«тарих» кафедрасы



Pdf көрінісі
бет23/38
Дата23.10.2023
өлшемі3.11 Mb.
#481446
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   38
Каналхан Е.Г. 2022 сонгы вариант (1)

Ахмет қала қалашығы б.з.д. I мыңжылдықтың.аяғы – б.з IX ғ. 
Қызылорда облысы Жалағаш ауданынан батысқа қарай 32 шақырым жерде 
орналасқан.Қалашықты 1962 жылы ХАЭЭ-ның барлау отряды (Б.В 
Андрианов) ашқан Қамал көпбұрышты. Қалашықтың жоғарғы алаңның 
өлшемі 70х50 м жер бетініен биіктігі 13-15 м, оны үш жағыныан алаңқай 
қоршап тұр [27, с.45 ]. 
Ақ қала қалашығы Қызылорда облысы, Жосалы стансасынан оңтүстік 
шығысқа қарай 44 шақырым, Құмарал ауылнан батысқа қарай 22,5 шақырым 
жерде орналасқан. Қалашықты ХАЭЭ-ның барлау отряды (Б.В. Андрианов) 
ашып зерттеген. Қамал дамыған фортификациясы бар және бекініс 
қабырғасының іші құрылыстарға толы үш қаббаты төбе түрінде болып 
келген. Жоғарағы қаббатың аумағы 25х20м, биіктігі 10 м. Одан басқа бұл 
қабат солтүстік жағынан жалпы ауданы 50х30 м болатын екінші алаңмен 
(биіктігі6-8 м) құрсауланған. Ішкі қамалға кіретін қақпа оңтүстік-шығыс 
жағында болса керек. Шаршы пішінді болып келген төменгі үшінші 
қаббатының аумағы 120х120 м, биіктігі 2-3 м және ол орталық алаң болып 
табылады. Қалашықта керамика заттары көптеп табылып отыр [20, с.65 ]. 
Үнгірлі-acap қалашығы Қызылорда облысы Жалағаш ауданынан 
батысқа қарай 32 шақырым жерде орналасқан. Қалашық 1962 жылы ХАЭЭ-
ның барлау отряды (Б.В Андрианов) ашып зерттеген. Бекіністермен жақсы 
қоршалған ішінде тұрғын үйлер жайлар орналасқан. Қалашықтың казіргі жер 
қабатынан 7-9 м, биіктікте орналсқан. Қалашық жалпы көлемі 120х100м, 
ұзындығы 3-5 м, биіктігі 4-6 м қалашықа кіретін қақпасы батыс беткейінде. 
Енді мерзімдемесін қойу мақсатында бұл қалашықтың керамика 
материалдарына кешенді өңдеу жүргізілді, Л.М. Левинаның пайымдауынша 
қалашық б.з д I мыңжылдықпен IV б.з. IV ғғ. мерзімделеді [28,37-38 бет]. 
Құмарал acap қалашығы б.з.д I мыңжылдықтың.аяғы – б.з. IX ғ. 
Қызылорда облысы, Жалағаш ауданынан батысқа қарай 14,5 шақырым жерде 
орналасқан. Қалашықты 1980 жылы ХАЭЭ (Л.М. Левина) ашып зерттеген. 
Қамал жоспарында бесбұрышты аумағы 60х60 м. жер бетінен биіктігі 7-9 м. 
Сыртқы қабырғаларының ені 3-4 м. қалашықтың ішкі биіктігі 1,5м. Қамалға 
кіретін қақпа оңтүстік бөлігінде орналасқан. 
Осы жоғарыда аталып отқан қалалар ХАЭЭ-сы тарапынан барлау 
жұмыстары кезінде ашылып есепке алынды. Ал кейбір қалаларында Алтын 
acap, Томпақ acap, Жeтiacap №9 қалаларында кешенді қазба жұмыстары 
жүргізіліп осы мәдениеттің өмір сүру кезеңдері анықталды. Осы қалалардан 
табылған қыш ыдыстар кешенің мерзімделуін қарастырған жоғарыда атап 
өткендей Л.М.Левинаның 1971 жылы жарық көрген Керамика нижней и 
средней Сырдарьй атты еңбегінде анық көрсетіп берген. Осы еңбегінде 


60 
Алтын асар қаласында жүргізілген қазба жұмыстарынан алынған қыш 
ыдыстарына талдау жасаған. Жетіасар қалаларына барлау жұмыстарының 
барысында табылған ыдыстарға қарап мерзімін анықтаған. Жeтiacap шатқалы 
белгілі болғандай жүз мыңға жуық қорғандар бар. Бұл қалашықтар Жeтiacap 
шатқалында орналасқан кейін бір мәденитеке топтастырып Жeтiacap 
мәдениеті деген атау берілді. Бұл Жeтiacap мәдениетінің орналасуы 
территориясы солтүстікке қарай, шығысқа қарай оңтүстік қарай созылған. 
Жетіасар мәдениетін ашылған кейін ғылыми айналымға С.П.Толстов пен 
Л.М.Левина еңбектерінде жарияланып келді. 1946-1991 аралығындағы 
жүргізілген қазба жұмыстарының қорытындылары көп томдық еңбек болып 
шығарылды.
1996 жылы Л.М.Левина «Этнокультурная история Восточного 
Приаралья 
І 
тысячлетия 
до 
н.э.–1тысячелетие 
н.э» 
докторлық 
диссертациясын қорғады.
Бірінші бөлімінде Жетіасар қалаларында толықтай тоқталып орналасу 
аймағын 
көрсеткен. 
Қалаларда 
жүргізілген 
қазба 
жұмыстары, 
құрылыстарына талдау жүргізіген. Оның ішіндегі Алтын асар мен Томпақ 
асар қалаларындағы қазба жұмыстары нәтижелері берілген. 
Екінші бөлімінде Жетіасар қалаларының маңындағы обаларында 
жүргізілген қазба жұмыстары. Жерлеу ғұрпына ондағы табылған заттарға 
талдау жасаған. 
Үшінші бөлімінде Материалдық мәдениеті оның ішіндегі қыш ыдыстар 
жинтығы, еңбек құралдары, қару жарақтары, киім-кешектері, талдау 
жасалған.
Алғашқы Жeтiacap ескерткіштерінде кешенді археологиялық қазба 
зерттеу жұмыстары 1946 жылы Xopeзм археологиялық этнографиялық 
экспедециясы (жетекшісі С.П. Толстов) тарапынан жүргізілді. Жоғарыда
айтылған бұл экспедециясыны Л.М. Левина Жeтiacap шатқалында 1991 
жылдарға дейінгі зерттеулер барысында бұл мәдениет жайлы жиналған
археологиялық деректер өңделіп ғылыми еңбектер жазылып отырды[38].
Жeтiacap кешенінің керамикаларын Т.Н. Сенигованың «Керамика 
городища Алтын acap. Опыт хронологической периодиазции, построенный 
на материалах Xopeзмской экспедеций Академии наук СССР 1946–1951 гг.» 
атты кандидаттық диссертациясы жазылған болатын. Автор Сыpдaрияның 
төменгі ағысы Жeтiacap шатқалы Алтын acap қаласының керамиканың 
техникалық ерекшеліктері жайлы жазады. Ғалымның пайымдаулары 
толықтырып осы мәселеге қатысты көлемді мақаласын жариялады. «К 
изучению технических особеностей керамики низовьев Сырдарьи » 
мақаласында Алтын acap материалдарына сүйене отырып, зерттеуші қыш 
ыдыстар жасауға пайдаланатын илеуге, қыш ыдыстар жасау техникасына, 
керамика бетін тегістеуге ою-өрнектің түсірлуіне, ыдыстардың бетін сылауға, 
күйдірлуне т.б сауалдарға жауап іздейді[40]. 
Жетасарлықтардың 
киім-кешектеріәдетте, 
мұндай 
өте 
көне 
ескерткіштерінде археологиялық қазба жұмыстарын жүргізуде киім-кешек 


61 
қалдықтары сақталмайды. Алайда, шөлдің құрғақ климатының арақасында, 
өкінішке орай, қазылған Жeтiacapлық қорған асты жер асты молаларының, 
және барлық кірпіш табыттарының 84,4% ерте кезеңде тоналғанына 
қарамастан, Жeтiacapлық жерлеу орындарынан біршама киім-кешек 
бөлшектері кездеседі. Қаңқалардың қалпына қарап, тонау жиі жерлегеннен 
кейін көп ұзамай болағандығын айтуға болады. Сөзсіз, тонаушылар кайда 
және нені тонау керек екендігі туралы жетік хабардар болған, сондықтан 
бағалы заттарды иемденген. Алайда тоналған жерлеу заттарының 
қалдықтары арасында біршама қызықты жеке керек-жарақтар, сәндік 
бұйымдар, киім-кешек болған. Жоғарыда айтылғандай, барлық Жeтiacapлық 
мәдениет үшін әртүрлі мерзімдік Жeтiacapлық, ал кейде, мүмкін, басқа 
этностарға жататын жерлеудің түрлі типтеріне, белгілі бір өлшемдер 
(нивелировка) және киім, мата, былғары, әшекей бұйымардың қайталауы тән. 
Табылған киім, бас киім маталарының бөліктері, аяқ киім және киім былғары 
бөліктері арнайы зерттеуден өтті [37, 185 бет].  
Қолөнер –ғасырлар бойы дамып, қалыптасып келе жатқан қастерлі 
өнер, атадан балаға мұра ретінде бізге жеткен дәстүрлі де халық 
шығармашылығының сарқылмас қайнар көзі. Қолөнер бұйымдары 
Жeтiacapлық қорғандардын жиі табылды. Олардың едәуір бөлігі домалақ 
немесе дөңгеленген қалыңдатылған кәріптасты, ақық тасты, сирек хрусталь 
немесе қола ірі моншақ-түймелер түрінде. Әдетте, тік қатарда 
орналастырылған, екі-үш ірі түймелер сақталған, бірақ 7-ден астам майда 
кәріптас түймелер де анықталды. Жерлеу орындарының бірінен табылған ірі 
кәріптасты түйме жұқа қола таспасымен оралған. Кейбір қорғандарда қола 
және сүйек ілмек түймелер, тірек түрінде ортасында ұстағышы бар, соңына 
қарай жіңішерген немесе қалыңдатылған конус немесе шар түріндегі 
аяқталған. Алтынacap 4л қорымының № 248 қорғанының бір ілмегі ұшына 
қарай аң (немесе жылан) бейнеленген бифигурлы (қосфигурлы) өрнектелген. 
Мұндай тірек тәрізді ілмектер, ұшына қарай жіңішке немесе қалыңдатылған 
темір дәуірінен бастап көптеген мәдениеттерде белгілі. Жeтiacapлық жерлеу 
орындарынан көйлек жеңінің сыртынан тағылған (тоналғал құрал-жабдықтар 
қалдықтарына қарай отырып) білезіктер, жиі жұпты болып келген. Табылған 
белезіктердің барлығы дерлік кесінді бөлігінде тұтас, қалыңдатылған-
сопақшалы. Томпакacap жерлеу орнының №27 қорғанының қыздың жерлеу 
орнынан табылған білезіктердің бірі жеті шығыңқы шыршалар оратылған 
тұтас 
құйылған 
білезік 
– 
зарубец, 
именьковский, 
пшеворской 
мәдениеттерінің есерткіштерінен белгілі білезіктер мен сақиналарға ұқсас 
болып келген. 
Л.М.Левинаның 1998 жылы жарық көрген «Приаралья в древности и 
средневековое» атты жинақттағы мақаласы «К истории исследований 
Хорезмской археолого–этнографической экспедеций» атты мақаласында 
Хорезм экспедециясының Сырдың төменгі ағысын зерттеудегі рөлі ондағы 
ашылып зерттелген ескерткіштер жайлы қысқаша баяндалған. Шығыс Арал 
маңында орналасқан ерте дәуірдің ескерткіштерін ашқан Хорезм 


62 
экспедециясының әр кезеңде жүргізілген зерттеулері, барлау жұмыстары 
толықай қамтылған. Әр кезеңде жарық көрген мақалалар мен 
монографияларға толықтай тоқталған. 
Жетіасар шатқалында жүргізілген зерттеулерді ерекше атап өтіп бұл 
мәдениеттің таралу аймағына қысқаша тоқталды. Жетіасар мәдениетін 
мекендеген тайпалардың өмір сүру кезеңі материалдық мәдениеті, жерлеу 
дәстүрі қарастырған. 
Қалаларды мекендеген халықтың шауашылығы кешенді сипатта 
болған. Яғни олар мал шаруашылығы, егіншілік және балық аулау мен 
аңшылықты қатар алып жүрген. Жетіасарлықтар табиғи ресурстарды 
барынша пайдалануға тырысқан. Егістік алқаптарды суландыру үшін 
жайылма суларды, малға азық ретінде қамыс шабындықтарды, ұсақ және ірі 
қаралар үшін маңайдағы құмды оазистерін, балық аулау үшін көптеген 
көлдер мен өзендердің шұңғылдарын пайдаланған. Мал шаруашылығында 
негізгі кәсіп ретінде ірі қараны ұстау басым болған. Сонымен қатар, 
егіншілік те басты шаруашылық түрі болып есептелген. Қуаңдария 
бассейнінің барлық аймағынан суландыру құрылыстарының іздері 
анықталған, барлық мәдени қабаттардан дән үгіткіштер мен диірмендер және 
көптеген тары мен бидай дәндері табылған. Осылардың барлығы егін 
шаруашылығының маңызды болғандығын айқындайды. Жетіасар алқабын 
мекендеген тұрақты емес тасыған өзендерді, су жайылған тоғандарды, көп 
еңбек жұмсау керек етілмейтін шағын суландыру жүйелерін пайдаланып
көлдете жайып суару түрі бойынша үлкен егістік алқаптарды игерген. 
Сырдарияның сағаларының барлығы шаруашылық мақсатында игеріленге
дейін ирелеңдеген суға толы арналары мен сансыз көлдері және батпақтары 
бар орасан зор аймақ түрінде болып келген. Б.з.д. І мыңжылдықтың
ортасында басталған Жаңадариядағы су ағысы Іңкардарияны қызмет 
атқарып тұрған арна жүйесінен толықтай айырған жоқ. 
Жетіасар шатқалындағы халықтың шатқалдың солтүстік-батыс, шығыс 
жағына көшу басталады. Ескідариялық арнасының орталығында орналасқан 
Алтын асар қолдан қазылған каналдармен өмір сүруін жалғыстырады. 
Төртінші стадияда б.з.д V-VII ғасырларда Жетіасар шатқалында басқа 
ұлттың ығысумен өзгерістер байқалады. Шығыс асарлар тобында б.з. V-VII 
ғасырдарда бұл асарларда құрылысында фортификасиясында көптеген 
өзгеріс байқалады. Ескідариялық арнасының қазіргі сырдария арнасына 
ығысуы Жетіасар шатқалының оңтүстік-батыс бос қалуын әсер етті. Яғни
б.з.д І мыңжылдықтың соңы б.з. VII ғасырларда Шығыс Арал маңында 
Қуаңдария Ескідариялық бассейіндерінде жетіасар мәдениетінің қалалары 
біресе гүлденіп,қолдан қазылған арықтардың егіншіліктің дамығандығы 
айқын көруге болады. Жетіасар халқының қалалардың жақсы 
дамығандығын көрсетеді арналардың тартылуына байланысты қоныс 
аударып отырған белгілі болды. 


63 
1946-1991 жылдар аралығындағы Хорезм экспедециясын тарапынан 
қазба жұмыстарымен ғана шектелмей Жетіасар мәдениеті жайлы ғылыми 
тұжырымдарын ғылыми айналымға енгізген. 
Келесі кезең ортағасырлар кезеңі ортағасырлар оғыз дәуірімен 
мерзімділеп отыр. 
Сырдарияның төменгі ағысы орта ғасырларда табиғи-экологиялық 
ахуалдың өзгеріске ұшырауы саяси-этникалық жағдайлар бұл ауданды мекен 
еткен тұрғындарының көшіп-қонуын, яғни аймақтың тарихи сипатының 
түбегейлі өзгеруіне әкелді. Ортағасырларда қайта суланған Іңкәрдария мен 
Жаңадария арнасына су қайтадан аға бастады [79, 206 бет]. Сырдарияның 
төменгі ағысындағы ортағасырлық қалаларды географиялық орналасу 
ерекшелігіне байланысты үш топқа бөліп қарастыруға болады: 
Қуаңдариялық, («батпақты қалалар»), Іңкәрдариялық және Жаңадариялық 
қалалар деп қарастыруға болады (сурет 10). 
ХХ ғасырдың 40-60 жылдары Хорезм археологиялық экспедициясының 
жетекшісі С.П.Толстов басқарумен Сырдарияның төменгі ағысында әуе 
барлау жұмыстары кезінеде көптеген ортағасырлық қалашықтар орындары 
ашылған [104, 32-40 бет]. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   38




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет