Ауылшаруашылыєы жануарларыныѕ гигиенасы практикумы


Температураны өлшеу ережелері



Pdf көрінісі
бет4/79
Дата02.10.2023
өлшемі1.97 Mb.
#479521
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   79
Зоогигиена каз китап

2.1.3 Температураны өлшеу ережелері:
1) қорадағы ауа температурасын тәулігіне үш рет (таңертең,
кешке және түсте) дәл бір уақытта үш нүктеде (қораның ортасы мен
диагональ бойынша екі бұрышында) ұзынша қабырғалардан 3м және
шеттерден 0,8-1,0 м қашықтықта өлшейді. Тігінен жануарлардың жату,
тұру және малшылардың бойының деңгейінде:
а) сиыр қораларында – еденнен 0,5 - 1,2м және төбеден 0,6м;
б) шошқа және сиыр қораларында – еденнен 0,3 - 0,7м және
төбеден 0,6м; 
в) құс қораларында: еденде ұстағанда – еденнен 0,2 – 1,5 м және
төбеден 0,6; торда ұстағанда – өлшеу нүктелерін батарея арасындағы
жолда төменгі, ортаңғы және жоғарғы қабат клеткалары аймағында
таңдайды. 
2) термометр немесе термографты тікелей күн сәулесі
түспейтіндей, жылыту қондырғылары мен құралдарынан жылу, терезе
мен желдету каналдарынан суық келмейтіндей етіп орналастыру
қажет, термографты жануарлардан оқшау ұстайды.
3) әрбір нүктеде температураны өлшеу ұзақтығы термометрді
орнатқаннан бастап, 10-15 мин кем болмауы керек. 
6


1-кесте – Зерттеу нәтижелерін жазу
Қора________________________________
Зерттеу аймақтары 
Температура, 
о
С
еденнен 0,5 м биіктікте 
еденнен 1,2 м биіктікте
төбеден 0,6 м арақашықтықта
Орташа температура
2.2 Ауаның ылғалдылығын анықтау
Жұмыстың мақсаты
1) ауа ылғалдылығының жануар ағзасына әсерін зерттеу және
негізгі гигрометриялық өлшемдерді анықтау. 
2) мал қорасы ауасының ылғалдылығын анықтауға арналған
құралдардың жұмыс істеу принциптерімен және құрылысымен
танысу. 
3) ауа ылғалдылығын өлшеу әдістемесін меңгеру.
2.2.1 Ауа ылғалдылығын өлшеуге арналған құралдар
Ауа ылғалдылығын анықтау үшін: гигрометрлер, психрометрлер
және гигрографтарды қолданады. Қылды және металл гигрометрлер;
психрометрлері Август (статикалық) және Ассман (аспирациялық);
гигрографтар тәуліктік және апталық болады.
Ауаның ылғалдылығы оның температурасы сияқты, қораның
дәл сондай нүктелерінде тәулігіне үш рет анықталады.
Ауаның ылғалдылығы үнемі өзгереді және әртүрлі өлшемдер
немесе гигрометриялық көрсеткіштермен сипатталады.
Абсолюттік ылғалдылық (е) – берілген температурада бір
м
3
ауадағы су буының мөлшері (г) немесе серпімділігі.
Максимальды ылғалдылық (Е) - берілген температурада бір м
3
ауадағы су буының шекті серпімділігі немесе максимальды мөлшері
(г).
Салыстырмалы ылғалдылық (R) – пайызбен берілген абсолюттік
ылғалдылықтың максимальды ылғалдылыққа қатынасы:


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   79




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет