«білім берудегі 4к моделі: теория мен әдістеме» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік



Pdf көрінісі
бет38/138
Дата08.10.2023
өлшемі2.86 Mb.
#480116
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   138
Bilim-berudegi-4K-zhina-y

Педагог қызметкерлермен жұмыс 
Тәрбиелеудегі ең жоғары рөлді мұғалім атқарады, ол оқушыларға өзінің өнегесімен және 
сөйлеу мәдениетімен, сыпайылығымен және талапшылдығымен, жүйелілігімен және 
әділдігімен, қоршаған адамдармен қарым-қатынас жасауымен жақсы үлгі көрсетеді. Өзінің 
оқушыларға қарым-қатынасымен, іс-әрекетімен және қылықтарымен ол жақсы мінез-
құлықтың қалыптасуына ықпал етіп, қамқорлық пен өзара сыйластық ортасын 
қалыптастырады. Мұғалімдер академиялық пәндерді оқыту арқылы негізгі моральдық 
құндылықтарды қалыптастырып, оқушылардың бойында рухани-адамгершілік қасиеттерді 
дамытуға ықпал етеді. Педагогикалық әдістер мен тәсілдерді қолдана отыра, мұғалім 
ұжымдаса жұмыс істеу дағдыларын дамытады, академиялық жауапкершілікті тәрбиелейді 
және оқуға ынтасын арттырады.
Ата-аналармен жұмыс нысанын өзгерту
Мектеп тәрбие мақсаттарына жеке-дара қол жеткізе алмайды. Бұл өскелең ұрпақты 
тәрбиелеуде барлық мүдделі тараптардың: ата-аналардың, мектептің, жастар ұйымдарының, 
БАҚ-тың және бүкіл қоғамның бірлескен жауапкершілігі болып табылады. Ата-аналардың 
мектептегі тәрбие жұмыстарына қатысуы мен оқушылардың оқудағы табыстары арасында оң 
байланыс бар екенін зерттеу нәтижелерінен көруге болады. Ата-аналардың мектеп ісіне 
атсалысуы оқушылардың оқу үлгерімінің жақсаруына ықпал етіп, мектептегі білім беру 
ортасын жақсартады. 
Мектеп қоғамдастықтары 
 
Оқушылардың өзін-өзі басқаруы оқушылардың қоғамдық белсенділігі мен әлеуметтік 
жауапкершілігін тәрбиелеу мен дамытудың маңызды нысаны және ықпалды құралы болып 
табылады. Мектеп қоғамдастығының мақсаты мектептің ахуалын жақсарту, қоғамдық маңызы 
бар құндылықтарды қалыптастыру, оқушыларды мектеп өміріне тарту, ынтымақтастық рухын 
дамыту, командада жұмыс істей білу дағдысын дамыту.  
Психологиялық қызмет жұмысын ұйымдастыру
Тәрбие жұмысы оқушылардың психологиялық және физиологиялық жайлы жағдайын 
қамтамасыз ету, ауыспалы және жас ерекшелігі проблемаларын (эмоциялық, әлеуметтік
психологиялық) еңсеруге көмектесу міндеттерін іске асырады. Психологиялық-
педагогикалық қызмет міндеттеріне дербес ерекшеліктер диагностикасы, мұғалімдер мен ата-
аналарға арналған ұсынымдарды дайындау, психологиялық тестілеуді және балалардың 
бастамасы бойынша жеке әңгімелесу, атааналармен және мұғалімдермен ынтымақтастық 
қарым-қатынас кіреді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   138




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет