Îльга Õабижановна Àéìаганбåòова



Pdf көрінісі
бет10/97
Дата09.10.2023
өлшемі4.35 Mb.
#480176
түріОқулық
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   97
Психология негіздері

1) нақты іс-әрекет (еңбек психологиясы, медициналық, 
педагогикалық психология, өнер, спорт және т.б. психологиясы);
2) даму (жануарлар психологиясы, салыстырмалы психология, даму 
психологиясы, балалар психологиясы және т.б.);



3) адамның әлеуметтік жағдайы мен оның қоғамға қатынасы 
(әлеуметтік психология; тұлға психологиясы; топ психологиясы; тап, 
тайпа психологиясы; ұлыс, ұлт психологиясы және т.б.).
Және бір аса маңызды жағдаят – бұл іс-әрекет мақсаттары (жаңа білім-
дерді ашу, алу немесе олардың қолданылуы): тұғырлы және қолданбалы 
ғылымдар; зерттеу аймағына орай: даму, шығармашылық, тұлға және т.б. 
психологиясы. Өзге ғылымдармен байланысына қарай психология келесі 
салаларға бөлінген: психофизиология, нейропсихология, математикалық 
психология. Психологияның әртүрлі қызмет, тәжірибемен болған 
күрделі байланыстары ұйымдастырушылық, инженерлік, спорттық, 
педагогикалық психологияда байқалады.
Жануарлардың психикалық ерекшіліктерін зоопсихология зерттейді.
Балалар психологиясы өсіп, кемелденудегі адамның санасын,
психикалық үдерістерін, іс-әрекеттерін, барша тұлғалық сапа-
қасиеттері мен жедел даму шарттарының заң-заңдылықтарын зерт-
тейді.
Әлеуметтік психологияның айналысатыны: адамның тұлғалық 
сапаларының әлеуметтік-психологиялық көріністері; оның адамдар 
және топтармен қарым-қатынастары; адамдардың психологиялық 
үйлестігі, ірі топтардағы әлеуметтік-психологиялық қатынастар 
заңдылықтары (адамдардың әрқилы қауымдастығына радионың, 
теледидардың, басылымдардың, моданың, өсек-аяңның ықпалы).
Педагогикалық психология тұлғаның оқу және тәрбие үдерісіне 
байланысты даму заңдылықтарын зерттейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   97




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет