Х. Д. Чурин атындағы «Менеджмент және агробизнесті ұйымдастыру»



Pdf көрінісі
бет102/132
Дата28.09.2023
өлшемі1.21 Mb.
#478931
1   ...   98   99   100   101   102   103   104   105   ...   132
oku kural personald baskar

 
 
 
Жағдайды қарастыру ережелері. 
Оқу тобы әрқайсысы 5-6 адамнан тұратын басқарушылық командаларға 
бөлінеді,олар жағдайдың жорамалданған жолымен, ережелерімен және сонымен қатар 
жұмыстың нәтижесін бағалау тәсілімен танысады. 
Әрбір команда өзіне танымал кәсіпорынды таңдайды, кәсіпорынның атқаратын 
жұмысына және оған жүктелген функциялар сипатына талдау жасайды.Сол жұмыстардың 
бірін таңдап, соған сәйкес маманды іріктеу мәселесін шешеді. Талқылау аяқталған соң 
команда еңбек ресурстарын іріктеудің негізгі кезеңдеріне сәйкес келетін құжаттар пакетін 
қалыптастырады.


96 
Басқарушылық командалар құрған құжаттар пакеті әрбір команда топбасшылары 
және жүргізуші оқытушы кіретін сараптамалық кеңеске беріледі. Сараптамалық кеңес 
барлық командалардан құжаттар пакетін алғаннан кейін немесе жүргізуші оқытушы 
анықтаған мезеттен бастап өз жұмысына кіріседі. Сараптамалық кеңестің міндеті
ұжымдармен атқарылған жұмыстың сапасы мен толықтығын бағалау. 
 
Проблемалық жағдайларды зерттеу жолдары. 
А. Кәсіпорынның мәселесін тиянақты шешу үшін жұмыстың сипаттамасын тұжырымдап, 
мазмұндау керек. 
Жұмыстың мазмұны төменгілерді қамту керек: 

Жұмыстың мақсаты 

Кәсіпорынның мәселесін шешудегі жұмыстың рөлі 

Жұмыстың негізгі нәтижелері 

Қызметкерлерді жұмысқа қабылдау, ұйымның қаржылық және басқа да 
ресурстарын пайдалану 

Ұйымның басқа бөлімшілерімен байланыстың барлығы және оның құрамы 
Б. Бос орынды иелену үшін үміткерлерге қойылатын біліктілік талаптарын тұжырымдау 
және баяндау. 

Денсаулығы туралы мәліметтер 

Білімі және мамандық деңгейі 

Интеллектуалдық деңгейі 

Қызметкерге қажетті қабілеттері 

Жеке мүдделері 

Мінезі 

Мотивациясы 

Басқа жағдайлар 
Бұл жағдайда сипаттамалардың маңыздылығын және оның керекті деңгейі мен 
өмірде болатын оның қайшылықтарын көрсету керек. 
Біліктілік талаптарын дайындауда тұжырымдардың нақтылығы мен айқындылығын 
қамтамсыз ету қажет, олардың шикілігі құжаттың дайындалу сапасын төмендетеді және 
үміткерлерді таңдау қиынға соғады. 
Құжатты 4.2.-кестеде келтірілген түрде жасау ұсынылады. 
В.  Бос орынға басқа кісіні қабылдау үшін жарнамалық іс-қағазын жасап шығару керек. 
Үміткерге қойылатын нақты талаптарды құрастырғаннан кейін, бос орын, яғни 
ваканция туралы мәлімет жариялау қажет. Ол үшін жарнама жасалады, ал ол 
төмендегілерді қамту керек: 

Белгілі бір үміткерлер тобына бағытталуы қажет 

Еңбекақысы туралы нақты мәлімет болуы керек 

Конкурс жарияланған нақты компанияны көрсетуі керек. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   98   99   100   101   102   103   104   105   ...   132




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет