-Міндетті талаптарды баяндаған кезде стандарт мəтінінде “тиіс”, “қажет”, “үшін талап
етіледі”, “тек рұқсат етіледі”, “тыйым салынады”, “болмайды” сөздерін қолдану тиіс;
-Ұсынылатындарға жататын басқа талаптар мен ережелерді баяндаған кезде “мүмкін”,
“дағдыдағыдай”, “қажет болса”, “болуы мүмкін”, “жағдайда” “рұқсат етіледі”,
“ұсынылады” жəне басқа сөздерді қолдану тиіс.
Стандарт мəтінін бөлу
Стандарт мəтінін бөлімдерге бөлу тиіс. Бөлімдер тармақ немесе бөлімше жəне
тармаққа бөліну тиіс. Тармақтар, қажет болеа, тармақшаларга боліну тиіс.
Бөлім, бөлімше,тармақ,тармақшаларды араб цифрларымен нөмірлеу жəне азат жол
шегінісінен жазылуы тиіс.
Тақырыптар
Стандарттардың бөлімдері мен бөлімшелерінің тақырптары болуы тиіс.
Тармақтарда əдетте, тақырыптар болмайды. Тақырыптар бөлімдер,бөлімшелер,
тармақтардың
мазмұнын анық, қысқа көрсету тиіс. Бөлімдері мен бөлімшелерінің
тақырыптары азат жол шегінісінен бас əріптен, аяғында нүктесіз, сызбай жазылуы тиіс.
Атап өтулер
Тармақ немесе тармақша ішінде атап өтулер келтірілуі мұмкін. Атап өтудің əр
жайғасының алдында сызықша немесе стандарт мəтінініде атап өтудің біреуіне сілтеме
қажет болса, соңында жақшасы бар кіші əріп қойады. Атап өтуды ары қарай бөлшектеу
үшін соңынан жақша қойылатын араб шифрларын пайдалану қажет. Атап өтудің соңына
үтірлі нүкте немесе нүкте қояды, əр жаңа жайғасым кіші немесе бас əріптен басталады.
“Нормативтік сілтеме ” құрлымдық элементінде атап өтілген құжаттар алдына сызықша,
жақшасы бар əріптік белгілер мен цифрлы белгілерді қоймайды.
Кестелер
Кестелерді, косымшалар
кестелерін қоспағанда, толассыз араб цифрларымсн
нөмірлеу тиіс. Баған такырыптары мен кесте жолдарын бас əріптен жазу тиіс. Кестелердің
тақырыптары мен тақырыпшалар аяғында нүкте қоймайды.
Формулалар
Формулаларды, қосымша формулаларды қоспағанда, жəй жақшаға алынады, араб
цифрларымен толассыз нөмірленуі тиіс.
Сілтемелер
Стандарт пен техникалық шарттарда сілтемелер мыналарға келтіріледі.
- осы стандартқа;
- белгіленген тəртіпте ҚР қолданылатын басқа стандарттарға;
- Техникалық реттемелерге, соның ішінде,мемлекеттік басқару органдарымен
қабылданған заңды жəне басқа нормативтік құқықтық актілер мен құжаттар жəне
мемстандартпен бекітілген нұсқаулар, аттестаттау əдістері, ережелер мен əдістемелік
нұсқаулар.
Ескерту жəне түсіндірме
Егер стандарт мəтіні, кестелер немесе кестелік материал мазмұнына түсіндірме
немесе анықтамалық деректср қажет болса жəне стандартта келтірілген жеке деректерді
түсіндіру кажет болса, онда сəйкес ескерту жəне түсіндірме қажет. I
Нег.: 1 [59-62], 9
Бақылау сұрақтары:
1. Стандарттардың түрлері жəне сипаттамасы.
2. Өнім мен қызмет стандарттары.
3. Бақылау əдістері жəне процесстер(жұмыстар) стандарттары.
4. Стандарттардың құрылымдық элементтері.
5. Стандарт мəтініне қойылатын талаптар.
Достарыңызбен бөлісу: