Зертханалық эксперимент – арнайы жағдайларда жүргізіледі,
арнайы жабдықтар пайдаланылады, сыналушының әрекеттері
нұсқаулармен белгіленеді, сыналушы экспериментке түсетінін біледі,
бірақ оның толық мәнін аңғармауы да ықтимал.
Табиғи эксперимент – еңбек, оқу, қарым-қатынастың әдеттегі
жағдайларында жүргізіледі, ал адам өзінің эксперименттік сыналуда
екенін сезбейді.
Тестілеу әдісі – адамның белгілі психикалық сапаларын сынақтан
өткізіп, анықтау.
Психологиялық тест – сыналушының жеке басының кейбір ерек-
шеліктерін анықтау үшін орындалатын, әдетте, қысқа мерзімді шағын
стандартты сынақ тапсырмалары беріледі. Бұл күнде психологияда
адамның ақыл-ес даму деңгейін, кеңістікте бағыт-бағдар аңдау қабілетін,
психикалық әрекетке келу мүмкіндіктерін, жадын, кәсіби іс-әрекеттерге
қабілетін, тұлғалық сапаларын анықтаушы тестер жиі қолданылуда.
Құжаттарды талдау әдісі – адамның қызмет, іс-әрекеттік өнімдерін
талдауға арналған жалпы психологиялық әдістердің бір түрі. Құжаттарды
талдау әдістері сапалық және сандық болып ажыралады. Сапалық тал-
дауда баяндалған мәтіндік ақпарат сандық көрсеткіштерге келтіріліп,
кейін математика-статистикалық өңдеуге түседі. Бұл ғылымда контент-
талдау атауын алған.
Құрастырып жобалау әдісі – осы күнгі психологиялық зерттеулер-
де кең қолданымдағы жалпы ғылымдық әдіс. Оның мәні – психикалық
құбылыстарды таңба күйіне келтіру немесе адам іс-әрекеттерінің
әрқилы түрлерін жасанды құрастырылған ортада ұйымдастыру. Осы
жолмен қабылдаудың, жадтың, қисынды ойлаудың кейбір қырларын
қолдан жобалап жасауға, сондай-ақ психикалық іс-әрекеттің бионикалық
модельдерін тұрғызуға болады.
Сауалнама әдісі – әлеуметтік-психологиялық зерттеулерде кең
қолданылатын әдіс. Оның мәні – объектив не субъектив деректер жөнінде
сауалға тартылған адам аузынан ақпар топтау.
Достарыңызбен бөлісу: |