Microsoft Word Хабаршы№2 2011(2)


Абай институтының хабаршысы. № 2(8) 2011



Pdf көрінісі
бет11/133
Дата18.10.2023
өлшемі4.03 Mb.
#480964
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   133
Abai habarshysy 2(8) 2011(2)

 
Абай институтының хабаршысы. № 2(8) 2011 

рыққан өзекті мəселе мəнінде күн тəртібіне 
қойыла бермеді. 
Қазақтың байырғы, əу бастағы өлең түр-
лері туралы сөз қозғауында, зер салып қара-
ғанда, Шоқан Уəлихановтан бері қарай бел 
ортасында Сəбит Мұқанов тұрып, Зəки 
Ахметов тоқтамын айтқан құнды қисын, 
құнарлы негізге құлаған айқын таным жатыр.
Қазақ өлеңінің теориялық мəселелері 
Ахмет Байтұрсынұлының «Əдебиет таныт-
қышында» сол дəуір ауқымындағы дерек, 
дəйек деңгейінде мейлінше молынан қам-
тылып, көркемдік танымға тартылды. Осында 
Ахмет Байтұрсынұлы Абай поэзиясының түр 
үлгілеріне қатысты да нақтылы сөзге барып 
отырды. Ілгеріде «Қазақтың бас ақыны» мақа-
ласында Абайдағы өлең үлгілеріне орай 
тарқатып айтпағанымен, түйіндей сөйлеген 
мынадай бір тұжырым бар: 
«Бұлардың үстіне, Абай көсем, үлгі 
шығарып, өнеге жайған болған. Абайда өлең 
сөздің неше түрлі үлгісі, өрнегі табылады. Ол 
өрнектерді ойдан шығармай, орыстан алса да, 
орыс өлеңдерінің өрнектері қазақ тіліне 
жарайтындығын бастап көрсеткені де зор 
көсемдік» [1, 219]. 
1954 жылы Бейсенбай Кенжебаев мəселеге 
назар салып, «Қазақ өлеңінің құрылысы» атты 
зерттеуінде қазақ өлеңінің бұл өзекті жайында, 
мəселенің қойылымында Абай өлеңінің құры-
лысына аса мəн берілуі керектігін қадап айтып 
көрсетеді. 
«Қазақ халқының бұрын-соңды əдебие-
тінің əлі зерттелмеген, шешілмеген, тың, проб-
лемалық мəселелері өте көп. Солардың бірі, 
күрделісі – қазақ өлеңінің құрылысы деуге 
болады. 
Қазақ өлеңінің құрылысы туралы сөз 
еткенде оны мынадай кезеңде бөліп тексерген 
жөн: 1) қазақтың ертедегі өлеңінің құрылысы; 
2) Абай өлеңдерінің құрылысы; 3) Абайдан 
кейінгі қазақ өлеңінің құрылысы» [2, 85].
Бейсенбай Кенжебаев Абайдың алдын-
дағы қазақ өлең құрылысына тоқталмас бұрын 
осы бағыттағы қорытынды пікірлерге назар 
аударады. Осында ғалымның ол тоқтамдарға 
белгілі бір дəрежеде сын көзбен қарағаны 
көрінеді. «Қазақ өлеңі буын, бунақ саны, 
ұйқасы бəрі бірдей, дəлме-дəл болып келеді; 
онсыз өлең болмайды десті» деп, осы түйінге 
соншалықты келісе бермейтінін сездіреді. 
Əрі қарай ғалым нақтылы бір мəсе-ледегі 
өзінің үзілді-кесілді пікірін нақпа-нақ айтады. 
«Екінші, қазақтың ертедегі, Абайға дейінгі 
өлеңі екі-ақ түрлі болады. Оның бірі – төрт 
тармақты, он бір буынды, ақсақ ұйқасты қара 
өлең, екіншісі – тармағы, ұйқасы айнымалы, 
жеті буынды жыр дегенді айтты. Мы-салы, 
Сəбит Мұқанов Абай шығармалары толық 
жинағының 1939 жылы басылуына да, 1945 
жылы басылуына да жазған сөзбасында: 
«Абайға дейінгі қазақ өлеңдерінде екі-ақ түр 
болушы еді: төрт жолды, əр жолы 11 буынды, 
үйлесі ааба боп келетін қара өлең, үйлесінде 
белгілі өлшеу жоқ, жолдары 7 буынды боп 
отыратын жыр», – деп жазды. 
Біздің байқауымызша, соңғы қорытынды – 
байыбына жетпей айтылған ұшқары, үстірт, 
тіпті қате қорытынды. Дұрысында, қазақ 
халқының ертедегі, Абайға дейінгі өлеңі бір-
неше түрлі болған», – деп келіп, Б.Кенжебаев 
11 буынды қара өлеңнің көп тар-мақтылығына 
мысал келтіреді. Содан кейін мынадай 
тұжырым жасайды: «Демек, 1) қазақтың 
ертедегі, Абайға дейінгі қара өлеңі төрт тар-
мақты ғана болмай, көп тармақты да болып 
келеді, 2) қазақтың ертедегі, Абайдан бұрынғы 
қара өлеңі, тек ақсақ ұйқасты ғана болып 
келмей, егіз, ерікті ұйқасты да болып келеді» 
[2, 87].
Осы зерттеуінде Бейсенбай Кенжебаев 
өзінің дəлел-дəйегін Шоқан Уəлихановқа 
жүгіне отырып бекіте түскен. 
Біздіңше, əдебиет тарихының аса білгірі 
Бейсенбай Кенжебаев осы тұста Шо-қан Уə-
лиханов қадап, мəн беріп айтқан мəселені 
ескере қоймаған. Шоқан өлеңнің қасиетін 
ашып айтпаған деген пікір – Бейсенбай Кенже-
баевтың өз пікірі.
Қазірде, қазақ өлеңінің тарихына қатысты 
арғы 
негіздер, 
ХІХ 
ғасырдағы 
əдеби 
ықпалдастық мəселелері қозғалып, ой қоры-
тылып, белгілі бір нəтижелер туып, келешек 
зерттеу бағыттары айқындала түсіп отырған 
кезеңде Шоқан Уəлиханов жүйесіне нақтылы 
əдеби, тарихи факт есебінде, бары мен жоғын 
қайта бір пайымдап отыру өресінде, Шоқан 
Уəлихановтың 5 түр – «өлең» тұрғысындағы 
дерек, дəйегі қазақ өлеңінің құрылысы, тарихы 
бағытында аса маңызды пікір. 
Біздің бұл тұста қазақ өлеңінің байырғы 
түріне қатысты сөз қозғап отырған-дықтан, 
осыған байланысты өлең теоретигі Зəки 
Ахметовтің қисындарына назар салдық. Өлең 
сөздің ерекшелігі, жасалу заңдылығы, құры-
лым жүйесі, өрнек өлшемі, тіл кестесі туралы
терең пайымдаулармен тұтасқан «Өлең 
сөздің теориясы» еңбегінде Зəки Ахметов 
мына бір жайға назар аударуында (Сəбит 
Мұқановтың қазақта бұрын 11 буынды қара 
өлең мен 7 буынды жыр түрі ғана болған деген 
ойымен үндес – Қ.М.) теориялық тоқтамға 
баруында бұл мəселеге түбегейлі, тұғырлы 
тұрғыда қарап сөйлейді (мұнда ХХ ғасырдағы 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   133




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет