Оспанкулов ернар ерланович


БЕЛГІЛЕУЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР



Pdf көрінісі
бет4/75
Дата14.10.2023
өлшемі1.83 Mb.
#480725
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   75
disser ernar

 
БЕЛГІЛЕУЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР 
ҚР – Қазақстан Республикасы 
ҚР БжҒМ – Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі 
ҚР МЖМБС – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік жалпыға міндетті 
білім беру стандарты 
ЖДЖ – жалпы дамыту жаттығулары 
БХСЖ – білім берудің халықаралық стандартты жіктемесі 
ӘБН – әрекеттің бағдарлы негіздері 
НТН – негізгі тірек нүктелер 
ҚӘ – қозғалыс әрекеттері 
ЭТ– экспериментті топ 
БТ – бақылау тобы 
БАҰО – біліктілікті арттыру ұлттық орталығы 
АҚ – акционерлік қоғам 
тб– тағы басқа 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 



КІРІСПЕ 
 
Зерттеудің көкейкестілігі. Балалар мен жасөсіпірімдер – мемлекеттің 
болашақ толыққанды иегерлері болғандықтан, олардың дене тәрбиесінің, дене 
тәрбиесі мәдениетінің, денсаулығының мықты болуы Қазақстан Республикасы 
қауіпсіздігінің факторы ретінде зор маңызға ие болады. 
 Қазақстан Республикасының бастауыш білім беру жүйесін жаңаша 
бағытта дамыту барысында балалардың дене тәрбиесіне үлкен назар 
аударылып отыр. Қоғамдағы болып жатқан игі өзгерістер қазақстандықтардың 
дүниетанымына, білім алуы мен мәдениетіне, рухани жаңғыруына, оның ішінде 
бастауыш мектеп оқушыларының дене тәрбиесін ұйымдастыруға байланысты 
оң нәтижелерге қол жеткізуде. 
Еліміздегі 
білім 
беру 
саласын 
дамытуға 
арналған 
Қазақстан 
Республикасының «Білім туралы» Заңы [1], Бастауыш білім берудің 
мемлекеттік жалпыға міндетті стандартында [2] оқушыны жеке тұлға ретінде 
қалыптастыру, оның жеке қабілеттерін, оқу ісіндегі оң мотивациясы мен 
іскерлігін дамыту, білім мазмұнын жетілдіру мәселелері басты міндеттер 
қатарына қойылған.
Елбасы Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан – 2050» Стратегиясы қалыптасқан 
мемлекеттің жаңа саяси бағыты» Жолдауында: «Дене шынықтыру мен спорт 
мемлекеттің айрықша назарында болуы тиіс. Нақ сол салауатты өмір салты ұлт 
денсаулығының кілті болып саналады. Алайда елде барлығы үшін қолжетімді 
спорт нысандары, спорт құрал-жабдықтары жетіспейді. Осыған байланысты 
Үкімет және жергілікті органдар дене шынықтыруды, бұқаралық спортты 
дамыту және типтік жобадағы денешынықтыру-сауықтыру нысандары, соның 
ішінде, аула нысандары құрылысы бойынша шаралар қабылдау қажет. Бұл 
жұмысты келесі жылы-ақ бастау керек» [3], – деп көрсеткен. Бұл өз кезегінде 
ағзаның дамуына ықпал ететін жалпы дамыту жаттығулары арқылы бастауыш 
сынып оқушыларының өзбетімен орындау дағдыларын дамыту мәселесінің 
өзектілігін арттырады. Себебі бастауыш мектепте қалыптасқан жақсы дене 
тәрбиесі балалардың жалпы дамып-жетілуінің негізін құрайды. Жалпы дамыту 
жаттығулары негізінде бастауыш сынып оқушыларының координациясын, 
икемділігін, дененің тепе-теңдігін сақтауын, дәлдігін, кеңістік пен уақыт 
бағдарын қалыптастыру мүмкін болады. Демек оқушылардың жалпы дамыту 
жаттығуларын өз бетімен орындауға дағдылануы үшін дене тәрбиесі мәдениеті 
мен ақыл-ой мәдениетінің өзара ұштасуы мәселесін шешуге мақсатты түрде 
келу қажет.
Бастауыш мектептегі дене тәрбиесі жүйесі – оқушылардың денсаулығын 
нығайтуға және физикалық жан-жақты дене тәрбиесін қалыптастыруға 
бағытталған оқу-тәрбие мақсаттарының, міндеттерінің, құралдарының, әдіс-
тәсілдері мен формаларының біртұтас болмысы. 
Бастауыш сатыда білім алған оқушыдан «Дене шынықтыру» білім беру 
саласы бойынша стандартта көрсетілгендей, күтілетін нәтижелердің шынайы 
жетістікке айналуы үшін пәнді оқытуды заманауи педагогикалық 



технологиялар негізінде ұйымдастырудың орны үлкен. «Дене шынықтыру» 
пәнін бастауыш сыныптарда толық меңгерген оқушы ағзаның дамуына ықпал 
ететін негізгі дене шынықтыру жаттығуларын білетін болады. Ол 
жаттығулардың орындалу әдіс-тәсілдерін, талаптарын, орындау техникасын 
игерген оқушы оны сабақтан тыс уақытта өзбетімен орындауға дағдылануы 
міндетті. 
Дене шынықтыру сабақтарының жалпы дамыту жаттығулары негізінде 
өткізілуі пәннің сапалы нәтижеге қол жеткізуіне сенімді тірек болып табылады. 
Жалпы 
дамыту 
жаттығулары 
арқылы 
оқушылар 
өз 
қабілеттерін 
шығармашылықпен қолдануға, сөйтіп өзбетімен жаттығулар орындауға 
саналылықпен дағдыланады [4]. 
Аталған мәселе қарастырылған еңбектерге талдау жасау барысында дене 
тәрбиесінің түркілік дәстүрі жөніндегі ақпараттарды Геродоттың еңбектерінде, 
«Жібек жолы» туралы тарихи еңбектерден, Али Абу Ибн Сина еңбектерінде, 
Әлішер Навоидің еңбектерінде, Махмұт Қашқаридің, Жүсіп Баласағұнидің, Абу 
Райхан Бирунидің түркі халықтарының тарихы мен тұрмысы, мәдениетін
зерттеген, сипаттаған еңбектерінен көре аламыз [5]. 
Қазақ даласының ұлы ғұламасы, әлемнің Екінші Ұстазы Әбу Насыр Әл- 
Фарабидің еңбектерінде [6] дене тәрбиесінің көкейтесті мәселелері кеңінен 
қарастырылған. Әл Фарабидің салауатты өмір салтын ұстану мен денсаулық 
сақтау мәдениетін қалыптастыру туралы көзқарастарының күні бүгінге дейін 
құндылығы жоғары. 
Отандық ғалымдардың, жақын және алыс шетелдік ғалымдардың 
зерттеулерінде жалпы дене тәрбиесі мәселесінің түрлі бағыттарда 
қарастырылғаны анықталды. Оларды төмендегіше жіктеп қарастырдық: 
– дене тәрбиесі арқылы оқушы жастарды шынықтыру, жалпы орта 
мектепте оқушылардың дене мәдениетін қалыптастыру, дене тәрбиесі 
үдерісінде оқушылардың жас ерекшеліктерін ескеру мәселесін теориялық 
тұрғыдан негіздеу Е. Уақбаев [7], С. Тойжанов [8], Қ.І. Адамбеков [9], А.Ө. 
Аяшов [10], З.И. Кузнецов [11], М.Б. Сапарбаев [12], А.С. Жұманова [13], Б.У. 
Алимханов [14], Ә.Ж. Тастанов [15], Б.З. Абусейтов [16], Ж.Л. Садықова [17] 
және т.б.
– мектеп жасындағы оқушылардың жеке спорт түрінен қозғалыс 
дағдыларын тәрбиелеу мәселесі Б.Қ. Қаражанов [18], Т.А. Ботағариев [19] 
және т.б.; 
– дене тәрбиесінің бала денесінің үйлесімді дамуына, денсаулық пен 
тәуліктік қозғалыс белсенділігіне оң әсері мәселесі А.Т. Хан [20], Т.Ш. 
Қуанышев [21] және т.б.; 
– жалпы білім беретін мектептің алғашқы сатысы бастауыш мектеп 
оқушыларының дене тәрбиесін қалыптастыру мәселесі М.Т. Танекеев [22], 
Ж.М. Төлегенов [23], Б. Төтенаев [24], Е.С. Сағындықов [25], Х.Ф.
Анарқұлов [26], Б.А. Тойлыбаев [27].
– бастауыш сыныптың дене шынықтыру сабақтарында жалпы дамыту 
жаттығуларын орындату және өз бетімен орындату әдістемесі туралы С.А. 



Бикбулатова [28], В.В. Леденев, А.И. Орехов, М.А. Самофаловалар [29] 
қарастырады.
Жоғарыдағы ғалымдардың еңбегіне және осы бағыттағы практикалық 
ізденістерді талдау нәтижелеріне сүйене отырып, бастауыш сынып 
оқушыларының өзбетімен орындау дағдыларын қалыптастырудың теориялық-
әдіснамалық және әдістемелік негіздерін анықтау заманауи уақыт қойып 
отырған талаптардың үдесінен шығуға тірек болады. Өйткені жалпы дамыту 
жаттығулары арқылы бастауыш сынып оқушыларының өзбетімен орындау 
дағдыларын дамыту мәселесі күн тәртібіндегі маңызды мәселенің бірі болып 
табылады.
Зерттеу барысы жалпы дамыту жаттығулары арқылы бастауыш сынып 
оқушыларының өзбетімен орындау дағдыларын дамытуды сапалы деңгейге 
жеткізу үшін шешілуін күтетін бірқатар қарама-қайшылықтарды айқындады:
– жалпы дамыту жаттығулары арқылы бастауыш сынып оқушыларының 
өзбетімен орындау дағдыларын дамытудың қажеттілігі мен оның қазіргі оқыту 
жүйесіндегі әдістемелік қамтамасыз етілмеуінің арасындағы;
– болашақ бастауыш сынып мұғалімдерін дене шынықтыру пәнін 
жүргізуге дайындау жүйесі мен олардың жалпы дамыту жаттығулары арқылы 
бастауыш сынып оқушыларының өзбетімен орындау дағдыларын дамыту 
әдістемесіне дайындалмауы арасындағы;
– арнайы зерттеліп, әзірленген оқу-әдістемелік жүйенің мол мүмкіндіктері 
мен дене шынықтыру пәнінің қамтамасыз етілмеуінің арасындағы. Зерттеу 
барысында анықталған қарама-қайшылықтардың 
шешімін табу зерттеу 
тақырыбын: «Жалпы дамыту жаттығулары арқылы бастауыш сынып 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   75




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет