ЖАС ЗЕРТТЕУШІЛЕРДІҢ
НАУЧНЫЕ РАБОТЫ
ҒЫЛЫМИ ЕҢБЕКТЕРІ
МОЛОДЫХ ИССЛЕДОВАТЕЛЕЙ
93
сы түсінді. Ал мұндай жағдай өз кезегінде бектер мен билердің қоғамдағы маңызын арттыр-
ды.
– Ал мұнан кейінгі ХVІІ-ХVШ ғасырларда билер институты өзіне ғана тән классика-
лық үлгісіне жетіп, өз алдына тәуелсіз институт болды. Олар қазақ қоғамындағы ішкі тәртіп-
терден бастап, адамдардың өзара мәмілесінің бұзылуын және сол кезеңде болып түратын
құн, жесір, жер, мал-мүлік дауларын қарап өз шешімдерін беріп отырған. Бұл тұстағы билер
институтының функциясы тек қана ішкі саяси-құқықтық қатынастарды реттеумен шектеліп
қана қоймай, сонымен қатар сыртқы саяси қарым-қатынастарды реттеуде де маңызды рөлді
атқарған саяси тетік те болып табылды.
Көрсетілген кезеңде қазақ қоғамындағы билер институты басқа әлеуметтік кұрылым-
дардан бөлек, өз алдына жеке құрылым деп айтуға келмейді. Өйткені, билер «қара қылды қақ
жарған» әділеттігімен де, суырын салма жыраулығымен де би, батыр, жырау, шешен, ақын
ұғымдарын бір басына сыйғыза білген қоғамдық-саяси қайраткерлер болды.
Бұл кезеңде «би» ретінде халыққа танылудың өзі оңай болған жоқ. Екінің бірі «би»
бола алмады. Бұл жөнінде Ш. Уәлиханов былай деді: «қазақтарда кұрметті би атағы халық
тарапынан қандай да сайлау жолымен немесе халықты билеп отырған өкіметтің бекітуімен
емес, тек сот рәсімін терең білетін, оған қоса шешендік өнерін меңгерген казаққа ғана беріл-
ген. Би атану үшін қазақ халық алдында әлденеше рет шешендік сайысқа түсіп, өзінің заң-
жораны білетіндігін, шешендігін танытатын болған. Мұндай адамдардың есімі желдей есіп,
әлейім жұртқа таралып, біріне емес бәріне де танылған» (Ш. Уәлиханов, 1985, 135 б.).
Дәл осыған ұксас пікірді Абай да айтады: «...бұл билік деген біздің казақ ішінде әрбір
сайланған кісінің қолынан келмейді. Бұған бұүрынғы «Қасым ханның қасқа жолын», «Есім
ханның ескі жолын» әз-Тәукенің Күлтөбенің басында күнде кеңес болғандағы «Жеті жарғы-
сын» білмек керек. Һәм, ол ескі сөздердің қайсысы заман өзгергендіктен ескіріп, бұл жаңа
заманға келмейтұгын болса, оның орнына татымды толық билік шығарып, тілеу саларға
жарарлық кісі болса керек» (А. Құнанбаев, 1961, 442 б.).
Ш. Уәлиханов пен Абайдың бұл пікірлеріне қарағанда қазақ қауымында «би» атағын
алу үшін адамға екі шарт койылғанын байқаймыз. Біріншісі, әдет-ғұрып заңын жетік білу жә-
не заман өзгергендігіне байланысты уакыт талабына сай жаңа заң нормасын шығара алатын -
дай болу керек. Екіншісі, алдына келген адамдарды сөзбен үйіріп алып кететін табиғи ше-
шендік қабілеті болу керек болды.
Көрсетілген ХVІІ-ХVШ ғасырларда билер институты құрылымдық жүйесі бойынша
бірнешеге бөлінді. Мәселен, сол кезеңдегі қоғамдағы беделі мен орнына қарай, билер: ата би,
төбе би, қатар би, жеке би, төтен би, бала би болып бөлінді. Бұлардың әрқайсысы құқықтық
қатынастарда өзіне тиесілі әр түрлі қызметтер мен міндеттерді атқарды. Енді әрқайсысьна
жеке-жеке тоқтала кетейік.
Ата би – бұрын билік құрған, талай істер мен даулардың тағдырын шешіп елге таныл-
ған, қартайғандықтан билік тізгінін ізінен ерген кіші билерге тапсырған адам. Ол биліктен
қарттығына байланысты қалғанымен, кейінгі билер қауымы оны ақылшы, кеңесші ретінде
тұтынып, бата алып отырған. Сонымен қатар ата би – «өзім болдым, өзім толдым, кейінгілері
өздері білсін» деп кем ойламаған жан болған. Әр ата би өзінен кейінгі ұрпақтың, елдің жоғын
жоқтайтын, ел ұйтқысы боларлықтай ер азаматтардың жетілуін ешқашан да ойларынан шы-
ғармаған. Мүмкіндігінше жас ұрпаққа өздерінің ақылдарын айтып тәжірибелерімен бөлісіп
отырған.
Төбе би – елдік немесе аймақтық аумақта сайланып қойылатын қаламыш билер. Төбе
билерді сайлайтын халық емес, билер болған. Әрине, дау болған кезде дауласушы жақтар
төбе биді өздерінің арасынан сайлаған немесе сырттан екі жаққа да қатысы жоқ биді төбе би
етіп сайлаған. Белгілі бір дауда төбе би болу үшін дауласушы жақтың билері сөзбен жарыс-
қан, өздерінің шешен екендіктерін керсеткен. Бұл сайыста шағым беруші жақ пен жауап бе-
руші жақ та және олардың араға салар адамдары да (талапкер билер) жолдарының үлкендігін
айтып, төбе би болуға өздерінің ұсынған адамдарының құқығы барын дәлелдеуге тырысқан.
|