Ауылшаруашылыєы жануарларыныѕ гигиенасы практикумы



Pdf көрінісі
бет11/79
Дата02.10.2023
өлшемі1.97 Mb.
#479521
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   79
Зоогигиена каз китап

КЕО = Ев/Ен · 100%
мұнда: Ев – қора ішіндегі жарықтану, лк; Ен – қора сыртындағы
жарықтану, лк.
Жарық күші 1 люмен жарық ағынымен 1 м
2
беттің
жарықтануын сипаттайтын люкспен (лк) анықтайды. Люмен жарық
ағыны 5305 ондаған миллиард шаршы метр ауданды платинаның қату
температурасындағы қара дене шығаратын абсолютті толық
сәулеленумен сипатталады.
Объективті люксметр Ю-117 
өзара иілгіш сыммен
байланысқан, люкспен градуирленген шкаласы әртүрлі тығыздықтағы
жарық сүзгілері немесе кедергі шунттарынан, жарыққа сезімтал селен
фотоэлементінен, тілшелі гальванометрден тұрады. Гальванометрдің
50 бөлікке бөлінген жарықты өлшеудің үш диапазонымен берілген
айналы шкаласы бар (лк): 0-25, 0-100,0-500. Жарықтанудың күшті
20


қарқындылығында (500 лк жоғары) фотоэлемент корпусына күңгірт
жарықжұтқыштарды кигізеді, олар шектерді 100 есеге, яғни 50000 лк
дейін арттырады. Жарықжұтқышты қолданғанда сандық көлемді 100–
ге көбейтеді. 
ЛД люминесцентті шамды қорадағы жасанды жарықты
өлшегенде люксметрдің көрсеткішін 0,9 түзету коэффициентіне, ал ЛБ
шамды қорада –1,15 коэффициентіне, ал кәдімгі қыздыру
шамдарында–0,8 коэффициентіне көбейту қажет.
Сурет 9 – Люксметр
Жарықтануды өлшеу ережесі: Құралды зерттелетін бетке
көлденең орналастырады. Фотоэлементті гальванометрмен қосып,
жарық сәулелерінің артық әсерінен бұзылуын болдырмау үшін қысқа
мерзімге ашады. Гальванометр тілінің шкаладан асып кетуі
жағдайында жарық сүзгілерін қолданады немесе өлшеу шегін
ауыстырғыштың қалпын өзгертеді. Тілдің ауытқу бұрышы және шкала
бөлінуілері бойынша жарықтану қарқынын люкспен анықтайды.
Өлшеуді аяқтағаннан кейін, фотоэлементті гальванометрден
ажыратып, жарық өткізбейтін тақташамен қалқалайды.
Жарықтануды өлшеуді тәулігіне үш рет (10, 13 және 16 сағатта)
далада және қорада жануарлар орналасқан жерде (мал тұратын
орынның немесе станоктардың әрбір қатарында және қора
ортасында), еденде және еденнен 0,5-1,6 м биіктікте жүргізеді. Құсты
торда ұстағанда – азық астауларында батареялардың сыртқы, ортаңғы
және жоғарғы қабаттары деңгейінде өлшейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   79




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет