Қытай мәдениеті космостық ырғаққа, оның ырқына байланысты іс-
әрекетке шақырады, ӛйткені
адамның әрбір іс-әрекеті ,тіпті оның
шығармашылық қасиеттері де Аспанға, оның құдіретіне тікелей байланысты.
Қытай мәдениеті, қытай ӛнері даналық ӛмірлік қағидалар мен терең
философиялық идеяларды ӛз бойына сіңіре білген ӛзіндік бет-бейнесі бар
ерекше мәдениет. Қытай халқының мәдени
туындыларында адамзатты
қоршаған дүние әсемдігі мен табиғат үйлесімділігі тамаша кӛрініс тапқан.
Жер шарындағы қасиетті де, құдіретті мәдениеттердің бірі- Үнді
мемлекетінде қалыптасқан ӛркендеген үнді-будда мәдениеті.Үнді- будда
мәдениетіне тән қасиет дін мен философияның ӛзара тығыс байланыста
болып, ұштаса білуінде. Бұл туралы Гегель былай жазады: «Үнді
мәдениеті – жоғары дамыған
сан-салалы құдіретті мәденит, бірақ олардың
филрософиясы дінмен сабақтас, ӛзара тығыс байланыста болып
келеді.Философия ғылымы айналысатын мәселелерді діннен де кӛптеп
кездестіруге болады. Сондықтанда да болар, ведалар- діннің ғана негізі емес,
сонымен қатар философияның да негізі болып саналады».
Достарыңызбен бөлісу: