Жаңадан бастаушыларға арналған механикалық ӨҢдеу


Өзін-өзі бағыттау режимін іздеу



Pdf көрінісі
бет136/246
Дата04.10.2023
өлшемі6.75 Mb.
#479844
1   ...   132   133   134   135   136   137   138   139   ...   246
Білдектерді автоматтандыру

Өзін-өзі бағыттау режимін іздеу 
Алдын ала тексеріп көрудің тағы бір қиын тұсы – сүмбіде орнатылған бергішпен өлшеу 
(СББ көп мақсатты білдектерінде пайдаланылады) және айналғыш қалпақшаны алдын ала 
тексеріп көру (СББ жону білдектеріне арналған). Олардың екеуі де:
» Білдек жұмыс істеп тұрғанда бөлшектің сипаттамаларын өлшеу; 
» Алғашқы өңделген білдекті тексеру және нәтижелерін жазу; 
» Құралдың тозуына негіздей отырып, жұмыс түзетімін және құралдың ұзындығын
жаңалау;
» Бөлшектің дұрыс бекітілгенін тексеру;
» Сынған бөлшектердің бар-жоғын тексеріп, көмекке жүгіну үшін қолданылуы мүмкін. 
Осы функциялардың барлығы (тіпті көбі ) әдеттегідей саптаманы бұрау арқылы қол 
режимінде бірнеше батырманы басу арқылы офф-лайн түрінде немесе адамның 
қатысуынсыз технология режимінде бөлшекті өңдеуге арналған өңдеу бағдарламасының 
өзінде орындалуы мүмкін. Осының алдындағы құралды өлшемге алдын ала баптау 
кезіндегідей, макропәрмендерді қолданып біршама бағдарламалау (ол естіліп тұрғандай 
қорқынышты емес, уайымдамаңыз), сондай-ақ жоғары жылдамдықтағы қадам, макрос В 
секілді тиісті басқару өлшемдері, сонымен қатар қосымша жылжытулар мен айналмалылар
қажет болады. Сіз жаңа өлшеу мүмкіндігіне ие білдекті сатып алған кезде алаңдайтын 
ешнәрсе болмайды, ал егер сіз қолданыстағы білдекке немесе жону білдегіне түйісу бергішін 
қосатын болсаңыз, онда сізге машинаңызда тиісті бағдарламалық жарақтама бар-жоғын 
анықтау қажет болады (қажет болса дилерге жүгініңіз).
Дербес режимде
Осы тексеру және алдын ала баптау керемет, алайда оның бәріне әлі де уақыт қажет 
болатынын ұмытпаңыз әрі СББ білдегіне қатысты «уақыт ‒ ақша» деген мәтел бар. Әрине, 
автоматты түрде тексеру адамның қатысуынсыз өңдеу үшін бағасыз және қажетті құрал 
ЕСКЕ ТҮСІРУ


138 
болып табылады. Тіпті оператор болған күнде де сынған құралдардың немесе дұрыс 
бекітілмеген бөлшектердің бар-жоғын автоматты түрде тексеру цехта мәтелге айналған 
«оттан сүрсүбені алып шығудан» да маңыздырақ.
Не болса да, құралдарды және жұмыс координаттарының тапсырмалары және құралды 
инициациялау үшін құны 100 000 доллар тұратын (кейбір кездері одан да артық…) білдек 
жүйесін пайдалану туралы ой капитан Кирктың туған күн кешінде Бил Клинтонның болуы 
секілді ойдан аспауы тиіс. Өлшемге алдын ала бапталған құралдар үшін ең жақсы орын 
аспаптық қойма болып табылады, ал жұмыс координаттарын орнатудың ең жақсы тәсілі
«CAD/ CAM» компаниялары растаған нөлдік нүктесі бар немесе ұқсас құрал ұстағыш жүйесі 
бар алдын ала берілген орналасқан жерді және траекторияны модельдеудің бағдарламалық 
жасақтамасын пайдалану болып табылады (ол туралы мен 9-тарауда айтып кететін 
боламын). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   132   133   134   135   136   137   138   139   ...   246




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет