Îльга Õабижановна Àéìаганбåòова



Pdf көрінісі
бет12/97
Дата09.10.2023
өлшемі4.35 Mb.
#480176
түріОқулық
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   97
Психология негіздері

Әскери психология соғыс әрекеттері жағдайындағы сарбаздар мінез-
құлығының психологиялық ерекшеліктерін зерттейді.
5. Адам психикасы жөнінде түсінік
Психика – бұл адамның қоршаған ортамен белсенді өзара қарым-
қатынас әрекеттеріне негіз болушы болмыстық саналық (идеалды) 
өрнек жүйесіндегі субъектив ақпардың (сигналдың) әлеуметтікпен 
шарттасқан бейнесі. Психика адам мінез-құлығы және іс-әрекеттеріне 
бағыт-бағдар беріп, реттеу қызметін атқарады.
Адам психикасы өз тіршілігіне арқау болған қоғамдық әдіс-тәсілдер 
негізінде туындаған ерекше құбылыс – сана формасына енеді. Деген-
мен, сана психиканың барша мән-мағынасын қамти алмайды. Онымен 
қатар адамда табиғаттан берілген тума құрылымдар (тума-бейсана 
іс-әрекеттері аймағы), сондай-ақ өмір барысында қабылданып
автоматтасқан дағдылар (астар сана аймағы) бар.
Психиканың негізгі көріністері: саналық (психикалық) бейнелер 
қалыптасуына байланысты психикалық үдерістер және іс-әрекетті 
психикалық тұрғыдан реттеп барушы үдерістер.
Меншікті, өзіндік іс-әрекет – адам психикасының қалыптасуы мен 
жүзеге келуінің басты негізі.


3
Іс-әрекет – жалпы адамзаттың тәжірибе негізінде саналы бел-
гіленген мақсаттардың іске асуымен болатын болмысты меңгерудің 
адамдық әдіс-тәсілі. Адам іс-әрекеті қоғамдық – тарихи ілгерілеудің 
қозғаушы күші, сонымен бірге ол жеке адамның психикалық даму құралы 
ретінде де қызмет етеді. Адамның заттасқан іс-әрекеті, оның қоғамдық-
тарихи тәжірибесі тұлға санасының сезімдік және ұғым-теориялық 
аймақтарының басын біріктіреді.
Адам психикасының қалыптасу үдерісінде оның заттасқан нысан-
дармен болған сырттай әрекеттері ішкі ақыл-ес әрекеттеріне ауысады. 
Осыдан, яғни ой әрекеті қабілетінен адам нысандар арасындағы әртүрлі 
қатынастар жобасын құруға, өз әрекеттерінің нәтижесін күні ілгері 
барластыруға үйренеді. Бұдан көзіміз жететіні – психика мазмұны 
жалпыланған қатынастар, мән және мағыналарды, яғни бейнелік 
қалыптан тыс құрылымдарды да қамтиды.
Психиканың ғылыми түсініктемесі келесідей негіздемелерді сүйеніш 
етеді:
) психика материя дамуының белгілі сатысында, яғни жануарлар 
ағзасының туындау кезеңінде пайда болып, сол ағзалардың икемдесу
бейімделу әрекет-қылығының бейнелеу – реттеу тетігіне айналды. 
Жануарлардың эволюциялық даму барысында олардың психикасы жетіліп 
барды. Өз қалыптасу жолында психика екі: инстинкттік қалыптасу және 
даралықты дағдылану – кезеңдерін басып өтті.
) Адам психикасы, сана – психика дамуының ең жоғары сатысы; 
оның пайда болуы адамның ұжымдық қарым-қатынас жағдайындағы 
еңбектік іс-әрекеттерімен тікелей байланысты.
3) Адам психикасы оның белсенді іс-әрекеттерінің арқасында 
қалыптасады. Психика заңдылықтары сырттай заттармен болған 
өзара ықпалды қатынастардың алғашқыда психикалық бейнелерге ауы-
суы және кейін сол психикалық бейнелердің өз реттеуімен басқарымды 
әрекеттерге өтуі заңдылықтары.
) Психика ми қызметімен жанамаласқан, бірақ ол өздігінен идеалды, 
яғни әлеуметтік - мәдени жағдаяттар нәтижесінде пайда болған саналық 
құбылыс. 
5) Психикалық құбылыстар белгілі құрылымға және ұйымдасу 
жүйесіне ие.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   97




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет