дейін əзірленеді жəне стандарттау бойынша техникалық комитетінің, мемлекеттік басқару
органдарының, жеке жəне заңды тұлғалардың ұсыныстарымен қалыптастырылады.
Мемлекеттік стандарттау жоспарына ұсыныстар жоспарлау кезінде стандарттау,
метрология жəне сертификаттау органы бойынша өкілетті Комитетінің мүдделі жеке
жəне заңды тұлғалармен беріледі. Түскен ұсыныстарды талданады, жоспардың жобасын
жасап жəне мүдделі ұйымдарға пікірге жіберіледі. Пікірді алғаннан кейін мемлекеттік
стандарттау жоспарының жобасының соңғы редакциясы қалыптастырылады жəне
жылдың 1 желтоқсанына дейін стандарттау, метрология жəне сертификаттау Комитетіне
қабылдауға жіберіледі.
Мемлекеттік жоспарлардың
орындалуын стандарттау, метрология жəне
сертификаттау Комитеті бақылайды.
Жоспарлар стандарттарды əзірлеу, қайта қарау жəне қолданыстағы стандарттарға
өзгерістер енгізу бөлігінде стандарттау жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру жəне түзету
мақсатымен əзірленеді.
Стандарттау жұмыстарының жоспары екі бөліктен тұрады:
- мемлекеттік стандарттау;
- мемлекетаралық стандарттау.
Жоспарға:
- стандарттау, метрология жəне сертификаттау саласында негізге алынатын
нормалар мен талаптарына арналған мемлекеттік жəне
мемлекетаралық стандарттарды,
жалпы техникалық нормалар мен халықтың өмірі мен денсаулығына, мүлкіне өнімнің,
процестердің (жұмыстардың) жəне қызмет көрсетулердің жəне қоршаған ортаға
қауіпсіздік нормаларын əзірлеуді, өнімді өндіріске жеткізуді, терминологияны,
сыныптауды, қабылдау ережелерін, сынамаларды сұрыптауды жəне
өнім сапасын бақылау
əдістерін, өнімді орау, таңбалау, тасымалдау жəне сақтау ережелерін;
- мемлекеттік стандарттарды халықаралық талаптармен үйлестіруді қосады.
Мемлекеттік стандарттарды əзірлеудің тапсырушылары ретінде мүдделі мемлекеттік
басқару органдары, ғылыми-техникалық, инженерлік жəне басқа да қоғамдық
бірлестіктер, заңды жəне жеке тұлғалар бола алады.
Жоспар бір жылға əзірленеді жəне мемлекеттік жəне мемлекетаралық стандарттау
жөніндегі жұмыстарды орындауға белгіленген тізбесімен, осы кезеңде үнемі
қолданыстағы құжат болып табылады.
Мемлекеттік стандарттау жоспарын қалыптастыру, келісу жəне бекіту тəртібі
Жоспар жоспарланған кезеңге
арналған стандарттау, метрология жəне сертификаттау
жөніндегі басым бағыттардан шығып, мүдделі мемлекеттік басқару органдары, ТК МТК,
мемлекеттік басқару органдары, ғылыми-техникалық, инженерлік жəне басқа да қоғамдық
бірлестіктер жəне басқа да жеке, заңды тұлғалардың ұсыныстары негізінде стандарттау,
метрология жəне сертификаттау жөніндегі уəкілетті органмен қалыптастырады.
Жоспарланған кезеңге ұсыныстар ағымдағы жылдың 15 маусымына дейін
ұсынылады.
Уəкілетті орган түскен ұсыныстарды талдайды, жоспарланған жылдың 1
қыркүйегінен кешіктірмей жоспарды қалыптастырады жəне жоспар жобасын мүдделі
мемлекеттік басқару органдарына жəне басқа да жеке, заңды тұлғаларға бағыттайды.
Сын-пікірлерді алғаннан кейін уəкілетті орган оны қабылдау
немесе жоспарланған
жылдың алдыңғы жылының 1 қазанынан кешіктірмей өңдеуге қайтару туралы шешім
қабылдау үшін жоспар жобасының соңғы редакциясын қалыптастырады.
Соңғы редакциясымен түскен өтінімдер мен түсіндірме хаттар тақырыптар саны
жағынан аналитикалық түрде жоспарланған жұмыстар, белгіленген басымдықтар,
нормативтік құжаттардың санаттары мен түрлері, жұмыс түрлері, əзірлеушінің
жұмыс
орындау мерзімі, қаржыландыру көздері қоса жіберіледі.
Түсіндірме жазбасында əзірлеуге түскен өтінімдердің жалпы саны, себептері
көрсетіліп қабылданбаған өтінімдердің саны, əзірлеудің ауыспалы тақырыбы көрсетіледі.
Жоспар жобасы уəкілетті органның ғылыми-техникалық кеңес (ҒТҚ) отырысында
қарастырылады. Жоспар жобасын қарағаннан кейін, уəкілетті орган, қажет болса, мүдделі
мемлекеттік органмен жəне басқа да заңды немесе жеке тұлғалармен (егер олар жоспар
жобасына ұсыныстарды ұсынса) жоспар жобасының соңғы редакциясын қосымша келісу
туралы шешім қабылдайды.
Мүдделі жақтардың ұсыныстарын ескеріп, уəкілетті органмен өңделген жоспар
қарауға жəне бекітуге ағымдағы жылдың 1 желтоқсанына дейін ұсынылады.
Жоспар жобасы туралы ақпарат уəкілетті органның веб сайтында орналастырылады.
Уəкілетті орган бекіткеннен кейін айлық мерзімде
мемлекеттік стандарттау
жөніндегі жұмыстар жоспарлары толық көлемде кезекті Қазақстан Республикасының
мемлекеттік стандарттарының ай сайынғы ақпараттық көрсеткішінде (ҚР МС АҚ)
жарияланады.
Достарыңызбен бөлісу: