастың түрін с а т ы л ы б а ғ ы н ы ң қ ы л ы с а 
б а қ т а с қ ұ р м а л а с с ө й л е м дейді. 
Мысалы: 
1) Терезенің түбінен ңатты жүрген аттылар өтіп, ауыл иті шабалаңдай 
үріп қоя бергенде, үйдегі шешелер ояу еді. (М. Ә.) 
Бұл сабақтас сөйлемде өзара байланысып барып, ұласып бір күрделі ойды 
білідіріп тұрған үш жай сөйлем бар, оның екеуі — бағыныңқы сөйлемдер де, 
біреуі — басыңқы сөйлем. Бағыныңқы сөйлемдер басыңқыға өз бетімен тура 
бағынбай, бірінші бағыныңқы екінші бағыныңқы сөйлемге бағынып барып, 
екінші бағыныңқы сөйлем арқылы басыңқы сөйлемге бағына байланысып тұр. 
Сатылы көп бағыныңқылы сабақтас сөйлемге енген бағыныңқылы 
сөйлемдердің басыңқы сәйлеммен байланысу амалын, тәсілін айқынырақ 
түсіну үшін мына сөйлемді кестеге түсіріп көрелік. Мысалы: Сөз соған 
тіреліп, екеуі үнсіз отырғанда, есікті ептеп ашып Айдар енді. (Ғ. М.) 
Мұнда үш сөйлем бар: екеуі — бағыныңқы сөйлем де, біреуі — басыңқы 
сөйлем. Бағыныңқы сөйлемдер біріне-бірі бағынып барып, соңғысы арқылы 
басыңқыға бағынып тұр. Оны мына кестеден көруге болады: 
басыңқы сөйлем 
есікті ептеп ашып Айдар енді. 
II бағыныңқы 
Қ а ш а н ? 
екеуі үнсіз отырғанда, 
I бағыныңқы 
Қ а й т ы п ?
сөз соған тіреліп, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   317   318   319   320   321   322   323   324   ...   337




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет