42
«СӨЗ МӘДЕНИЕТІ» – ТІЛДІК ТҰЛҒА
ҚАЛЫПТАСТЫРУШЫ ПӘН
Ғ.Б. Шойбекова
Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің
қауымд. проф. м.а., филология ғылымдарының кандидаты
Кешегі өткен үш биіміздің бірі даусы қаздай қаңқылдап шығатын болғандықтан «қаз
дауысты Қазыбек би» атанған бабамыздың «Біз, қазақ, мал баққан елміз, ешкімге соқтықпай,
жай жатқан елміз» деп басталатын сөздерін әрі қарай тек мал бақпаған, сонымен бірге сөз
баққан елміз деп жалғастыруға да болады. Қазақ сөз мәнін ұғынып, орнымен қолдана білген,
керек жерде қаруы да, емі де, көңіл-күйі де, тамағы да сөз болған. Демек, ұлтымыздың бүкіл
өмірі сөзбен байланысты болған. Қазақтың сөз, шешендік брендін
жалғастырушы ретінде
Абай атындағы республикалық дарынды балаларға арналған қазақ тілі мен әдебиетін
тереңдете оқытатын мектеп-интернатында «Сөз мәдениеті» бейіндік пәнін оқытып келеді.
Арнайы бейіндік пән бағдарламасы жасалып, ғалымдар тарапынан мақұлданып, жарияланды
[1]. Пәннің негізгі мақсаты – қазақ өрендеріне тілдегі жай ғана сөз деп аталатын, бірақ қолдану
мәдениетін игерсе, өмірлік азық болатынын түсіндіру. Себебі адамзат өмірінің негізгі мәні
коммуникацияда. Ал
коммуникацияның дұрыс басталуы, өрбуі, негізгі стратегияның
орындалуы, діттемнің мақсатқа жетуі сөз саптауға байланысты
екендігін оқушыларымызға
түсіндіру. Ол үшін оқытушы сөз мәдениетін игеруші оқушыда
лингвистикалық құзірет,
коммуникативтік құзірет, сондай-ақ
мәдени-тілдік құзірет секілді құзіреттерді дамыту
қажет.
Бірақ бұл құзіреттер белгілі бір дәрежеде балада бар. Біздің мақсатымыз – әрі қарай
дамытып, өмірлік қажетіне жарата алуына ықпал ету. Бала тіл біледі, демек, лингвистикалық
құзіреті бар. Бірақ қай деңгейде? Бала мұғаліммен сөйлеседі, демек, коммуникативтік құзірет
бар. Бірақ қай деңгейде? Коммуникативтік стильдік құзіреті жетілген бе?
Бала қажетті
деңгейді өзінің коммуникативтік диалогқа түсіп тұрған тұлғамен түсінісе алады ма? Міне бұл
сұрақтар «Сөз мәдениеті» пәні арқылы дамытылады.
Қазақ тіл білімінде сөз мәдениеті деген терминді тұрақтандырған Н. Уәли өз еңбектерінде
ойды жеткізу кезінде дәстүр мен мәдениетті толық меңгермеу салдарынан болатын біраз
қиснсыз қолданыстары көрсетіп береді. Мұндай қолданыстардың
кездесуін ғалым
сөйлеушінің тілдік-мәдени құзіретінің қалыптаспауынан деп түсіндіреді [2].
Достарыңызбен бөлісу: