Лекциялардың қысқаша конспектілері 1 Лекция



Pdf көрінісі
бет10/27
Дата02.10.2023
өлшемі460.17 Kb.
#479466
түріЛекция
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   27
Лекнорм

Сəйкестендіру əдістері 
Сəйкестендіру əдістері мен өнім ерекшелігі мəселелеріне байланысты келесі 
əдістердің бірі немесе олардың үйлесуі пайдаланылуы мүмкін: 
- құжаттама бойынша; 
- аспаптық; 
- органолептикалық; 
- көзбен шолу; 
- өнімді – сынау. 
 Сəйкестендіру нəтижелері 
Нақты өнімнің сəйкестендіру нəтижелерін стандарттау, метрология, сертификаттау 
жөніндегі нормативтік құжаттамасымен, сəйкестендіру жөніндегі нормативтік 
құжаттамасымен ескерілген тəртіпте, ал олар жоқ кезде тұжырымдама түрінде 
ресімделеді. 
Тұжырымды дайындау кезде: 
- құжаттаманы сараптау; 
- аспаптық, органолептикалық жəне көзбен шолу тексерулерін, үлгілерді немесе 
өнімді сынау нəтижелерін пайдаланады. 
Тұжырымдамаға сəйкестендіру жүргізетін сарапшы немесе органның (мекеменің) 
уəкілетті тұлғасы қол қойадыжəне осы органның мөртаңбасымен расталады. 
Өнімді каталогтау жалпы өнімді сəйкестендіруге негізделеді, біртипті бұйымның 
бір-бірінен айырмашылығын қамтамасыздандырады. 
Өнімді каталогтаудың мемлекеттік жүйесін (ӨКМЖ) жасаудағы негізгі 
мақсаттары: 
· аумақтағы жəне мемлекеттегі шығарылған өнімнің автоматты түрде 
есептелуінің номенклатурасы; 
· жергілікті жəне мемлекеттік басқару органдарында шығарылып жатқан өнім 
туралы аналитикалық мағлұмат беру жəне оның негізгі сипаттамасын беру; 


· мекемелерді жəне басқа да тұтынушыларды сол шығарылып жатқан өнімнің 
негізгі сипаттамасы туралы жəне оның шығарылуы туралы жəне де сол өнім 
шығарылатын нормативті құжат туралы оперативті мағлұмат беру. 
ҚР территориясында шығарылған өнім каталогқа жазылады. Бірыңғай реквизиттер
жиынтығын құрайтын жəне нақты өнім туралы мəлімет алатын əр өнімнің атауы үшін 
каталогтау парағы құрылады. Онда: өнімнің атауы, белгіленуі, дайындаушысы, 
стандарттау бойынша нормативтік құжаты жəне техникалық құжаты, сəйкестігі, 
дайындаушының талаптары, сонымен қатар тұтынушы өнімінің сипаты туралы 
мəліметтер қамтылған. 
Каталогтау парағы мемлекеттік өнімді каталогтау реестрінде тіркеледі. 
 
 Мемлекеттік сыныптауыштарды жасау тəртібі.  
Техникалық-экономикалық 
жəне 
əлеуметтік 
ақпараттың 
Мемлекеттік 
сыныптауыштары(ТЭƏА МС) Қазақстан республикасының мемлекеттік стандартына 
теңестіріледі.
ТЭƏА МС мына жағдайларда жасалады :
- халық шаруашылығындағы басқару деректерінің жəне əртүрлі салалардағы 
салыстыруды қамтамасыз ету (салааралық қолдану); 
- мемлекеттік сыныптауыштары ақпараттық байланысы жəне олармен техникалық 
байланыс енгізуді қамтамасыздандыру;
ТЭƏА МС жасау жұмысы жəне енгізуге дайындық мына кезеңдерден тұрады: 
- сыныптауыштарды жасауды ұйымдастыру; 
- сыныптауыштарды жасауды əдістемесін құру жəне бекіту. 
- сыныптауыштардың бірінші редакция жобасын жасау; 
- сыныптауыштардың соңғы редакция жобасын бекіту;
- сыныптауыштардың басылымы;
- сыныптауыштарды енгізуді ұйымдастыру. 
Сыныптауыштарды 
жасауды 
ұйымдастыру 
кезінде зерттеу 
жұмыстары 
ұйымдастырылады, халықаралық, мемлекетаралық жəне басқа елдердің ұлтық 
сыныптауыштарын үйлесімділікті қамтамасыз ету мақсатында зерттеу жəне салыстыру.
Зерттеу жұмыстары негізінде сыныптауыштарды жасаудың əдістемесі құрылады.
Əдістеме Қазақстан республикасының мелекеттік стандартына сəйкес болуы керек, 
тапсырушы ұйыммен, қызығушылық танытқан министрлікпен жəне мемлекеттік 
сыныптауыштарды жасауға жауапты министрлікпен бекітілуі тиіс. 
Сыныптауыштардың бірінші редакция жобасы жасау əдістемеге сəйкес жəне 
келісімге сəйкес дайындалады. Жасаушы – ұйым сыныптауыш жобасын басқа ұйымдарға 
жəне сараптауға Қазақстан республикасының мемстандартына жібереді. 
Сыныптауыштар жобасын алған ұйым, пікір жазып бір ай ішінде қайтарады. 
Есептеулер жəне ұсыныстар негізінде сыныптауыштар жобасы аяқталады жəне түсіндірме 
жазбасы ұсынылады.
Жасаушы ұйым сыныптауыштар жобасын келісім нəтижелерін ескере аяқтайды
түсіндірме жазбасын дəлелдейді жəне оны бекітуге жіберу туралы шешім қабылдайды. 
Қабылданған шешімді хаттамамен рəсімдейді 
ТЭƏА МС Қазақстан республикасының мемстандартына сəйкес бекітіледі. Бекітер 
алдында МС жобасы берілген мерзімнен кейін бір ай ішінде сарптаудан өту керек.
Сараптаудың дұрыс нəтижесінде ТЭƏА МС ақырғы жобасы 3 данада Қазақстан 
республикасының мемстандартына өңдеуші құжаты болып бекітуге жіберіледі. 
Сыныптауыштар жобасымен бірге келесі құжаттамалар жіберіледі: 
- ілеспе хат; 
- сыныптауыштар жобасының соңғы редакциясына түсіндірме жобасы; 
- мемлекеттік сыныптауыштар жобасына пікірлер жиынтығы; 
- мемлекеттік сыныптауыштар жобасының соңғы редакциясын растайтын 
құжаттар; 


- сараптама нəтижелері бойынша қорытындылар. 
Мемлекеттік тіркеу Қазақстан республикасының мемстандартымен тіркеуге 
ұсынғаннан кейін 15 күн мерзімде бекітіледі. 
Нег.: 1 [56-58;69-71], 16 
Бақылау сұрақтары: 
1. Сыныптау обьектілері. 
2. Өнімді сəйкестендіру деген не.  
3. Сəйкестендіру мақсаты жəне нəтижесі. 
4. Каталогтау мақсаты. 
5. Сыныптауыштар категориялары жəне жасау кезеңдері. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   27




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет