7
Каузометрия (лат.
causa-себеп, грек. metro-өлшем) –
оқиғалар
арасындағы қатынастардың себептік сарабы, тұлғаның психологиялық
мерзім –кезеңдерінің талдауы беріледі, оқиғаларға қатысы бар
жағдайлар анықталады, тұлға дамуының не тоқырауының кейбір
кезеңдерінің бастау оқиғалары айқындалады.
Жас ерекшеліктері психологиясында
салыстырмалы-генетикалық
әдіс қолданылуда. Бұл әдістің мәні –
психикалық заңдылықтарды жеке
адамның психикалық дамуының әр кезеңдерін салыстыру арқылы зерт-
теу.
Социометрия – әлеуметтік психологиядағы зерттеу әдісі –
бірлікті
іс-әрекетке не оқиғаға араласу (араласпау) мүмкіндіктерін анықтау
мақсатында шағын топтың әрбір мүшесін жеке сауалға тарту
әрекеттері. Бұл әдіс нәтижелері топтағы қатынастар құрылымын гра-
фикпен бейнелейтін
соц иометриялық кесте, социограмма, сондай-ақ
топтағы психологиялық қатынастарды сандық көрсеткіштермен танытуға
болатын
социометриялық индекстер күйінде өрнектеуге болады.
Жеке тұлғаның бағыт-бағдарына әлеумет ықпалын зерттеу үшін
жасақталған топ әдісі қолданылады
.
Тұлғаның мәнді әлеуметтік сапа-қасиеттерін диагностикалау
мақсатында
эксперттік бағалау және
тұлғаны топпен бағалау әдістері
пайдаланылуда.
Достарыңызбен бөлісу: