64
м). Ескерткіш формасы «Т» әрпі тәріздес, шығыстан
батысқа қарай созыла
орналасқан. Қалашықтың шығыс бөлігі батысына қарағанда кеңірек болып
келеді және сыртқы қорғаныс қабырғасы да осы бөлікте жақсы сақталған
[107, 113-117; 108, 11-15; 109, 100-115].
Бұл қалашықтан оғыздардың резиденциясы болғандығын жазба
деректерден байқаймыз.
Жанкент туралы мәліметтер ІХ-Х ғғ.
өмір ортағасырлық араб
тарихшысы әл-Идрисиде кездеседі. Сырдарияның төменгі ағысы бойын
сиппатай келе «оғыздардың қалалары өте көп, олар солтүстікке және
шығысқа қарай бірінен кейін бірі жалғасып жатыр» деп жазады.
Жинақталған материал негізінде қала халқы кешенді шаруашылықпен
–жер
өңдеумен,
мал
шаруашылығымен
және
балық
аулаумен
айналысқандығы,
Хорезм
мәдени-шаруашылық
тығыз
байланыста
болғандығы және қалашықтың оғыздарға тиеслі екендігі туралы айтылады.
2014 жылдан қазіргі уақытқа
дейін Қызылорда облыс әкімі
Қ.Е.Көшербаетың қолдауымен Жанкент қаласын туристік орталыққа
айналдыру мақсатымен, бірнеше археологиялық қазба жұмыстары жүргізіліп
келеді.
Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті
«Археология және этнография» ғылыми зерттеу орталығының жүргізілген
зертттеулер нәтижесінде көптеген мақалалар жарық көрген.
Жанкент қаласында жүргізілген археологиялық зерттеулер кезінде
құмыралар, ұршықтар, наным-сенім дәстүрлерінде
пайдаланылған қошқар
бейнесіндегі керамикалық туындылар табылды.
Жанкент қаласы Ұлы жібек жолының бойында ортағасырларда
дамыған қала ретінде, әрі Түркі ұлыстарының орталығы ретінде киелі жерлер
қатарына кіреді. Қазіргі таңда Жанкент қалашығында археологиялық зерттеу
жұмыстары өз жалғасын тауып, болашақта аспан асты мұражайға айналдыру
жұмыстары қолға алынып жатыр.
Күйік қала қалашығы – тіктөртбұрыш формалы, көлемі 45х290 м
болатын үлкен қала жұрты. Қаланың солтүстік қабырғасының орта шенінде
көлемі 50х50 м цитадель орналасқан. Қала ені 10 м-ге жуық аса терең емес
ормен қоршалған [ 110, 394-310 бет; 111, 11-13 бет; 112, 29-33 бет].
Достарыңызбен бөлісу: