Х. Д. Чурин атындағы «Менеджмент және агробизнесті ұйымдастыру»


Персоналды ынталандырудың мәні мен қажеттілігі. Еңбекті ынталандыру



Pdf көрінісі
бет83/132
Дата28.09.2023
өлшемі1.21 Mb.
#478931
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   132
oku kural personald baskar

Персоналды ынталандырудың мәні мен қажеттілігі. Еңбекті ынталандыру-
бұл ең алдымен сыртқы ниеттену күші,персонал уәждемесінің материалдық қабықшасы 
және адамның еңбек ортасындағы жүріс-тұрысына әсер ететін еңбек жағдайының бір 
бөлігі. 
Персоналды ынталандыру кезінде еңбекақының уәждемелік функциясы келесі 
шарттарды қамтиды: 
- әрбір жұмыскердің жалақы мөлшері ең алдымен оның ұжымдық еңбек нәтижесіне 
қосқан жеке үлесі арқылы анықталуы тиіс 
- шығарылып жатқан өнімінің тұтынушылық қасиеттеріне, сапасы мен күрделігіне 
байланысты еңбекақының түрлері де көбеюі тиіс 
- білікті жұмыс күшін қалыптастыруға қажет мемлекетпен қабылданған аз мөлшерлі 
еңбекақының көлемі мен әр түрлі еңбек үлестері бар жұмыскердің әлеуметтік жағдай 
деңгейінің сапалық айырмашылығын көрсететін ең жоғары еңбекақымен ара қатынасымен 
сақтай отырып, еңбекақының ынталандыру аумағын кеңнйту керек. 
- қазіргі кезде сыйақы еңбек белсенділігін аз ынталандырады, көбіне басшылардың 
талабы орындалмағаны үшін жазалау ретінде қолданылатындығы белгілі. 
2. Қызметкерлер еңбегінің өтемақы жүйесі. Өтемақы жүйесінің мақсаттары. 
Кәсіпорын қызметкерлерінің өндірістік тәртібін, ынтасын алда тұрған стратегиялық 
мәселеге жетуге бағыттап отырады, қызметкерлердің материалдық қызығушылықтарын 
ұйымның стратегиялық мәселелерімен біріктіру өтемақы жүйесінің негізгі мағынасы 
болып табылады. 
Өтемақы қызметкерлерді ұйымдар үшін қажетті іс-әрекеттер жасауға бейімдеуі 
тиіс.Өнімділік, шығармашылық, тәжірбие және кәсіпорын философиясына берілгендік 
сияқты адами сапалары өтемақы жүйесі арқылы ынталандыруы керек. 
Өтемақы жүйесі бір жағынан, ұйымдағы әрбір қызметкерге жақсы түсінікті болуы 
қажет. 
Өтемақының дәстүрлі жүйесі. Өтемақының дәстүрлі жүйесі қызметкердің 
ұйымынан алатын өтемақысы екі элементтен - негізгі және қосымша. 
Жалақы - ұйым қызметкерге өзіне жүктелген міндетті орындағаны үшін белгілі 
бір мерзімде төленетін ақшалай өтемақы. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   132




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет