Сабақтарды қысқа мерзімді жоспарлау бойынша Әдістемелік ұсынымдар по краткосрочному планированию



Pdf көрінісі
бет13/181
Дата27.09.2023
өлшемі6.44 Mb.
#478867
түріСабақ
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   181
final-1

Тік жоспарлаудағы 
интеграция нүктелері
Әмбебап оқу 
әрекеттері 
(дағдылар)
Оқытудағы
тәсілдер
Көлденең жоспарлаудағы 
интеграция нүктелері
Пәндік мазмұны
Әмбебап оқу 
әрекеттері 


18 
нәтижелер күтетілетінін түсінуге көмектеседі. Оқу мақсаттары 
мұғалімдерге де, оқушыларға да карта ретінде қызмет етеді, өйткені олар 
мұғалімдерге сабақты қалай жүргізу керектігін жоспарлауға көмектеседі 
(Ornstein & Lasley, 2004). 
Сабақтың нақты мақсаттарын анықтаудың маңыздылығына 
қарамастан, сабақты жоспарлаудың осы кезеңі мұғалімдер үшін ең 
қиын кезеңдердің бірі болып табылады. Бірқатар зерттеушілердің 
пікірінше, мұғалімдер үшін сабақты жоспарлаудағы ең көп кездесетін 
қателік 
– 
оқу мақсатының анық болмауы (Jones et al., 2011). Кең 
эмпирикалық жұмыстардың нәтижелері сабақты жоспарлауда нақты 
мақсаттың болмауы мұғалімдердің бір сабақта көптеген ақпаратты 
жеткізуге тырысуына, ал ол оқушыларды қиын жағдайға әкеліп 
соқтыратынын көрсетті. Сонымен қатар, сабақтың дұрыс қойылмаған 
мақсаттары негізгі оқу дағдылардың жеткіліксіз дамуына және білім 
алушылармен жеке жұмыс жасауға уақыттың жетіспеуіне әкелуі мүмкін. 
Сондықтан мұғалімдер үшін сабақтың мақсатын нақты анықтау 
оларға тиімді сабақ өткізуге мүмкіндік беретінін түсіну өте маңызды 
(Straessle, 2014). Сондай-ақ, зерттеу мемлекеттік стандарттар нені үйрету 
керектігін анықтау үшін жақсы бастама екенін көрсетті (Straessle, 2014). 
Сабақты жоспарлаумен байланысты басқа да мәселелердің 
қатарында білім алушылардың әртүрлі білім беру қажеттіліктері 
мен мүмкіндіктеріне сәйкес келетін, олардың білім деңгейін, түсінігі 
мен дағдыларын арттыруға, сондай-ақ оқытылатын пән контекстінде 
ынтасын арттыруға ықпал ететін сыныптағы оқу іс-әрекетін жоспарлау 
болып табылады. Ол үшін сабақ жоспары алдыңғы оқытуды ғана емес, 
сонымен қатар білім алушылардың тәжірибесін, мүмкіндіктері мен 
қажеттіліктерін, олардың жаңа оқытуды қабылдауға дайын немесе 
дайын еместігін ескеруі керек (Butt, 2008). Сонымен қатар, барлық іс-
әрекеттер сабақтың мазмұнына, сабақтың өткізілу уақытына және 
сабақтың тоқсан / оқу жылының басында, ортасында немесе соңында 
өткізілуіне қарамастан қызықты түрде жасалуы керек. 
Сонымен қатар, зерттеулер мұғалімдердің сабақ барысында 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   181




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет