Оспанкулов ернар ерланович


Жалпы дамыту жаттығулары арқылы бастауыш сынып



Pdf көрінісі
бет21/75
Дата14.10.2023
өлшемі1.83 Mb.
#480725
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   75
disser ernar

1.3 Жалпы дамыту жаттығулары арқылы бастауыш сынып 
оқушыларының 
өзбетімен 
орындау 
дағдыларын 
дамытудың 
психологиялық-физиологиялық негіздері 
Бастауыш сынып оқушыларының жалпы дамыту жаттығуларын өз бетімен 
орындау дағдыларын дамыту әдістемесінің тірегі нық болуы оның 
физиологиялық, психологиялық-физиологиялық, психологиялық теориялармен 
терең байланысты болуын қажет етеді.
И.П. Павлов қозғалыс әрекетінің жоғары жүйке жүйесінің маңызды сигнал 
факторы деп санайды. Ол: «Бес сыртқы анализаторларға біз, ең алдымен
жоғарғы нәзік анализаторды – қозғалыс аппараттарының ішкі анализаторларын 
қосуымыз керек. Ол орталық жүйке жүйесіне қозғалысқа қатысатын қозғалыс 
аппараттарының, дене қалпының және дене мүшелерінің кернеуі мен қарқыны 
туралы сәт сайын сигнал беріп отырады»
[99], – деп атап көрсетеді.
И.М. Сеченовтың теориясына сәйкес, «барлық жұмыс жасаушы тірі жүйе, 
оның жекелеген элементтері сияқты, танығуы, қайта қалпына келіп отыруы 
міндетті... Ал ми қабықтарының жасушалары, ерекше ұқыптылықпен қорғалуы 
керек»
[100].
Оқушылардың жалпы дамыту жаттығуларын өз бетімен орындау жолын 
толық игерген сәтінен бастап, оларды тұрақты орындау арқылы өзінің дене 
тәрбиесін, дене мәдениетін жетілдіретін тиімді құралына айналдырады. Өйткені 
ЖДЖ-ны өз бетімен орындауға жеткен оқушыны үлкен нәтижеге қол жеткізді 
деп санауға болады.
Сөз жоқ, бастауыш сынып оқушыларының қазіргі кездегі қозғалыс 
белсенділігінің тым пассивтенуі алаңдатады. Күнделікті физикалық 
жүктеменің барған сайын азаюы баланың күш-қуатының кемуіне, төзімділігі 
азаюына, жылдамдық, шапшаңдығы қалыптаспауына, икемділігі мен ептілік 
қабілеттерінің 
жетілмеуіне, 
жалпы 
қозғалыс 
координациясының 
үйлестірілмеуіне алып келеді. Жоғарыда атап өткеніміздей, гипокинезияның 
тікелей салдары – гиподинамия, яғни жүрек, қан тамырлары, асқазан, ішкі 
құрылысы ағзаларының, зат алмасу жүйесінің бұзылуы қозғалыстың азаюынан 
басталады. 
Бастауыш сынып оқушыларының басқа сабақтарды үлгіріп алып кетуі 
немесе үлгіре алмай қалуы да олардың қозғалыс белсенділігінің төмендеуінен 
туындауы мүмкін. Өйткені аз қозғалыс баланың психикалық әрекетіне ықпалын 
тигізеді, баланы ұйқы не шаршаңқылық басады, сылбыр, босаң болады, тез 
ашуланады, мұның бәрі біртіндеп ақыл-ой қызметінің де әлсіреуіне жетелейді. 
Жалпы дамыту жаттығуларын өз бетімен орындауға деген ынтасын, ерік-
жігерін, мотивациясын қалыптастырудың маңызы зор. Осы көздеген міндетті 
шешудің бірнеше факторларын анықтап, жүйелеуіміз керек. Олар: 
– біріншіден, 
бастауыш 
сынып 
оқушыларының 
физиологиялық 
ерекшеліктеріне байланысты факторлар; 
– екіншіден, балалардың физикалық даму факторлары; 
– үшіншіден, бастауыш сынып оқушыларының дамуының психикалық 
және психологиялық-физиологиялық факторлары; 


41 
– төртіншіден, оқушының жеке басы ерекшеліктері факторлары. 
Бастауыш сынып оқушылары үшін қозғалыс белсенділігі қажетті 
болатыны қалыпты жағдай екені белгілі. Мектепке дейінгі тәрбиеден ендігі 
ретте жүйелі оқуға көшкен бастауыш сынып оқушыларының қозғалыс 
белсенділігі де азая бастайды. Ал бастауыш мектеп оқушыларының тұтас 
мектеп жүйесін жақсы денсаулықпен аяқтап шығу үшін, бастауыш мектеп 
кезеңіндегі дене тәрбиесіне зор назар аударылуы тиіс.
Осы кезеңдегі бастауыш сынып оқушыларының қозғалыс белсенділігі, 
жалпы дене тәрбиесі дұрыс, рационалдылықпен ұйымдастырылса, балалардың 
денсаулығы нығайтылып, физикалық қабілеттерімен бірге адамгершілік 
қасиетін және ерік-жігерін тәрбиелеу міндеттері де шешілуіне негіз қаланады. 
Бұл туралы зерттеулер жүргізген ғалымдардың, атап айтсақ, Г.Н. 
Сердюковский [101], К. Дүйсембин, А. Алиакбарова [102], В.Р. Кучма [103], 
А.І. Ғазизова, Ә.С. Бекенова [104], Н.Г. Беляев [105], Ю.А. Ермолаев [106], Н.Н. 
Леонтьева, К.В. Маринова [107], Н.И. Обреимова, А.С. Петрухин [108], М.Р. 
Сапин, З.Г. Брыксина [109], А.Г. Хрипкова, М.В. Антропова, Д.А. Фарбер [110] 
т.б. зерттеушілердің айтуынша, бастауыш сыныптарда дене тәрбиесін, оның 
ішінде жалпы дамыту жаттығуларын орындатуды ғылыми негізде танылған 
әдістемелік жүйе арқылы ұйымдастырып жүргізудің ерекшелігі сонда, бұл 
жаста балалардың өсуі мен дамуы қарқынды өтіп жатады. 
Ол өсу мен даму үдерісі балалардың психикасының да өзіндік 
ерекшеліктерімен қалыптасуына мұрындық болады. Осының нәтижесінде 
бастауыш сынып оқушыларының ағзасы жалпы дене тәрбиесіне және 
құралдарына өте сезімтал болып келеді. 
Бастауыш сыныптарда жалпы дамыту жаттығуларын ұйымдастырып 
өткізу және олардың әдістемесі балалардың денсаулығын нығайтатын, 
салауатты өмір салтына бағдарлайтын, білім беретін міндеттер кешенін шешуге 
қолдау жасалуы керек. Олар: 
– ЖДЖ ұйымдастыру арқылы бастауыш сынып оқушыларының 
толыққанды физикалық дамуын және денсаулығы нығаюы міндеті; 
– балалардың ерік-жігері мен мінезінің берік болуына сеп болу міндеті; 
– ЖДЖ дене тәрбиесі сабақтарында, спорттық іс-шараларда және ең 
бастысы, өз бетімен орындау дағдысын қалыптастыру міндеті; 
– физикалық қасиеттерін дамыту міндеті; 
– ЖДЖ орындату арқылы оқушылардың денсаулығын нығайтуға, оларды 
салауатты өмір салтына бейімделуге, білім алуына, дамуына қажетті білім мен 
дағдыларды меңгерту міндетін шешу. 
Бастауыш сынып оқушыларына жалпы дамыту жаттығулары арқылы 
өзбетімен 
орындау 
дағдыларын 
дамыту 
өзінің 
көпқырлылығымен 
айрықшаланады. Ондай көпқырлылықтың болмысы, ең алдымен, бастауыш 
сынып оқушыларының анатомиялық-физиологиялық ерекшеліктері арқылы 
түсіндірілсе, екіншіден, дене тәрбиесі жүйесінің алдына қойылатын 
педагогикалық міндеттер арқылы түсіндіріледі. Дене тәрбиесі пәні мұғалімі 
дене тәрбиесі жаттығуларының, біздің жағдайымызда, жалпы дамыту 


42 
жаттығуларының мазмұны мен арнайы әдістерін меңгертуді ғана білуімен 
шектелмеуі тиіс. Оның есесіне, жалпы дамыту жаттығуларын өз бетімен 
орындатудың түріл әдіс-тәсілдер жүйесін және оларды тиімді қолданудың 
психологиялық-педагогикалық 
шарттарын 
дұрыс 
орындау 
үшін 
физиологиялық, психологиялық-физиологиялық терең білімге ие болуы тиіс. 
Өйткені бастауыш сынып оқушыларының ағзасы әрбір сәт тек өсу, даму 
үстінде болады. Осындай қарқынды даму үдерісінің дұрыс педагогикалық 
басқарылуы аса маңызды екендігін дене шынықтыру пәні мұғалім жадына 
түйіп алуы міндетті. 
Қазақстан Республикасы Болон Декларациясын және Біліктіліктің Ұлттық 
жүйелерін қабылдаған ел болып саналады. Осымен де байланысты, бастауыш 
мектеп мұғалімдерін интегративтік дайындау жүйесі біліктіліктің ұлттық, 
салалық аяларында, кәсіптік стандарттарда, мамандық дайындау жүйелерінде 
анықталады. 
2014 жылы ЮНЕСКО жаңадан Білім берудің халықаралық стандартты 
жіктемесін (БХСЖ 2011) қабылдады. Мұнда тұңғыш рет БХСЖ 0 деңгейдегі 
бағдарламалардың екі санаты белгіленді.
Бірінші санатта бала дүниеге келгенннен бастап 2 жасқа толғанға дейінгі 
аралықтағы балаларға арналған даму бағдарламалары. 
Екінші санатта 3 жастан жоғары балаларға арналған мектепке дейінгі және 
бастауыш білім бағдарламасына дейінгі білім бағдарламасы [111]. 
Талдау барысында білім жүйесінің құрылымы заңнамалық деңгейде 
Молдова Республикасында осындай болып бекітілгені анықталды. Аталған 
құжат бойынша бала дүниеге келгеннен бастап 7 жасқа дейінгі аралықта 
балаларды оқыту мен дамыту стандарты жүзеге асырылуда. 
Ирландия, Австралия, Жаңа Зеландия, Сингапур елдеріндегі ұлттық білім 
стандарттары бала тәрбиесінің, білім берудің және педагогтердің қызметін 
ұйымдастыру шарттарын анықтайды. 
Австралияның ұлттық стандартының қағидаттары: 
– өзара құрметтеуге; 
– ынтымақтастыққа; 
– теңдікке; 
– мәдени түрлілікке; 
– үздіксіз білім алуға; 
– рефлексивтік тәжірибеге сүйенуге негізделген [111,б. 138]. 
Жапонияның, 
Чехияның, 
Норвегияның, 
Сингапурдың 
ұлттық 
стандарттары баланың денсаулығын, физикалық және әлеуметтік жетілуін 
дамудың ерекше элементтері ретінде қарастырады. 
Қазақстан Республикасының халықтың денсаулығын сақтауды дамыту 
мемлекеттік бағдарламаларында мектеп оқушылары мен жасөсіпірімдердің 
денсаулығына, салауатты дамуына зор назар аударылып келеді. Медициналық 
мемлекеттік бағдарламалардың ұстанатын негізгі бағдарлары – мектеп 
оқушыларының физикалық және психикалық саулығын сақтау және нығайту, 


43 
мектепте оқушыларының дене шынықтырумен және спортпен шұғылдануын, 
мектеп медицинасын дамыту. 
Балалардың дене шынықтыру мен спортпен айналысуына қатысты 
құжаттарда медициналық ұйғарым негізінде барлық оқушылар дене 
шынықтыру сабағында негізгі, дайындық, арнайы топтарға бөлінетіні 
көрсетілген. Әр топқа қосудың негізгі критерийі – баланың ағзасының 
денсаулығы мен функциялық жағдайының деңгейі. Негізгі медициналық топқа 
толығымен І денсаулық тобы жатады және аурулы болғанның өзінде, ол ауру 
қимыл режиміне маңызды шектеу қоя алмайтын жағдайда бала дене 
шынықтыру сабағына қатысады. Бұл топтағы оқушылар дене тәрбиесінің оқу 
бағдарламасы бойынша толық көлемде оқуға және жекелей дене 
дайындығының тестісін тапсыруға рұқсат етілетіні де атап көрсетіледі [112]. 
ҚР БжҒМ Балалардың құқықтарын қорғау Комитетінің 2013 жылғы 
«Қазақстан Республикасындағы балалардың жағдайы туралы» баяндамасында:
«Қазақстан Республикасындағы халықтың дене тәрбиесi даярлығының 
Президенттiк сынамалары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1996 
жылғы 24 маусымдағы №774 қаулысына сәйкес республикада дене шынықтыру 
және спорт құралдары арқылы республика тұрғындарын сауықтыру, халықтың 
барық топтары мен әлеуметтік санаттарын спортпен айналысуға, салауатты 
өмір салтына бейімдеу негіздері ретінде Президенттiк сынамаларды енгізу 
жөніндегі жұмыс жалғасуда. Балалар-жасөспірімдер спортының әлсіз дамуына, 
өткізілетін ісшаралардың материалдық-техникалық, кадрлық және қаржылық 
қамтамасыз етілуінің жеткіліксіз болуына байланысты бүгінгі күні дене 
шынықтыру және бұқаралық спорт саласы жеткілікті деңгейде дамымай 
отыр»,– деп атап көрсетілген [113]. 
Бастауыш мектеп оқушылары үшін мектеп – өскелең ағзаға, әлі де 
бекімеген тірек-қозғалыс аппаратына түсірілетін ауыр жүк. Ауыр қоржындары, 
ұзақ уақыт қозғалмай отыру, белсенді ойындардың аз қолданылуы, бастауыш 
сынып оқушысының жасына лайық эмоциялық қиындықтар - осылардың 
барлығы бастауыш сынып оқушыларының еңсесі түсіп, дене дамуын тежеуге 
немесе бой сымбатының бұзылуына алып келеді. 
Барлық жастағы адамдар үшін дене тәрбиесінде маңызды орын алатын 
жалпы дамыту жаттығуларын (ЖДЖ) орындау салауатты өмір салтын ұстануға, 
жеке гигиенаның талаптарын дер кезінде орындау дағдыларын қалыптастырып, 
өмірлік қызығушылығын, белсенді болу мотивациясын арттырады. 
Ғалымдардың айтуынша, бастауыш сыныпта оқу кезінде балалардың өмір 
бойы ұстанатын дене тәрбиесі мен дене мәдениетінің негізі қаланады. Нақ осы 
жаста қозғалыс мәдениетінің базалық компоненттерін игеруге өте жайлы болып 
табылады. Кейін ол базалық компоненттер қозғалыс координацияларының, 
түрлі дене жаттығуларының бай қорына, арсеналына айналады. 
Белгілі болғанындай, баланың ағзасы – ересек адамның ағзасының 
кішкентай көшірмесі емес. Бала әр сәт сайын өсіп отыратын болғандықтан, сол 
әрбір сәттің өзіне тән ерекшеліктерін білу керек болады. Мектеп 
оқушыларының жас кезеңдерін келесідей топқа бөлінуі қабылданған: 


44 
1. Бастауыш мектеп жасы кезеңі, 6-10 жас. 
2. Орта мектеп жасы кезеңі, 11-15 жас. 
3. Жоғары мектеп жасы кезеңі, 16-18 жас. 
Бастауыш сынып оқушыларының физиологиялық ерекшеліктері туралы 
айтқанда, ең алдымен, адам ағзасының келесідей физиологиялық жүйелерін 
атап өту керек: адамның сүйек қаңқа жүйесі, бұлшық ет жүйесі, қантамырлар 
жүйесі, тыныс алу жүйесі, ас қорыту жүйесі, жүйке жүйесі, қан айналым 
жүйесі, ішкі сереция бездері жүйесі, анализаторлар жүйесі т.б. Дене 
тәрбиесінде жалпы дамыту жаттығуларын орындау барысында оқушылар 
ағзасы толығымен қозғалыс үдерісіне байланысты түрлі күйге енеді. 
Бастауыш сынып оқушыларының физикалық денесі дамуы орта мектеп 
пен жоғары мектеп оқушыларынан өте үлкен айырмашылықта болады. Бұл
жастағы ер балалар мен қыз балалардың дамуында, денелерінің 
пропорциясында үлкен алшақтық болмайды. Өйткені осы жаста балалардың 
ағза жасушаларының тінінің құрылымы қалыптасуы мен өсуі жалғасады. 
Бойдың өсуі мектепке дейінгі кездегі өсудегі қарқыннан төмен болғанымен, 
дене салмағы арта бастайды. Жылына баланың бойы 4-5 сантиметрге өседі де, 
салмағы 2-2,5 килограмға артады . 
Бұл жаста балалардың көкірек жасушалары ірілене бастайды. Осыған сай, 
балалардың өкпесінің өміршеңдік көлемі ұлғая бастайды. Ғалымдардың 
айтуынша, 6-7 жастағы ұл балалардың өкпесінің өміршеңдік аумағы 1400 мл 
құрайды, ал осы жастағы қыз балаларда – 1200 мл. 11 жаста ұл балаларда - 
2200 мл, ал қыз балаларда 2000 мл құрайды. 
Дегенмен, тыныс алу функциясы әлі де жетілменген болып келеді, өйткені 
тыныс алу бұлшық еттері әлсіз болып келетіндіктен, бұл жаста балалардың 
тыныс алуы жиі және үстіртін болады. Балалардың шығаратын ауаның 
құрамындағы көмір қышқыл – 2% құрайды. Ал ересектерде – 4% құрайтыны 
белгілі. 
Бастауыш сынып оқушыларының дене жатттығуларын орындауы 
барысында тыныс алуы әлсізденіп, қиындауы мүмкін. Оның салдары қанның 
оттегімен толығуын жедел азайтып, гипоксемия тудыруы мүмкін. Сондықтан 
да мұғалім дене жаттығуларын, оның ішінде жалпы дамыту жаттығуларын да 
орындату барысында балалардың тыныс алуын олардың дене қозғалысымен 
үйлестіру маңызды болып саналады.
Бастауыш сынып оқушыларының ЖДЖ-ны мұғалім басшылығымен және 
өз бетімен орындауы барысында, ең алдымен, дұрыс тыныс ала білуге 
дағдыландыру – дене шынықтыру сабағының аса маңызды міндеттерінің бірі 
болып табылады. 
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі бастауыш 
сыныпта оқитын балалардың білім мазмұнын игеру ерекшеліктері мен соған 
сәйкес талаптарды орындау жөнінде барлық уақытта ғылыми-әдістемелік 
тұрғыдан басшылық жасап отырады. Бастауыш мектеп жасындағы балалардың 
анатомиялық-физиологиялық даму кезеңінің өзіндік ерекшеліктері білім беру 


45 
мен тәрбиелеу үдерісінде әрдайым басты назарда тұруы қажет екендігі атап 
көрсетіледі. 
Ғалымдардың атап көрсетуінше, «Бастауыш мектепте оқушы өзінің 4 
жылын өткізеді. Оқушының денсаулығы жақсы, дене бітімінің дұрыс 
қалыптасуы шарт. Өйткені мектептегі жетістіктері дене дамуының, 
денсаулығының мықтылығына тікелей байланысты. Ендеше баланың 
денсаулығын сақтай отырып, жұмысқа деген ынтасын арттыруда, денсаулық 
сақтауға бағытталған шаралардың орны ерекше. Денсаулық сақтай отырып 
білім беру ұстанымы – оқушының дене және психологиялық саулығын 
қамтамасыз етеді. Оны келесі педагогикалық әрекеттер арқылы жүзеге асыруға 
болады:
– оқыту барысында денсаулық сақтау;
– дененің физиологиялық қалыпты дамуын қамтамасыз ету;
– санитарлық-гигиеналық ережелер мен нормаларды сақтау;
– салауатты өмір салтын насихаттау т.б.» [113]. 
Бастауыш мектепте білім беру мен тәрбие үдерісін ұйымдастыру өткізу 
барысында «Оқыту жағдайларына қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық 
талаптар» белгіленген Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылы 9 
қаңтардағы Қаулысымен бекітілген санитарлық ережелер басшылыққа алынады 
[114]. 
Әрине, бастауыш сынып оқушыларының ЖДЖ дұрыс орындауға және сол 
арқылы өз бетімен орындауға дағдылануы – дұрыс тыныс алуға дағдылануымен 
бірге, онымен тығыз байланыста болатын қан айналу ағзаларының да дұрыс 
функциясын қамтамасыз етумен байланысты болып келеді. Қан айналу жүйесі 
зат 
алмасудың, 
оның 
ішінде 
газ 
алмасудың 
да,
тіндік деңгейіне қолдау жасауға қызмет етеді. Яғни қан адам ағзасының барлық 
жасушаларына қоректік нәрін және оттегін тасып жеткізеді. Сонымен бірге 
атқаратын тағы маңызды қызметі – адам ағзасынан шығарылуы керек зиянды 
нәрселерді жинап алып шығу.
Балалардың бойы, денесі өсіп, толған сайын, жүректің салмағы да арта 
бастайды. Ал жүректің соғу жиілілігі минутына сол 84-90 рет соғумен тұрады. 
Ересек адамда жүрек соғу жиілілігі – минутына 70-72 болатыны белгілі. 
Осындай ерекшеліктер негізінде қан айналу жылдамдығының ересектерге 
қарағанда, балада екі есе жоғары деңгейде болуы ағзаның қан арқылы 
қоректену жылдамдығы да жоғарылайды. Сонда балада зат алмасу процесінің, 
ересектерге қарағанда, биік болуы қан көлемі мен дене көлемінің 
ерекшеліктеріне байланысты. 
Бастауыш сынып оқушыларының жүрегі өзіне берілген жұмысты жақсы 
атқара алады, өйткені бала артериясы бұл жаста кеңдеу болып келеді. 
Ғалымдардың көрсетуінше, қан қысымы төмен болады, яғни, 7-8 жастағы 
баланың қан қысымы 99/64 мм болады, 9-12 жасқа қарай - 105/70 мм болады. 
Жалпы дамыту жаттығуларын орындатуда немесе оқушылардың өз 
бетімен орындауына дағдыландыруда бұлшық еттердің кернеулене жұмыс 
жасайтыны белгілі. Осы кездерде бастауыш сынып оқушыларында жүрек 


46 
жиырылуы, жүрек соғуы минутына 200-ге дейін жетеді. Жалпы дамыту 
жаттығуларын мұғалім жетекшілігімен орындатуда да, оқушылардың өз 
бетімен орындауында да эмоциялық қозуы арта түседі де, жүрек соғысы 
минутына 270-ке дейін көтерілуі мүмкін.
Бастауыш сынып оқушыларының бір жетілмеген тұсы – бұл жаста 
балалардың жүрек қызметінің тез қозуы. Балаларда мұндай кезде кей ретте 
аритмия байқалып, сырттан келетін түрліше әсерлерге тез белгі беріп жатады.
Ал егер оқушылар жалпы дамыту жаттығуларын тек дене шынықтыру 
сабағында ғана емес, одан тыс уақытта да әрдайым өз бетімен орындап жүруге 
қалыптасатын болса, онда, керісінше, жүрек-қан тамырлар жүйесінің 
функциясы белгілі бір қалыпқа түсіріліп, ондай дағды балалардың 
функционалдық мүмкіндіктерін кеңейтеді [113].
Бастауыш сынып оқушыларының жеке басының психологиялық-
физиологиялық ерекшеліктерін дене тәрбиесі сабақтарында аса қадағалау – 
мұғалімнің басты міндеті. Өйткені жеке психологиялық-физиологиялық 
ерекшеліктерді ескермеу дене тәрбиесі сабағының оқушылардың денсаулығын 
жақсартуға емес, көп ретте, баланың даму барысын, жеке танымдық даму 
стратегияларын кері кетіруге себепкер болуы да мүмкін. Бастауыш сынып 
оқушыларының психоэмоциялық және физикалық даму аялары қазақстандық 
бастауыш мектепте оқыту теориясында әлі де болса толыққанды қалыптасты 
деп санау әлі ерте дер едік. Жалпы дамыту жаттығуларын сабақта және өз 
бетімен сабақтан тыс орындауға дағдыландыруда оқушыларға шамадан тыс 
физикалық жүк артуға болмайтыны белгілі. 
Бастауыш сынып оқушылары өз бетімен ЖДЖ-ны орындау барысында 
олардың ағзасының функционалдық белсенділігі жоғарылайтыны туралы 
жоғарыда атап өттік. Жалпы дамыту жаттығуларын бастауыш сынып 
оқушыларының өз бетімен орындауында еңбектенуге, ақыл-ой қызметі 
кетіретін күш-қуатын қалпына келтіруге қызмет ететін болғандықтан, ЖДЖ-ны 
өз бетімен орындаудың нормалары мен талаптарын толығымен меңгеруі 
маңызды болмақ. 
ЖДЖ-ны бастауыш сынып оқушыларының физиологиялық ерекшеліктері, 
бұлшық ет әрекеттерінің өзіндік ерекшеліктері сияқты физиологиялық 
белгілеріне қарай топтау баса ескеріледі. Әрине, бастауыш сынып 
оқушыларының денсаулығы мықты болуына тек ЖДЖ ғана емес, тұтас дене 
тәрбиесі сабақтарындағы жаттығулар, табиғаттың, күннің, ауаның, судың 
сауықтырушы күші, гигиеналық талаптар – барлығы қызмет етеді. 
Бастауыш сынып оқушыларының ми дамуында жетерліктей өзгерістер 
болып жатады. 7 жасқа келгенде бала миының құрылымы мен функциясы 
ересек адамның миы дамуы көрсеткіштеріне жетіп қалатындай түрде 
қалыптасады. Мидың салмағы ересек адамның миының 90 %-дай болып 
қалады. Мидың функционалдық жетілуі жүзеге асырылып, ми қыртыстарыныу 
талдау-жүйелеу қызметі дами бастайды. Мидың осылай пісіп-жетілуі баланың 
қоршаған ортамен болатын күрделі қатынастарды игеру мүмкіндігін 


47 
қамтамасыз етеді, қиындығы күрделі зияткерлік тапсырмаларды шешуге 
жағдай жасайды.
Бастауыш мектеп оқушысының сол жақ және оң жақ мидың ассиметриясы 
айқын белгі береді. Бала миының сол жақ сыңары белсенді жұмыс жасап, 
танымдық белменділігі арта бастайды. 8-9 жастағы баланың ойын қозғалысы 
белсенділігінің аясы кеңей түседі. Сабақ бойы қозғалмай отырғандықтан, 
үзілістерде, дене шынықтыру сабақтарында сол қозғалмаудвң орнын толтыруға 
әбден асығады. Бұл аталғандардың барлығы физиологиялық қажеттілік болып 
табылады.
Балалар бұл жаста қозғалыстың ырғағы мен қарқынын түсінеді.
Бастауыш мектеп оқушыларының дүниені қабылдауында да өзіндік 
ерекшеліктер болады. 1-2 сынып оқушыларының саралау қабілеті жетілмеген 
болса да, сәл есейе келе, балалар қабылдау техникасын игере бастайды. 
Заттың, сөздің, мәселенің негізгі түйінін тануға үйрене бастайды. 1-2 
сыныптарда көбінше көрнекілікке сүйенеді, ал 3-4 сыныптарда өз ойын сөзбен 
беруге ұмтылады. Есте сақтау бастауыш сынып оқушыларында саналы және 
ұйымдасқан түрде келеді. 7-12 жастағы балалардың логикалық ойлауы 
белсенді дамытылуы керек. 
Жалпы дамыту жаттығуларын үйретіп, оқушылардың өз бетімен орындау 
дағдыларын қалыптастыруда бала зейінінің ерекшелігін де баса ескеру керек. 
Айталық, бірінші сынып оқушысының зейіні 30-35 минутқа дейін сақталады, ал 
3-4 сынып оқушылары өз зейінін сабақ бойы сақтап тұра алады. Мұғалімнің бұл 
жердегі міндеті – оқушыны қажытып алмас үшін, әдіс-тәсіл түрлерін орнымен 
алмастырып отыру [114].
Сонымен қатар, бастауыш сынып оқушыларына тән бір ерекшелік – өз 
зейінін бір нәрседен екінші нәрсеге тез аудара алмайды, бірақ кейін біртіндеп 
қалыптасады. 
Жалпы дамыту жаттығуларын дене шынықтыру сабақтары негізінде 
меңгерген оқушының ЖДЖ-ны өз бетімен орындауға дағдылануында 
психологиялық тұрғыдан реттеп отыратын тетіктерді қалыптастыру маңызды 
орын алады. Психологиялық реттеудің психологиялық тетіктерінің ішінде 
келесілерді маңызды ретінде атап көрсетеміз: 
- біріншіден, оқушының орталық жүйке жүйесінде жоғары продуктивтік 
психо-эмоциялық және физикалық жай-күйінің шартты-рефлекторлық 
байланыстарының бекітілуі; 
- екіншіден, ЖДЖ өз бетімен орындауға байланысты алғашқы кезде 
туындаған теріс құбылыстардың және керексіз эмоциялық қажудың күші 
біртіндеп кемуі; 
- үшіншіден, актуалды психикалық және физикалық жай-күйдің тасқындап 
біртіндеп қуаттанып өсе бастауы [115].
Жалпы дамтыу жаттығуларын бастауыш сынып оқушыларының өз бетімен 
орындау дағдыларын қалыптастыруда олардың темпераменті ерекшеліктері мен 
репрезентативті (қайта елестету) жүйесін ескеру үлкен орын алады. Алғашқы 
репрезентативті жүйелерге көру, тыңдау-түсіну, кинетикалық жүйелер жатады. 


48 
Бұл алғашқы орында тұратын репрезентативті жүйелерді әр адам үздіксіз 
қолданады, бірақ қайсысына көбірек сүйенетініне назар аударып жатпайды. 
Дегенмен әрбір жеке адамның өзінің көбірек сүйенетін репрезентативті жүйесі 
болатыны анық.
Сырттан келген ақпаратты қабылдауда және оны санасында қайта өңдеуде 
адамдар көбірек сүйенетініне қарай, төрт түрге бөлінеді. Олар – визуалдар, 
аудиалдар, кинестетиктер, дискреттер [116]. Бұлардың ерекшеліктері келесі 8 
суретте берілген.
Сурет 8 – Бастауыш сынып оқушыларының репрезентативті жүйесі 
ерекшеліктері 
Дене шынықтыру мұғалімінің сабақта оқушыларға берген, көрсеткен, 
тыңдатқан ақпараттарының барлығы әр оқушының қабылдау ерекшеліктеріне 
сай меңгерілетінін ескерген мұғалім осыған сай, сабағында сөзді де, 
көрнекіліктерді 
де, 
оқушымен 
контакт 
жасауды 
да, 
ақпараттық-
коммуникациялық 
құралдарды 
да 
ретімен, 
мөлшерімен, 
орнымен 
пайдаланудың қажет екенін түсінеді. 
Жалпы дамыту жаттығуларын меңгертуде және оқушылардың өз бетімен 
орындау дағдыларын қалыптастыруда олардың психологиялық темперамент 
ерекшеліктері де басты назарға алынады. 
Кесте 1 – Темперамент типтері және оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастыру 
Темперамент 
типтері
Сангвинник 
Холерик
Флегматик
Меланхолик





• ақпаратты логикалық тұрғыдан 
қабылдап, сандар мен таңбаларды 
көп пайдаланады; бастауыш сынып 
оқушылары мұндай қабылдау түрін 
қолданбады десе де болады.
• түрлі қол қимылдарымен 
көрсетілген ақпараттарды 
есінде жақсы сақтайды, 
арқасынан қағу, басынан 
сипау, дене жаттығуларын 
көрсетуді жақсы көреді; сурет 
салу, модельдеу, пантомима, 
биді жақсы көреді.
• диалогтік режимді жақсы көреді;
мұғалімнің ауызша түсіндіргені тез
есінде
сақталады,
сондықтан
мұғалім даусын түрлендіріп отыруы
керек; өз бетімен жұмыс жасауда
дауыстап оқу, басқаларға түсіндіру,
есту диктантын жазу, салыстыру
мен салғастыруды жақсы көреді.
• көрнекілікті
жақсы
қабылдайды;
өз
бетімен
жұмыста
суреттерді
сызбаларды,
иллюстрацияларды қолдануды
жақсы
көреді,
көру
диктанттарын, іздеп табуды,
қателерді анықтауды жақсы
көреді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   75




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет