Пəн атауы: Əлеуметтік-саясаттану білім модулі


таңбалаушы (означающее) мен белгіленуші-таңбаланушы



Pdf көрінісі
бет3/4
Дата10.10.2023
өлшемі0.74 Mb.
#480280
1   2   3   4
Мәдениет Дәріс 2.pptx

таңбалаушы (означающее) мен белгіленуші-таңбаланушы (означаемое)
бірлігі ретінде анықтап келген болатын. Фердинанд де Соссюр белгіні екі беті
бар қағаз парағымен салыстыра қарастырған. Қағаздың бір беті – белгілеуші, ал
екінші беті – белгіленуші болып елестетілмек. Таңбалаушы – сыртқы жақ, ол –
дыбыстар тіркесінен тұратын сөздің дыбыстық жамылғышы, ал таңбаланушы –
ішкі жақ, ол – мағына, мазмұн, ұғым. Соссюрдың, осы екі ұғымды мəнге
қатысты ғылымдардың барлығы үшін қажетті деп білгені де орынды.

3. Мәдениеттің мәтіндік концециялары: Р. Барт, Ю. Кристева.

Мəтін үш түрлі қызмет атқарады:

1. Креативті қызмет. Ол дегеніміз мəтін өзінің жаратушысы, жасаушысы
барлығын білдіреді.

2. Референтті қызмет. Демек, мəтін əлденені танытып, қандай да бір
шындыққа сілтейді

Ю. Кристеваның айтуы бойынша мəтін дегеніміз ерекше
семиотикалық практика. Мəтін – мағына өндірісі. Мəтін
үнемі “мəтіндер пермутациясы” болып табылады, өйткені
мəтін қашанда интермəтін ретінде көрініс табады. Тарата
айтар болсақ, мəтін орналасқан кеңістікте үнемі көптеген
басқа мəтіндерде айтылған ойлар, жазылған сөздер бір бірінің
үстінен қабатталып, тапталып жатады. Сонымен, біз үнемі
мəтіндік интерференцияға куə боламыз деген сөз.

4. Ұлттық мəдениеттің мəдени кодының
қайталанбайтындығы Ұлттық код – ең алдымен, тілде,
сосын дəстүріміз бен салтымызды, мінезімізді айқындайтын
ділде, ұлттық мəдениетте. Қазақ баласының тағылымы мол
тарихында мəдени-рухани болмысы ізгілікпен əдіптеліп,
қарапайымдылықпен шыңдалып, парасатпен шырайланған.
Ұлттық кодымызда ізгілік, адалдық, перзенттік инабаттылық,
адамгершілік, парыз, этикет, ақыл-парасаттылық кеңінен
өрістеген, молынан қамтылған.

Ұлттық кодта парыз бен əділдік қатар сомдалып, Ж.
Баласағұни, М. Қашқари, А. Иасауи, Абай мен Шаһкəрім,
Ақымет пен Əлихан, Мағжан мен Міржақып





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет