1. Жалпы тіл білімі пəні: нысаны, мақсаты, міндеттері



Pdf көрінісі
бет18/49
Дата04.10.2023
өлшемі1.14 Mb.
#479778
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   49
ЖТБ сессия ЖАУАПТАРЫ

27. Тілдің мəн-мағынасы
Тілдің ең басты мəні, оның қасиеті, ең алдымен- коммуникативтік қызмет
болып есептелінеді. Яғни тілдің осы қоғаммен қарым- қатынасын, адам
баласының тіл арқылы, осы қоғаммен байланысуының алғы шарты. Тіл мен
қоғамның байланысы өте маңызды, тіл қоғамсыз, қоғам тілсіз өмір сүре
алмайды.
Жалпылама айтқанда, тіл, ол- адамзат баласының сонау сан ғасылдан бергі
дамуының нəтижесі, көптеген еңбектерді қажет еткен кездегі қол жеткізген
жемісі, сан алуан қоғамға қызмет жасаған болатын. Тілдің адам арасының
қарым- қатынас жасау құрал болуы ол тілдің коммуникатифтік функциясы,
ой жəне дүниетанымды қалыптастыру, конструктивтік функциясы мен
рухани мəдениетті жасау қызметі болып саналады, сонымен қатар ұжымдық
тəжірибесінің жинақталуын каммулятивтік функциясы болып табылады. Тіл
адамзат баласының қатынас құралы мен қатар адамның ой, санасы
қалыптастырушы болып табылады, тілдің өзіне тəн өзіне тəн сипаты мен
құрылым жағынан алғандағы белгісін қарастырғанда- таңбалық жүйе. Яғни,
тіл- қарым- қатынас жасау құралы, экспрессивтік қызметті атқарушы, соны
жүзеге асырушы таңбалардың тарих жағынан алғанда, тарихи тұрғыда
қалыптастырған жүйесі.


28. Тіл жəне қоғам
Тіл- адам баласын қоршап жатқан қоғамның қажеттілігінен дүниеде пайда
болған, қоғамдық құбылыс. Яғни, тіл- адамзат баласының осы қоғамда бір-
бірін түсініп, ары қарай қарым- қатынас жасау құралы болып саналады.
Ауқымды түрде алған кезде, тіл арқылы хабар беру жəне де хабар қабылдап
алуға болады. Жəне де, өтінім қалдыру, рұқсат беру, бұйыру, бұйрық жасау
қызметін де атқарады.
Жоғары да айтылып кеткен мəселемен қатар, екінші айтарлықтай мəселе ол-
тілдің осы қоғамдағы қоғамдық дифференцияларын атап өтсек. Бұл дегеніміз,
тіл деген құралды, адамзат баласының қоғамдағы əлеуметтік топтарына
қарай, яғни шаруашылық кəсібиіне, мамандығына байланысты жіктелуі
қарастырылған. Екіншісі, территориялық дифференция. Бұл дегеніміз,
диаклектілерді, говоларды тілдің варианттарын беруге болады. Диаклектілер-
əрбір жердің, əрбір аумағына байланысты тілдің өзініне тəн маңызды
ерекшеліктеріне, ол фонетикалық, лексикалық, граматтикалық жағынан
қарастырып, бөлуімізге болады. Говорлар- деген сол аумақтың өз ішіндегі
адамның сөйлесу, тіл табысу ерекшелігінің болуымен кіші əрі шағын
аудандар.
Қорытындылайтын болсақ, тілсіз қоғамның, қоғамның тілсіз өмір сүруі
мүмкін емес, екеуінің байланысын бөлуде мүмкін емес. Тіл арқылы адамзат
баласы бір- бірімен байланыс жасайды, қоғаммен байланыс жасай алады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   49




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет