Қазақ тілі лексика, фонетика, морфология мен синтаксис


ФОНЕТИКА, ГРАФИКА ЖӘНЕ ОРФОЭПИЯ



Pdf көрінісі
бет5/337
Дата26.09.2023
өлшемі3.22 Mb.
#478549
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   337
аза тілі лексика, фонетика, морфология мен синтаксис

ФОНЕТИКА, ГРАФИКА ЖӘНЕ ОРФОЭПИЯ 
 
§3. Фонетика туралы жалпы түсінік 
 
Фонетика (гректің фоне — дыбыс деген сөзінен алынған) — тілдегі 
дыбыстар, олардың жасалуы, жүйеленуі және дыбыс заңдарын қарастыратын 
тіл ғылымының бір бөлімі. 
Зерттейтін мәселесі — дыбыс. Сондықтан дыбыс деген сөздің мағынасын 
анықтап алу керек. 
Дыбыс деген сөздің беретін мағынасы кең. Жаратылыстағы серпінді 
(сығылмалы) мүшенің, нәрсенің қимылынан пайда болған, құлаққа естілетін 
үннің бәрі дыбыс деп аталады. Мысалы, бағанға керілген сымға желдің 
соғылып, сымның толқуынан, қозғалысынан белгілі дәрежеде монотондық үн 
(дыбыс) шығады, сондай-ақ, домбыраның шегіне адамның қолы тиюінен шек 
толқиды да, дыбыс пайда болады. Бірақ бұл дыбыстар — физикалык кұбы-
лыс. Сондықтан олардың жігі ажыратылмаған монотонды болып келеді де, 
әлеуметтік мәні, мағыналық сапасы болмайды. Мұндай дыбыстардың жаса-
луы мен сапасы физикада зерттеледі. 
Фонетиканың зерттейтін дыбыстары — адамның дыбыстау мүшелерінің 
қызметі арқылы жасалатын, бір-бірінен сапалық жағынан ажыратылған, 
әлеуметтік мәні бар тіл дыбыстары. 
Тіл дыбыстарының мәні бұлардың бірнешеуінің тіркесіп белгілі заттың
нәрсенің, құбылыстың, ұғымның, қимылдың атауын білдіріп, мағыналы сөз 
құрап тұратындығында. Мысалы, мал, мол, бол, бел, сан, сән деген сөздердің 
бәрі де үш дыбыстан жасалып тұр. Бұлардың біріншісі мен екіншісі, үшіншісі 
мен төртіншісі және бесіншісі мен алтыншысы дыбысталуы жағынан біріне-
бірі ұқсас. Сөйте тұрса да, мағыналары әр түрлі. Олардың мағыналарын және 
көрінісін түрлендіріп тұрған а—о, о—ө, а —ә дауысты дыбыстарының 
сапалық мәнінің әр түрлі екендігі. Сол сияқты қыс, қыз, жан, жал, тон, тоң 
деген сөздер де дыбысталуы жағынан бір-бірімен ұқсас болғанмен, олардың 
мағыналарын ажыратуға сеп болып тұрған сөз аяғындағы дауыссыз с — з, н 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   337




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет