Ауылшаруашылыєы жануарларыныѕ гигиенасы практикумы


Ауаның атмосфералық қысымын анықтау



Pdf көрінісі
бет8/79
Дата02.10.2023
өлшемі1.97 Mb.
#479521
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   79
Зоогигиена каз китап

2.3 Ауаның атмосфералық қысымын анықтау
 
 Жұмыстың мақсаты:
1) атмосфералық қысымның жануар ағзасына әсерін зерттеу.
2) мал қорасы ауасының атмосфералық қысымын өлшеуге
арналған құралдардың жұмыс істеу принциптерімен және
құрылысымен танысу. 
3) мал қорасы ауасының атмосфералық қысымын бақылау
әдістемесін меңгеру.
Жер шарын қоршап тұрған ауаның белгілі бір салмағы бар: теңіз
деңгейіндегі 1л ауа 1,294 г болады. Ауаға берілетін қысым
атмосфералық қысым деп аталады. Жер үстіндегі ауа теңіз
деңгейіндегі оның бетінің әрбір сантиметріне салмағы 1 кг (1029,8 г)
асатын жүк түсіретін шамада қысым түсіреді. 
Атмосфералық қысым бұл қысымды теңгеретін сынап бағанасы
биіктігімен өлшенеді. Қалыпты қысым деп 760 мм сынап бағанасы
немесе бар бірлігі есептеу қабылданған. Бір бар 750,06 мм сынап
бағанасы қысымға сай болады. Бар 1000 миммбарға бөлінеді (мбар).
Осыдан 1 мбар 0,75 мм сынап бағанасына, 1 мм сынап бағанасы
қысым 1,33 мбарға тең. Соңғы кезде қысым паскаль бірлігімен (Па)
өлшенеді. Паскаль – бір ньютон (бір ньютон – бұл, 1 кг салмақты
денеге 1м/с

жылдамдық беруші күш), күшпен туғызылатын және 1 м
2
12


аудан бетіне біркелкі таралған қысым. Бір гектопаскаль 100 паскальға
немесе 133,322 мм сынап бағанасына тең, ал қалыпты қысым 760 мм
сынап бағанасы 1013 гектопаскальға сәйкес.
Құралдар: Атмосфералық қысымды сынапты сифонды
барометрлермен және металл барометрлер-анероидтармен өлшейді.
Сынапты сифонды барометр – өте дәл құрал, бірақ абайлап
ұстауды және орын ауыстыруды қажет етеді. Сондықтан оны
зертханалық зерттеулерде және анероид барометрлерді тексеру
барысында қолданады. 
Барометр-анероид (БАММ) портативті құрал болып табылады
және гигиеналық зерттеу кеңінен қолданылады. Бұл құралдың
маңызды бөлігі іші қуыс жұқа қабырғалы гофралы түпті және
қақпақты металл қорап немесе таға тәрізді иілген жұқа қабырғалы
тегіс түтік болып табылады. 
Қорап немесе түтіктің ішінде сиретілген ауа (50-60 мм сынап
бағанасы)
болады. Атмсофералық қысымның ауытқуы нәтижесінде
қорап қабырғалары қысылып немесе томпаяды, ал түтік ұштары
бүгіліп, жазылады. Бұл өзгерістер тетіктер жүйесі арқылы
миллиметрлік немесе жарты-миллиметрлік бөліктерге бөлінген
циферблат бойынша жылжып тұрған тілшеге беріледі. Барометр-
анероидтың көрсеткіштері берілу тетіктеріндегі үйкелуді болдырмау
үшін сәл ғана саусақпен шынысынан ұрғаннан кейін жазады. 
Барометр-анероидты жабық қапта көлденеңінен сақтайды. 
Сурет 5 – Барометр-анероид
Барографты атмосфералық қысым өзгерістерін ұзақ бақылау
және жазып алу үшін қолданады. Барографтың негізгі бөлігі
сиретілген ауа толған ауа қысымының өзгеруін қабылдайтын жұқа
қабырғалы металл қорапша болып табылады. Қорап көлемінің өзгеруі
тетіктер жүйесі арқылы термографтағы сияқты барабанның
13


бөліктенген таспасына тәулік немесе аптаға атмосфералық қысымның
ауытқуы қисығын сызатын жазғыш тілшеге беріледі. 
Сурет 6 – Барограф
Бірмезгілде температураны, салыстырмалы ылғалдылық пен
атмосфералық қысымды өлшеу үшін әмбебеп баротермогигрометрді
қолданады.
Құралдармен жұмыс істеу ережесі. Атмосфералық қысымды
анықтағанда сифонды барометрді тек қана метеостанцияларда басқа
барометрлердің жұмыс істеу дәлдігін тексеру үшін қолданады.
Барометор-анероид қорада белгілі бір орынға орнатылады.
Жұмыс істеу бөлігі ауытқулары құрал тілшесіне берілетін ауасыз
металл қорап болып табылады. Атмосфералық қысым тәулік бойына
өзгеріп отырады, сондықтан құрал көрсеткішін жазып алуды бірнеше
рет жүргізеді. 
Барограф барометр-анероид принципімен жұмыс істейді, бірақ
атмосфералық қысымның өзгерістерінің көрсеткіштері барабан
таспасына жазылады. Құралды жұмыс күйіне орнатар алдында,
барографты бұранда арқылы оталдырады, барабанға таспаны бекітеді,
тілшені атмосфералық қысым деңгейіне апарады (барометр-анероид
көрсеткіші бойынша). Құралды орнатар кезінде тілшені құрғамайтын
глицерин сиямен толтырады. Апта немесе тәулік өткенде құрал
таспасының көрсеткішін жазып алады.
14




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   79




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет