39
жеткіліксіздігін және мұғалімдердің өз
тәжірибесінде дұрыс қолдана
білмейтіндігін көрсетеді. Өйткені терминология дегеніміздің өзі, шын мәнінде,
дене шынықтыру пәнінің лексикасы болып табылады.
ЖДЖ терминдері дене қозғалысы жаттығуларының шектеулі формасын
дәл және нақты атайтын және айту мен тыңдап-түсінуге жеңіл болуы тиіс.
ЖДЖ терминдерінің мұғалім мен оқушыларға бірдей түсінікті болуы және
сабақтың моторлық тығыздығын жоғарылатуы,
білімдік, дамыту, тәрбиелік
әлеуетін көтеруі, оқушылардың іс-әрекеттерін басқаруға қолайлы болуы, сабақ
үдерісін мақсатқа бағдарлауы оның функционалдық ерекшелігі болып
табылады.
ЖДЖ терминологиясы мұғалімдер мен әдіскер-мамандардың кәсіби тіліне
жатады, ол кәсіби тілдің функционалдық қызмет аясы: «мұғалім - мұғалім»,
«мұғалім – оқушы», «оқушы – мұғалім», «оқушы – оқушы – мұғалім» болып
келеді.
Сонымен қатар, ЖДЖ терминологиясының басты қызметтерінің бірі –
ғылыми-әдістемелік материалдар жазуда қолдану. Диссертациялық зерттеу
жұмысымыздың әдістемелік, эксперименттік бөлімінде қолданылатын ЖДЖ
терминдерінің жүйесі қосымшада беріліп отыр (Қосымша А).
Сонымен,
ойымызды жинақтай келе, жоғарыда айтылғандар «жалпы
дамыту жаттығулары» ұғымын нақтылауға мүмкіндік береді деп айта аламыз.
Осылайша, жалпы дамыту жаттығуларын анатомиялық және функционалдық
белгілері бойынша, бала ағзасының жан-жақты физикалық дамып-жетілуіне
және сауығуына арналып жеке, жұппен, гимнастикалық
құралдармен және
түрлі басқа құралдармен орындалатын жаттығулар жүйесі ретінде түсінеміз.
Осы анықтамаға сүйене отырып, зерттеу жұмысының негізгі түсінігін
жалпы дамыту жаттығуларын орындауға және оны оқушылардың өз бетімен
орындай алуына дағдыландыру дегеніміз – оқушының жалпы қозғалысын
басқаратын жоғары моторлық орталықтың жұмысын жандандырып,
физикалық
қасиеттерін, оның ішінде оқушының шапшаңдығы, икемділігі мен
ептілігі, жасына лайықты күш-қуаты, оқушылардың уақыт пен кеңістікте
бағдар ұстау дағдыларын жетілдірудегі
инновациялық траектория деп
тұжырымдаймыз.
Бұл
тармақшада
жоғарыда
алға
қойылған
мақсатымыз
деп
көрсетілгеніндей, жалпы дамыту жаттығулары ұғымының мәні ашылып, оның
бастауыш сынып оқушыларының дене тәрбиесінің тиімді құралы ретіндегі
табиғатына талдау жасалынды. Келесі міндетіміз – ЖДЖ арқылы бастауыш
сынып оқушыларының өз бетімен орындау
дағдыларын дамытудың
психологиялық-физиологиялық бастау көздерін қарастыру.