Microsoft Word Хабаршы№2 2011(2)


Абай институтының хабаршысы. № 2(8) 2011



Pdf көрінісі
бет10/133
Дата18.10.2023
өлшемі4.03 Mb.
#480964
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   133
Abai habarshysy 2(8) 2011(2)

 
Абай институтының хабаршысы. № 2(8) 2011 

Абайдан ілгерідегі өлең түрлері мен поэти-
калық тəсілдерді тұтастай нысанаға алып оты-
рып қазақ өлең тарихы мен теориясының ғы-
лыми нəтижелері ауқымындағы жинақтау 
мəнді нақтылы пайымдаулар қажет. 
Абайтану тарихында Абайдың өлең түрі 
тұрғысында бір ғасырдан астам уақыт қарас-
тырылып келе жатқан арнайы сала бола тұра, 
қазіргі кезеңде осы мəселенің абайтанудағы 
өзекті жайлардың бірі болып қалып отыр-
ғандығы белгілі. Мұндағы түрлі себептердің 
жай-жапсары абайтану мəселелерін ғылыми 
негізде зерделеген белгілі ғалымдардың еңбек-
терінде айтылып, қамтылып отырды. 
Дегенмен де, айқындай түсуді, нақ-тылай 
түсуді қажет етіп отырған, қайсыбір құнды 
болжам, зерттеулерді ғылыми айна-лымға қо-
судағы ынта-ықыластың кемдігінен қазақ 
өлеңінің даму тарихындағы елеулі мəндердің 
қағаберістеу қалып отырған да жайлары бар. 
Абайдың өлең түрлеріне қатысты қазір-де 
ауызша поэзия үлгісіндегі, ортағасырлық түрік 
поэзиясы өлшемдері, ұйқас ерекшелігі тү-
ріндегі, халық ауыз əдебиеті үлгісіндегі жəне 
орыс поэзиясын аудару үдерісіндегі ықпал-
дастық негізде шығарылған туындылары деп 
жүйелеп бөліп қарастырудың да қажеттілігі 
байқалып отыр. Осы негізде Абайдың дəстүрге 
бару, дəстүрден алу, дəстүрді жаңғыртып 
ұқсату шеберлік тəсілдерінің əлі де жұмбақтау 
қалып келе жатқан қырлары, ақындық өсу, ке-
мелдену үдерісіндегі айқын белгілер нақ-
тылана түсер еді. 
Ілгеріден бері Абайдың өлең құрылысы, 
Абайдағы өлең түрі туралы нақтылы нəтиже-
лерді назарға ала отырып, кезеңінде тасалап 
қана қылаң берген арғы жағы мығым ойларды 
оята отырып, кəнігі өлең білгірлерінің, өлең-
танушы мамандардың теориялық танымын-
дағы мызғымас негіздерді тұғыр ете отырып 
қайта бір айналып соғып, Абай поэзиясының 
өлеңдік болмыс құпиясын ендігі мүмкіндіктер 
ауқымында жəне бір саралаудың нəтижесінде 
жалпы қазақ өлең тарихындағы қазірде де то-
лық жүйеленіп болмаған, негізделіп аяқ-
талмаған аса елеулі заңдылықтар мен құбы-
лыстарға да қаныға түсер едік. 
Бұл мəселеде пісуі жетіп, түсіруді күтіп 
жатқан фактілер, сəл ден қойсақ айқара ашы-
лып кетейін деп тұрған құпиялар жетерлік. 
Заманында бар дүниемізді басқалар түгендеп 
бергендей шалықтап, алысқа алақтаған күн-
деріміз болды. Өзегімізде жатқан өзіндік бол-
мысымызды өзгенің қалпына түсіруге ын-
тығып өзеуреуге де мəжбүр етті. Көкірек көзі 
ояу көсем ұлдарының айтқанына халықты 
иландырмаудың көп амалы жасалды.
Халықтың мыңсан құрсауға түскен аза-
маттық тарихының қасіреті қазақ əдебиетінің 
тарихын түзу, дəуірлеу, теориялық тұрғыдан 
қисындау сияқты ұлттық бітіммен астасып 
жатқан аса қастерлі қымбат мұрасының 
таралу, танылуында да қалды.
Тəуелсіздік кезең əдебиеттануы баяу бап-
пен алыстан шалып, ауқымымен қамтып талай 
дүниені еңсеріп, игеріп келе жатқан қалыпта. 
Қазақ əдебиеттану ғылымында дəуірлік зерт-
теу мəселелерін тұтасымен жалпыадамзаттық 
көркемдік таным, игіліктер өрісіне көтеріп 
шығатын əлует бар. 
Соңғы жиырма жыл ішінде ұлттық тұғы-
рымыздағы мызғымас бүтін бітім (З.Қабдолов 
– Қ.М.) – Абай əлеміне əр тарап-ан жаңадан 
бір бас қойып, қайнарынан қанып ішуге тағы 
бір ынтығып, ынта көрсетіп отырған үрдісіміз 
бар. 
Абайдағы зарзамандық арқау, қоғамдық-
əлеуметтік ақиқат, айтушы мен тыңдаушы, дін, 
дүниетаным, кемелдік ұстанымдары, дəс-түр, 
Абай шығармашылығының жанрлық ар-
қаулары, Абай аудармаларының шығарма-
шылық əлеуеті, т.б. жан-жақты зерттеліп, 
зерделенуде. Абайдың туысы мен өміріне, 
абайтанудың қилы тарихына да ден қоюдамыз. 
Соның барлығы да, ең əуелі, негізінен, Абай-
дың өлеңіне, ақындық əлеміне барып соғып 
айтылатын қисындар, жасалатын тоқтамдар. 
Осы ыңғайда, əрине, Абай поэзиясы түр, 
құрылым, өлшем, тілдік құрам, сөз айшықтау, 
сөзжасам, т.б. тұрғысында қамтылып отырады. 
Дегенмен де, өкінішке орай, қазіргі абай-
тануда, қазіргі қазақ əдебиеттану ғылымында 
абайтанудағы əу бастан күн тəртібіне қойы-
лып, А.Байтұрсынұлы, М.Əуезов, І.Жан-
сүгіров, Ғ.Сағди, Ғ.Тоғжанов, Қ.Жұбанов, 
Б.Кенжебаев, С.Мұқанов, Қ.Жұмалиев, Ə.Қо-
ңыратбаев, З.Ахметов, З.Қабдолов, М.Мырзах-
метов, т.б. ондаған зерттеушілер ден қойған 
Абай өлеңін теориялық негізде тану, тарихи 
тұрғыдан бағалау мəселелері арнайы зерттеу-
лерге тартылыңқырамай, қағаберіс қалып ке-
леді. 
ХХ ғасырдың өн бойында абайтану ілімі 
бұл мəселені мейлінше зерделеді. Сол негізде 
қазақ өлеңінің жаратылыс-болмысына да бой-
латып отырған елеулі-елеулі байлам-бол-
жамдар да жасалған. Ірі əдебиет қисын-
шылары, ірі əдебиет тарихшыларының қазақ 
өлең құрылысы, өлең тарихындағы негізгі 
өлшем, үлгілер туралы жасаған аса айқын, 
нақты ғылыми байламдары тек саяси ахуал 
зардабынан ғана емес, сол кезеңнің зерттеу 
мүмкіндіктері, əдеби мұраның тұтастай игеріле 
қоймау себептерінен де шиыршық атып, ши-




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   133




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет