Қазақ тілі лексика, фонетика, морфология мен синтаксис


тіс түбі (альвеал), таңдай, кішкене тіл, иек



Pdf көрінісі
бет8/337
Дата26.09.2023
өлшемі3.22 Mb.
#478549
түріОқулық
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   337
аза тілі лексика, фонетика, морфология мен синтаксис

тіс түбі (альвеал), таңдай, кішкене тіл, иек. 
Тіл. Бұл — дыбыс шығаруда көп жұмыс атқаратын өте жылжымалы мүше. 
Ауыз қуысында бірде ілгері-кейін, бірде жоғары-төмен жүйткіп, ауыз қуы-
сындағы өзге мүшелерге не қақтығысып, не жуысып тұруынан дыбыстарға әр 
түрлі өң беріледі. 
Ерін. Дыбыс шығаруға қатысы бар жылжымалы мүшенің бірі — ерін. Екі 
ерін бір-біріне жымдасып тұрып, өкпеден келген ауаның оны бұзып етуінен п, 
б дыбыстары пайда болса, астыңғы еріннің үстіңгі ерінмен тіске келіп 
қақтығысуынан ф, в дыбыстары шығады да, екі еріннің дөңгеленіп, алға қарай 
шүйіріліп тұруынан о,ө, ұ, ү, у дыбыстары жасалады. Сол сияқты ды-быс 
шығаруда екі еріннің кейін жиырылуынан да дыбыс сапасы өзгереді. 
ТІС. Кейбір дыбыстарды шығаруда тістің де белгілі мөлшерде қатысы 
болады. Бірақ бұл — жылжымалы мүше емес. Ауыз қуысындағы жылжы-малы 
мүшелер тіл мен еріннің тіске жуысуынан не соқтығуынан дауыссыз 
дыбыстардың түрлері жасалады.
Таңдай. Мұның өзі қатты тандай, жұмсақ таңдай болып екіге бөлінеді. 
Қатты таңдай үстіңгі күрек тіс тұрған қызыл иектен басталады да, ең соңғы 
тістің тұсынан бітеді. Жұмсақ таңдай ең соңғы тістің тұсынан басталып, 
кішкене тілден барып бітеді. Тілдің ұшы, орта, артқы шенінің бірі не қатты 
таңдайға, не жұмсақ таңдайға жуысуынан я соқтығуынан дыбыстардың сапасы 
өзгеріп шығады. 
Кішкене тіл. Кішкене тіл бірде мұрын жолын жауып тұрады да, өкпеден 
келе жатқан ауаны ауыз қуысына қарай өткізеді. Бірде ауыз жолын жауып 
тұрады да, өкпеден келе жатқан ауаны мұрын қуысына өткізеді. 
Иек. Иек ауыз қуысын бірде кеңейтіп, бірде тарылтып тұрады. Иек төмен 
түссе, ауыз қуысы кеңейеді де, ашық дауысты дыбыстар пайда болады. Иек 


11 
жоғары көтерілсе, ауыз қуысы тарылады да, қысаң дауысты дыбыстар пайда 
болады. 
Қуыс мүшесінің екінші түрі — м ұ р ы н қ у ы с ы. Мұрын қуысының 
дыбыс шығарудағы қызметі кішкене тілмен тығыз байланысты. Кішкене тіл 
ауыз жолын жауып тұрады да, өкпеден келе жатқан ауаны мұрын жолы 
арқылы өткізеді. Содан барып мұрын жолы м, н, ң үнді (сонор) дауыссыз 
дыбыстары пайда болады. Бұл дауыссыз дыбыстар мұрын арқылы айтыл-
ғанымен, олардың жасалуы ауыз қуысындағы кедергі мүшелердің қызметі 
арқылы болады. Сондықтан да жасалуы жағынан ерін дауыссызы (м) тіл ұшы 
дауыссызы (н) тіл арты дауыссызы (ң) деп аталады. 
Тілдегі барлық дыбыстар дауыстың қатысына қарай, яғни дыбыстарды 
шығарудағы дауыс шымылдығының керіліп не жиырылып тұруына қарай
д а у ы с т ы д ы б ы с т а р, д а у ы с с ы з д ы б ы с т а р деген үлкен екі 
топқа жіктеледі. 
Д а у ы с т ы дыбыстардың дауыссыз дыбыстардан артикуляциялық 
(жасалуы) жағынан да, тілдегі атқаратын қызметі жағынан да белгілі айырма-
шылығы бар. 
Дауысты дыбыстарды шығаруда дауыс шымылдығы барынша мол керіліп 
тұрады да, оның толқуынан діріл пайда болады. Сол дірілден пайда болған 
дауыс ауыз қуысы арқылы кедергісіз шығады. Ал дауыссыз дыбыстарды 
шығаруда дауыс шымылдығы жиырылып тұрады да, діріл пайда болмайды. 
Бола қалса да, сәл ғана болып, дауыстың қатысы болмай, ауыз қуысындағы 
кедергі мүшелердің бір-біріне соғылуынан пайда болған салдыр ғана болады. 
Дауысты дыбыстарды шығаруда дыбыстау мүшелеріне күш түседі, ал дау-
ыссыз дыбыстарды шығаруда күш ауыз қуысындағы кедергі мүшелерге ғана 
түседі. 
Дауысты дыбыстар буын құрай алады да, дауыссыз дыбыстар буын кұрай 
алмайды. 
Дыбыс пен әріп — екеуі екі түрлі ұғымды білдіретін сөздер. Ауызекі 
сөй-леу тілінде дыбыстау мүшелері арқылы айтылып, есту мүшелері арқылы 
сезі-летін физикалық құбылысты тілде д ы б ы с деп атайды. Ол көзге 
көрінбейді. Жазу тілінде сол дыбыстарды таңбалау үшін алынған белгілерді
ә р і п дейді. Сөйтіп, әріп — дыбыстың таңбасы. Дыбыс — тарихи дәуірлерге 
бірдей қатысты, түбірлі өзгерістерге көп ұшырамайтын табиғи, тұрақты тілдік 
құбылыс, тілдің материалдық қабыршығы. Ал әріп — дыбыстың таңбасы 
ретінде қолдан жасалған шартты белгі. Сондықтан адам өзінің керегіне қарай, 
жазуға жеңілдік туғызу үшін жеке дыбыстардың таңбаларын (әріптерді) 
өзгертіп отыруы мүмкін. Мысалы, қазақ тіліндегі қатаң Т дыбысы көне түркі 
(орхон-енисей) жазба ескерткіштерінде , араб графикасында , 1940 
жылға дейінгі латын әліпбиінде  таңбаларымен таңбаланса, қазіргі 
қолданыста т әрпімен таңбаланып жүр. 
Әріп дыбыстардың таңбасы болғанмен, оның саны тілдегі дыбыстардың 
санымен бірдей болуы шарт емес. Әрбір тілдің ерекшелігіне байланысты, 


жазуда жеңілдік туғызу үшін, жазу тіліндегі әріп саны әр түрлі болып келуі 
мүмкін. 
Қазіргі казақ тілінде 37 дыбыс , 42 әріп бар. Қазақ тіліндегі сөз мағынасын 
және сөз тұлғасын түрлендіруге жарайтын фонемалар (дыбыстар) мыналар: а, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   337




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет