Сабақтарды қысқа мерзімді жоспарлау бойынша Әдістемелік ұсынымдар по краткосрочному планированию



Pdf көрінісі
бет11/181
Дата27.09.2023
өлшемі6.44 Mb.
#478867
түріСабақ
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   181
final-1

Көлденең және тік жоспарлау 
Соңғы жылдары білім беру саласында мұғалімдердің топтық 
жұмысына бағытталған сабақтарды тік және көлденең жоспарлау 
түрлері де танымал бола бастады. Сонымен қатар жоспарлаудың мұндай 
түрлері мұғалімдер арасында кәсіби өзара әрекеттесуді қамтамасыз 
етуге және оқытудың тиімді болуына оң әсер етеді. 
Мысалы, тік жоспарлау - бұл бір пән мұғалімдерінің жалпы бір 
топтағы бірлескен жұмысы болып табылады. Ол тігінен (сыныптан 
сыныпқа) негізгі бағыттарды, түсініктерді, әмбебап оқу әрекеттерін 
(ӘОӘ), оқыту дағдылары мен тәсілдерін теңестіретін оқыту нұсқаулығын 
әзірлеуге және енгізуге бағытталған. Тік жоспарлау аясында мұғалімдер 
оқу мақсаттарына жету үшін табыстың негізгі өлшемшарттарын және 
белгілі бір дағдыларды дамытуға ықпал ететін оқу іс-әрекетінің түрлерін 
бірлесіп анықтайды. 


16 
1-кесте. Оқу дағдыларын дамытуға ықпал ететін қызмет 
түрлерінің мысалдары 
Дағдылар 
Іс-әрекет түрлері 
Сұрақ қою қабілеті 
Рөлдік ойындар 
(себеп-салдарлық байланыстарды, 
заңдылықтарды және т. б.) анықтау 
Әртүрлі ақппарат көздерімен (құжаттар, 
карталар, интернет-ресурстар) жұмыс 
істеу
Тарихи дереккөзді бағалау және 
пайдалану 
Жоспар құру 
Ойларды ауызша және 
жазбаша(дәлелді) түрде білдіру
Баяндамалар 
Дәлелдеу (түсіндіру, мысалдар келтіру) 
Эссе, пікірталас 
Салыстыру, қорытынды жасау 
Есеп беру 
Дереккөз: Stepik білім беру платформасы және онлайн курстар дизайнері 
https://stepik.org/lesson/377120/step/1 
Бір пән мұғалімдері топта жұмыс істейтін тік жоспарлаудан 
көлденең жоспарлаудың айырмашылығы, бұл жоспарлау түрін бір 
параллельде оқытатын әртүрлі пән мұғалімдері жүзеге асырады. 
Көлденең жоспарлау кезінде мұғалімдер оқушылардың оқуындағы оң 
серпінді қамтамасыз ету үшін тұрақты негізде бірлескен кездесулер 
өткізуі керек (2-кесте). 
Осылайша, мұғалімдер параллель сыныптарға, бір сыныпқа, 
сондай-ақ ерекше қажеттіліктері бар оқушыларға арналған 
бағдарламаның барлық көлеміне сәйкес оқытуды жоспарлау үшін 
бірлесіп жұмыс істейді. Көлденең жоспарлау үдерісінде оқыту мен білім 
берудің келесі аспектілері мен тәсілдері қарастырылуы мүмкін: 
• 
саралау; 
• 
ресурстарды бөлісу; 
• 
білім алушылардың жүктеме мәселелерін шешу (үй 
тапсырмасының көлемі); 
• 
орта және ұзақ мерзімді жоспарларды пәнаралық 
интеграциялау және теңестіру; 
• 
бірлескен міндеттерді жобалау; 
• 
бір параллельде оқитын білім алушылар үшін оқу үдерісін 
жоспарлау. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   181




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет